15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Әуедегі ұшақ»
Топ: І-сәбилер тобы
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты:
-үй жануарларымен таныстыру,жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы «Жануарлар қалай дыбыстайды?» сұрағына жауап беруге үйрету.
-жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
-ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:үй жануарлары бейнеленген сурет, ойыншықтар (сиыр, ат, қой, ботақан), үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбер,түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау,сөздік жұмыс.
Білім салаларының байланыстылығы: сөйлеуді дамыту,қатынас.
Сөздік жұмыс: сиыр – корова- cow, ат – лошадь- hors,қой-овца-sheep.
Әрекеттердің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық - қозғаушылық |
Алдымен қонақтармен амандасып алайық. Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Hello! Шаттық шеңбер: Аспан ашық,көгілдір Күн шуағын төгіп тұр! Қол ұстасқан біздерді, Тереземнен көріп тұр– деп, балаларға бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Балалардың көңілін суретке аударады.үй жануарларымен танысатыз. – Ат-лошадь-hors-құлын. Пайдасы-еті-қымызы-тамақ, терісі-киім,мінсе-көлік. -Сиыр-корова-сow-бұзау. Пайдасы-еті,сүті,май-тамақ, терісі-киім, қиы,науазы-отын. -Қой-овца-sheep-қошақан. Пайдасы-еті,сүті,май-тамақ, терісі,жүні-киім. –оларды адамдар бағады,шөп, жем, су береді, сауады,көптеген күтім жасайды. Видео көрсетіп дауыстарынтындату. |
Қонақтармен амандасу.
Балалар суретке көңіл аударады. Түсінуге тырысады.
Сұрақтарға жауап беруге талпынады.
Сипаттауға ұмтылады.
|
Ұйымдастырушылық ізденістер |
Осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды. -Ат «иһо-иһо-иһо» деп кісінейді -Сиыр «мө-мө-мө»деп мөңірейді. -Қой «мә-мә-мә» деп маңырайды. Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады. Сергіту сәті: Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр, Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып аламыз. Дидактикалық ойыны. 1.«Дауысынан таниды?» Үнтаспадағы үй жануарлардың дауысынан не екенін табады. |
Бірге қайталайды. Дауыстарын салады.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Үй жануарлардың аттарын атайды.
|
Рефлексиялық – түзетушілік |
Маңырайды, мөңірейді, кісінейді сөздерін айтқызып үйретеді.Смайлик беріп мадақтау.Барлықтарына көп-көп рахмет. Қонақтарымызға сау болыңыздар! |
Балалар түрлі дауыстар салып, жаттығып үйренеді. Сөздерді айтып үйренеді. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: үй жануарлардың аттарын.
Игереді: сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын.
Меңгереді: үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген