жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әуенді аспаптар әлемі
"Шағала" балабақшасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін қалыптастыру
Музыка жетекшісі
Амантау Айдана Арманқызы
Мазмұны.
Кіріспе.
I бөлім.
Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл
қазынасы қазақтың ұлттық саз аспаптары.
1.1. Аспаптардың шығу тарихы,жасалуы және қолданылуы
1.2. Қазақтың ұлттық саз аспаптарының түрлері.
II бөлімі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық
музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін
қалыптастыру.
2.1. Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің,
негізгі әдістері.
2.2. Балалар аспаптық ансамблімен жұмыс жүргізу әдістемесі, оқыту
бағдарламасы.
2.3. Қазақтың аспаптық дәстүрлі музыкасы-дидактикалық
ойындар арқылы жүзеге асырылады.
III бөлімі
3.1. Балалар аспаптық ансамбліндегі жүргізілетін тәрбие
жұмысы моделіне тұжырымдама.
3.2. Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: Сазды да, сырлы аспаптар.
Қолданылған әдебиеттер.
Алғы сөз
Еліміздің саяси және экономикалық дамуына сай жасалып жатқан инновациялық тым қадамдар білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Білім және ғылым қызметкерлерінің съезінде Елбасының өзі қатысып ғылым мен білімді дамытудың түйінді мәселелеріне талдау жасауында білім беруді жетілдіру, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды толығымен пайдалану сияқты маңызды мәселелерді көтерді.
Мұғалімнің кәсіби дайындығы оның қоғамдық саяси, арнаулы және педогогикалық-психологиялық терең жан-жақты білімді болуымен анықталады. Білімді үнемі толықтырып отыру,өз пәніңді жан-жақты игеру қазіргі мұғалімге қойылатын басты да нақты талап.
Қазіргі таңда білім шарттары бойынша балаларға музыкалық білім берудің мазмұны мен олардың музыкалық дамуы арасындағы байланысын, музыкадан сабақ беруді жаңарту үрдісінің тиімді критерийлерін жасаудағы ұмтылыс оқушыларға музыкалық білім беру әдістемесінің интеграциясы мен бағдарламалар нұсқаларында ерекше өзекті мәселе болып отыр.
Жалпы білім беретін мектептерде және балабақшалардағы әуесқой аспаптық ансамблдердің жұмысы оқушыларды әсемдік әлемге жетелеп оларға эстетикалық тәлім-тәрбие берудің бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады.
Мектепке дейінгі балаларға қазақ халқының бай мұралары, соның ішінде ғажайып әндері мен күйлерін, ата-бабамыздан келе жатқан көне ұлттық музыкалық аспаптар туралы кеңінен мағұлмат бере отырып, бала бойына сіңіре білу музыка жетекшісінің басты міндеттерінің бірі деп білемін.
Балалар ұлттық аспаптарымызда ойнай ортырып, әр аспаптың өзіндік ерекшеліктерін, дыбыс бояуын (тембр),орындалған әуеннің белгілі бір ырғағын (ритм) сезініп,өз бетінше есте сақтап анықтай біледі.
Музыка жетекшісінің тәрбие беруде басты мақсаты музыка өнері арқылы рухани бай,шығармашылығы мол халық өнерін өмірідің бейнесі ретінде түсініп оны сүйе білетін, халқымыздың әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, халық өнерін құрмет тұтатын, ұлттық көз қарасы кең дарынды да талантты жеке тұлға тәрбиелеу.
Зерттеу жұсыстарына сүйіне отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізетін құңды мұраларымызды іріктеп алып оқу-тәрбие ісіне қолдану алға қойған мақсатымыз.
Әдістемелік нұсқаудың құрылымдық ерекшелігі:
Әдістемелік нұсқауда ұлттық музыкалық аспаптар туралы мағұлматтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай ықшамдалып берілді. Бөлімдерде мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қаблетін қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісінде сирек қолданылатын және мүлдем қолданылмайтын қазақтың ұлттық саз аспаптары жайлы деректер ұсынылып отыр.
Әдістемелік нұсқаудың мақсаты: балалардың ұлттық көне музыкалық аспаптар жайлы түсініктерін кеңінен дамыта отырып, алғашқы ұлттық саз асапапта ойнауға үйрету.
Әдістемелік нұсқаудың міңдеті:
Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту.
Кіші топтарда балалардың ұрмалы және сілкімелі аспаптар: дауылпаз, шылдырмақ,тоқылдақ, қоңырау, сақпан,дабыл аспаптарында ойнау қабілетін қалыптастыру.
Ересек және мектепке дейінгі даярлық топтарда ұрмалы және үрмелі аспаптардың түрлерін меңгерте отырып,ұлттық аспаптар ансамблін ұйымдастыру.
Аспапта орындау шеберлігін қалыптастыру.
Әдістемелік нұсқаудың нәтижесі:
Музыкалық мәдени білімдері тереңдейді.
Өз халқаның музыкалық мұрасына эстетикалық ләззат ала біледі.
Балалар шығармаларды өздігінен орындауға үйренеді.
Кіріспе
Музыка-адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан да музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойналған әуенді сөзбен жектізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды.Өйткені"Музыка-жүрек тілі," яғни сезім,қобалжу көңіл-күйдің тілінен ұққан жөн.Музыка шынайы өнер,адамға зор әсер етіп,құдіреттің эмоциялық орасан зор күші арқылы эстетикалық талғамын оятады.
Музыканы тыңдау арқылы балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады.Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы балалардың ой-өрісін, сезімін,киімін,талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.
Балабақшадағы балаларға берілетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада-дыбыс, суретте-бояу, тіл дамытуда-сөз арқылы жасалынған. Көркем бейнелер негізінде баланың дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығымен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Музыка сабағында балаларды музыка өнеріне баулу, олардың әсем сезімдерінің тәрбиеленуіне көз қарастары мен сенімдерінің қалыптасуына себебін тигізеді.
Балабақшада іс - әрекет ретінде музыка сабағы біріншіден өнер сабағы деп аталады.Музыка сабағында балалар ән салу саз аспаптарында ойнау, музыка тыңдау тәрізді іс-әрекетпен айналысады.Музыка сабағының өзіндік ерекшеліктері бар. Сонымен қатар мектеп пәні ретінде басқа сабақтармен ұқсастығы да бар.
біріншіден, оқыту жоспарына кіретін бүкіл пәндерді жалпы міңдет біріктіреді: жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
екіншіден, кез келген балабақшада оқу іс-әрекет, мектептік сабақтың құрылуы негізінде психолог-педогогикалық заңдылықтар жатыр. Мысалы: балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі.
үшіншіден, балабақшада, мектепте оқыту процесі жалпы дидактикалық принциптердің негізінде құрылады. Басқа бір пәнді оқытуда сияқты музыка сабағына тән принциптері: тәрбиелеп оқыту,жүйелілік, көрнекілік, жаңа технологияны пайдалану және т.б.
Жетекші балаларға білім беріп қана қоймай, сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Музыка сабағында әрбір іс-әрекеттерді өткізу барысында,мұғалім оның не үшін қажет екенін айқын сезініп берілетін тапсырманың қандай маңызы бар екендігіне есеп беруі тиіс.
Адам баласы талантты, не талантсыз болып тумайды.Ол іздену, ұқсау еңбектену қасиеттерді миға ендіру арқылы музыка үнінің көмегімен "мен білемін"деген сөзді кіргізу арқылы жетістікке жете алады.Талант иесі ішкі жан тілін сезімге бойлайды. Ал сезім еңбекке дағдылайды. Еңбек талантқа ұштайды. Нәтиже деген не? Ол еңбектің сонғы көрсеткіші.Аспаптарда ойнау, ән айту, жаттау еңбек нәтижесі.Ал оны үйрету-педогогика ғылымы. Оған Қорқыт, Баласұғын,Асанқайғы, Бұхар, Абылай, Абай,Құрманғазы, Махамбет, Ақансері, Біржансал, Мұхит, А.Жұбанов,Н. Тілендиев секілді атақты күйші,әнші, жыршы ағаларымыздың еңбектерін жатқызуға болады.
Сырт көзге көрне бермейтін мәні зор ұлттық аспаптарымызда қалыптасқан тәрбие үлгісі, адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратын, оның ұлттық музыка өнерінен таралған тәрбие-білімнің қайнаған бұлағына сарқылмас қазынасына, дәстүр табиғатына қазақ діліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс.
Музыка сабағында музыкалық іс-әрекетерді аспаптық музыкамен байланыстыра жүргізу жолдары тиімді әдіс-тәсілдердің бірі болып келеді.Болашақ ұрпаққа музыка сабағында инновациялық әдістер арқылы ұлттық тәлім тәрбие беруде тиімді ізденістермен әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педогогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаз,музыка жетекшісінің міңдеті екені сөзсіз.
Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға қазақтың ұлттық аспаптарын ұстатып, халқымыздың ұлттық әндері мен күйлерін тартқызып үйретсе,нұр үстіне нұр емес пе?..
Қазақтың ұлттық аспаптар негізінде қалыптасып жеткен тәрбие көзі-жас бүлдіршіндерді өз Отанының азаматы болуға баулып, оның ұлттық көз қарасымен санасын оята отырып, эстетикалық әсемділікке жетелейді.
I бөлім
Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл
қазынасы қазақтың ұлттық саз аспаптары
1.1. Аспаптардың шығу тарихы,жасалуы және қолданылуы
Қазақтың бір туар тұлғасы Мұхтар Әуезов еліміздің музыка өнері жайында "Қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй,домбыраның да екі ішекті ғана емес,әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс тарих үшін елеулі бұйым"деген екен.
Расында да қазақтың музыкалық аспаптары өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі, халқымыздың бітім болмысы, тыныс-тіршілігі мен шежіре тарихын айқындайтын бірегей мәдени мұрасы.Бұл халқымыздың дәстүрлі музыка өнері атадан балаға мирас болып,ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан рухани-мәдени байлығы.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының шығу тарихы сонау ықылым замандарда ұлы Әбу Насыр Әл-Фарабидің тарихи зерттеу жазбаларынан басталады.Заман ағымына байланысы аспаптар өзгеріске ұшырап, бірде шарықтап, бірде ұмытқалы жатты.Уақыт өте келе аспаптарымыздың қайта жандануына Шоқан Уәлиханов,Ахмет Жұбанов,Әлкей Марғұлан,Өзбекәлі Жәнібек секілді өзге тағы басқа ұлт жанашырлары ықпал етсе,қазақтың түңғыш аспаптанушысы,ғалымы Болат Сарыбаев үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді.Музыкалық аспаптар этно-археологиялық және тарихи-этнографиялық тұрғыда зерделегенде олардың дыбыс шығару қасиетімен қоса, халық болмыс салтымен бірге қалыптасқан тұрмыстық құрал ретіндегі ерекшеліктері айқындалады. Олардың басым көпшілігі әубастан музыкалық аспат ретінде емес, тұрмыстық деңгейде қолданылған құрал,бұйым ретінде пайда болған.Бертін келе олар түрлеріне қарай бөлініп соқпалы-шулы, сылдырлы, үрлемелі, ыспалы, ішекті-шертпелі, көп ішекті, ұрмалы аспаптар болып жіктеледі.
Зерттеу жұмыстар нәтижесінде ұлт аспаптар бір жүйеге келтіріліп, бүгінде кеңінен насихатталып келеді.
Алғашқыда ел арасында әнші,күйшілер өздеріне қажетті аспаптарын жасап алып, ойнап елге өнерлерін көрсетіп жүре берген.Келе-келе қазақ сахарасының жағрафиялық ерекшеліктеріне орай саз аспапатары үндік ерекшклігіне және формасына қарай сан алуан түрге ене бастады.
Өткен заманда ата-бабамыз саз аспаптарын малдың мүйізінен, терісінен, сүйегінен, ішегінен, қылынан, тұяғынан, сонымен қатар саз балшық, ағаш, қамыстан жасаған. Қәзіргі таңда музыкалық аспаптарымыз осы халқымыздың сара жолымен жасалып қолданылуда. Осы кезде байырғы аспаптардың түрлері 40 тан аса болғандығы анықталып отыр. Ертеде ұлттық аспаптарды жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты,аңды үркіткенде,бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда, жау келгенде пайдаланған. Бүгінде сол көне замандағы саз аспаптарымыздың үнін сақтап қалғанымен қызыметтік функциясын өзгерткен.Ертедегі тұрмысқа қажет болса, бүгінде ұлттық фольклорлық ансамбль, оркестрлерден орын тапқан.
Б.Сарыбаев музыкатануда ежелгі аспаптарды біліп,тауып мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қойған жоқ, сондай-ақ бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне еңдірді.Б.Сарыбаевтың еңбегінің маңызы аса зор себебі, ежелгі аспаптарда уақыт үні, ғасыр таңбасы болады.Ол қазақтың музыка мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып, үнемі жаңарып толығып отырады.Зерттеушінің дербес жинамасы төрт жүзге таман музыкалық аспапты қамтиды, ол сандай-ақ, сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл т.б.халықтық қазақ музыкалық аспаптарының жинамасының иесі.
1.2. Қазақтың ұлттық саз аспаптарының түрлері
Музыкалық аспаптардың әрқайсының өзіне тән дыбыс бояуы(тембр), динамикалық мүмкіндігі(ырғағы), белгілі бір диопазоны болады. Музыкалық аспапатардың дыбыс шығару сапасы апаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиеттіне, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. .Қай халықтың музыкалық аспаптары болмасын өмірге жайдан жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпына орайласа туындап пайда болған.Адам болмысының сөзбен жеткізе алмайтын күрделі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.
Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері хайуанаттардың құстардың,желдің дауысына еліктеуден шыққан.Ол "халықтық" және "кәсіби" музыкалық аспаптар болып бөлінеді.Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары дауыс ерекшелігі, жасалуы, қолданылуына байланысты мынандай топтарға бөлінеді
Шертпелі аспаптар.
Ыспалы аспаптар.
Үрмелі аспаптар.
Ұрмалы-cілкімелі аспаптар.
Ұрмалы-соқпалы аспаптар.
Аспаптардың жіктелуі
Домбыра
Шертер
Жетіген
Адырна
Қыл
қобыз
Сақпан
Асатаяқ
Тоқылдақ
Кепшік
Дудыға
Шаңқобыз
Үскірік
Сыбызғы
Сазсырнай
Үілдек
Керней
Даңғыра
Мүйіз
Тұяқ
тас
Шың
дауыл
Дауылпаз
Дабыл
Нар
қобыз
Сазген
Ұлттық
музыкалық аспаптар
Қоңырау
Домбыра
- қазақ халқының арасына өте ерте және
кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған
қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық
аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі
бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына
жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас
ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады.
Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына
дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ
күйге келтіріледі.Домбыраның екі
ішектісінен басқада үш ішекті, қос
жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек
деп аталатын түрлері бар. Даусы майда,
қоңыр, құлаққа жағымды.
Қыл
қобыз
- ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының
екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының
бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның
еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап.
Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз
аспабының екі ішектісімен бірге – үш,
төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез
қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды
ағаштан шауып немесе құрап жасайды.
Беті жартылай терімен қапталады. Ол
дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек.
Ерте заманда қобызды тек бақсы –
балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында
қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен
тығыз байланысты екені де айтылады.
Жетіген
-
қазақ халқының өте ерте заманнан келе
жатқан жеті ішекті шертпелі музыка
аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып
жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген
аспабы талай жүздеген жылдар өтседе,
баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген
түрінде он үш ішек байланып, арнайы
тиектер қойылады. Аспаптың үні өте
нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында
аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар
айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен
заманда өмір сүрген бір қарияның жеті
баласынан айрылған қасіретті қайғысынан
туындаған әуен- деседі. Бізге «жетіген»
деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде
жетіген аспабы көптеген ансамбльде
ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
Адырна
-
қазақ халқының өте ерте заманнан келе
жатқан көп ішекті музыка аспабының
бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар
ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң-
құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ
пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы,
марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына
ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап
шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты-
үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай
құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады.
Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне
қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен
іліп тартып ойнайды.
Шертер
– ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра
сияқты ойнайды. Шертердің көлемі
домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі
қобызды еске салады, оған жұмыр түр
беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың
қылынан екі шек тартылады. Аспап бір
ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір
басы бұрандаға, екіншісі басына
бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән,
ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол
бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың
көне музыкалық аспаптарының біріне
жататын ол шертіп ойнау тәсіліне
байланысты шертер деп аталған. Шертер
екі немесе үш ішекті болып келеді.
Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып,
шанағы көнмен (терімен) қапталған.
Шаң
қобыз
- бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ
халқының көне музыкалық аспабы. Үні
құлаққа жағымды, адам даусына жақын.
Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы
қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде
орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын
шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды.
Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде
шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана
қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен
бірге халық әуендерін сүйемелдеуге
болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы
қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Саз
сырнай
– алты тесікті үрлеп ойналатын аспап.
Саз балшықтан күйдіріліп жасалады.
Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен
көмкерілген
Сыбызғы
- үрмелі аспаптардың ішінде кең тарағаны.
Бұл аспап бақташы-малшылардың өмірімен
тығыз байланысты болғандықтан, ел
ішіндегі қариялар оны «жылқы малының
азаны» деп атаған. Сырты жылтыр сары
қурайдан жасалатын сыбызғының сырты
малдың ішегімен кейде мал өңешінің ақ
шелімен қапталады. Бұл оның жауын-шашынға
төзімді болып сақталуына, қурайдың
жарылып кетпеуіне және үнінің таза
сақталуына байланысты қолданылатын
әдіс-тәсіл. Сыбызғы аспабының үні самал
желдей майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсер
береді. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол
жыланкөзбен көмкерілген
Ұран
– өзегі алынып, қаққа бөлінген іші қуыс
екі ағашты қайта біріктіріп, сырты
қайыспен орап жасалады. Дауысы күшті,
жуан, алайда 1-2 дыбыстан артық дыбыс
бермейді. Ертеде жаугершілікте ұран
шақырып, құс салып, аң қамауға қолданылған.
Сақпан
- өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі
қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының
бірі. Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал
шаруашылығында кеңінен қолданылған.
Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл
аспаптың дыбысымен қой қайырған. Шаруалар
егістікке қонған құстарды үркіту үшін
де пайдаланған. Кейбір өнерпаздар
сақпанмен өзінің әуенін сүйемелдеген.Сөйтіп,
сақпан музыкалық аспап дәрежесіне
көтерілді.
Аса
таяқ
- сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық
аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан
арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек
тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан
сылдырмақтар тағылып, өрнектермен
әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен
ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап
ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе
бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне
үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы
музыкалық аспаптар тобына қосылады.
Дауылпаз
– халықтық нұсқада жасалатын көне
аспап. Ертеде аңшылық, саятшылық,
құсбегілік салт-дәстүрлерде қолданылған.
Шанағы өзегі алынған сырты жұмыр бітеу
ағаштан жасалып, сыртына ғаныштау
әдісімен ою-өрнектер салынады. Аспапты
таяқпен ұрып ойнайды. Көбінесе халықтық
мерекелерде және үлкен оркестр құрамында
ойналады.
Дабыл
–
ұрып ойнайтын аспап. Оның екі жағы да
терімен қапталады. Құлақшалары бар. Ол
теріні керіп тұру үшін жасалады. Дабылды
саусақпен немесе арнайы жасалатын басы
жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды.
Даусы – терінің жұқа немесе қалыңдығына,
терінің қатты немесе орташа керілуіне
және арнайы жасалған қорапта сақталуына
байланысты болып келеді. Дабылдың
шанағы тал, қайың, тораңғы секілді
иілуге көнетін ағаштардан жасалады.
Шыңдауыл-
ертеде аң-құстарды үркітіп, көптеп
үйіріп, қаумалап аулау үшін немесе қуып
тосынға түсіру үшін қолданылған.
Шыңдауылдың шанағы тұтасымен металдан
жасалып, бір жақ беті мал терісімен
қапталады. Тері қапталмас бұрын шанақтың
ішіне шулы үн беретін сылдырмақ-қоңыраулар
немесе темір шығыршақтар тағылады.
Балалар осы аспаптардың түрлерін
дауыс ерекшелігіне және құрылысына,
аспапта ойнау тәсіліне орай ажырата
біледі.
II бөлімі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық
музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін
қалыптастыру
2.1. Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің,
негізгі әдістері
Қазіргі таңда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тәлім-тәрбиенің негізгі бөлігі болып табылатын эстетикалық тәрбиенің балалардың әсемдікті түсініп, ұға білуі және олардың дүние танымының қалаптасып дамуы жолында атқарар маңызы зор.
Музыка мектептері мен жалпы білім беретін мектептер, балалбақшалар мекемесіндегі әуесқой оркестрлер мен ансамблдердің жұмысы оқушыларды және мектепке дейінгі жас бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне жетелеп, оларға эстетикалық тәлім-тәрбие берудің бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады.Сондықтан да бұл жағдай мектеп, балабақшаларда әуесқой оркестрлер мен ансамбльдер үйірмесін батыл түрде ұйымдастырып, оларды оқу процесінде және сыныптан тыс жүргізу барысында кеңінен пайдалану қажеттігін тудырады.Баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыру даму бағытыңдағы іс-әрекетке көшу заман талабы. Шығармашылық, бұл тіршілік көзі.Адам баласы сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктерінің өзі шығармашылықтың нәтижесі болып табылады.
Музыка аспапатарына үйретудің негізгі мақсаты: балаға музыканың құдретті күшін таныту, сүйтіп білімгерлердің санасын еркіне әсіресе олардың сезімі мен ұшқыр қиялына пайдалы әсер ету.
Әр жас топтарында жас ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі формада өткізіледі.
Кіші топта-музыкалық ойыншықтар пайдаланады.
Дайындық топта-музыкалық аспапта ойнау үйретіледі. Ол "іс-әрекет" бөлімінде бағдарламада енгізілген.
Балалар білуге тиіс:
аспаптың аттарын,
аспаптың дыбысталу сипатын,
аспапты пайдалану және сақтау ережесін,
ойнау тәсілдерін,
әр түрлі музыкалық аспаптардың жоғары және төменгі дыбыстардың орналасуын,
нота аттарын және пернедегі,клавиштегі орындарын.
Балалар мыналарды үйрену керек:
- әр түрлі аспаптарда ойнаудың қарапайым тәсілдерін,
- ансамбльде бірге бастап бірге аяқтау,жылдамдық,ортақ динамиканы
сақтау
- қарапайым әндерді дербес орындау,
- ырғақтық және әуендік әндерді өзі шығарып айтуды үйренуге тиіс.
Оқыту тәсілдері:
1. Жүйелілік-ойнаудың техникалық тәсілдерін игеру.
2. Бірізділік.
3. Педогогтың мәнерлеп орындауы.
4. Жаттап алу.
Техникалық тәсілдер:
- Дұрыс отыру, аспапты дұрыс қолдану.
- Дыбыстаудың дұрыс тәсілін үйрену.
Тапсырманың жүйелілігі:
1. Бір музыкалық аспапта музыкалық ырғақтың суретін бере білу.
2. Қыска интервалға құрылған әндер.
3. Дыбыс қатары бір неше бөліктерге бөлінген және интервалы кең
әуендер.
4. Педогогтың мәнерлеп орындауы.
5. Бірге орындау.
Бұл
ойыншықтар музыкалық аспаптарды ғана
бейнелейді.
Олар
дыбыс шығармайды.
Ойнау
барысында балалардың музыкалық есту
түйсігін, творчестволық қиялын
жетілдіреді.
Шектеулі
әуені бар,
белгілі
бір биіктікте дыбыс шығаратын дыбыс
бояуы(тембр), динамикалық (ырғақ),
дыбыс
диапозоны бар аспаптар.
сақпан,дабыл,дауылпаз,
тоқылдақ,
тайтұяқ,мүйіз,шыңдауыл.
асатаяқ,шылдырмақ,
қоңырау,үшбұрыш,кепшік, даңғыра.
сыбызғы,керней,сазсырнай,
үскірік, желбауыз,шаңқобыз, уілдек.
домбыра.қобыз,шертер,
жетіген, пианино,баян.т.б.
домбыра,шертер,
жетіген, қобыз.
сыбызғы,сазсырнай,
сырнай, мүйіз сырнай,керней, үскірік,уілдек.
баян,аккордион,
шаңқобыз.
рояль,
пианино.
дабыл,дауылпаз,
тайтұяқ, сақпан, тоқылдақ,мүйіз, шаңдауыл.
Мектеп
жасына дейінгі балаларға
қарапайым музыкалық аспаптарды (даңғыра,
дабыл, асатаяк, тұяқтас, шаңқобыз, сақпан,
тоқылдақ, қоңырау, үшбүрыш және т.б.)
қолдану, балалардың сол сабаққа деген
ынтасын, сүйіспеншілігін, белсенділігін,
жауапкершілігін арттырады, олардың
музыкалық қабілетін дамытуға, шығармашылық
дербестігін қалыптастыруға ықпалын
тигізеді. Шығармашылық әрекет кезінде
музыканы сергек қабылдау, бірігіп
орындау (ансамбль) сезімі және дағдысы
дамиды. Балалар үшін сабақта қолданылатын
музыкалық аспаптар көлемі, салмағы
жағынан ыңғайлы, құрылысы қарапайым,
әрі мықты болуы керек. Аспаптарды
ойнаудан бұрын жетекші балаларға олардың
құрылысы , шығу тарихы, дыбыстық бояуы
(тембрі) туралы біраз мағлұматтар бере
отырып, оны сабақта пайдаланудың
тиімділігін, мақсатын және қолдану
тәсілдерін әңгімелейді.
Аспапта
ойнау кезінде балалардың тұрып ойнау,
немесе отырып ойнау қалпын қадағалау
қажет. Аспаптарды меңгерудің ең алғашқы
қадамы ретінде балалардың ырғақ сезімін
дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған
тиімді. Әр музыкалық аспаптың сипатына
сай оның ырғақтық өрнектерді келтіру
ерекшеліктерін ескеру керек.
Кіші топ балаларына шылдырмақ, сақпан,тоқылдақ,дауылпаз аспаптарында шағын әуендерді ойнатуға болады Мұғалім сабақта орындалатын жаттығудың балалардың меңгеруіне жеңіл әрі түсінікті болуын қадағалайды.
Ырғақ (ритм)-қозғалыс элементерін пайдаланумен дыбыстың динамикасы, ансамблдің сипаты жөнінде алғашқы түсініктер береді.Бұл ұрып ойнайтын аспаптарды үйренудің алдында біраз балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған тиімді.
Жаттығу жұмысы:
Орындалатын шығарма:
О
ош
Естияр
және ересек топтарында қоңырау,үшбұрыш,асатаяқ,
тайтұяқ, дабыл,дауылпаз аспапатарында
әуені көңілді, жеңіл, өлшем
;
шығармаларды ойнатуға болады.Балалар
аспапатардың дыбысын ажырата
отырып аспапта қалай ойнау керек екендігін меңгере алады, ойнау шеберліктері арта түседі.Шығарманың ырғағын, жылдамдығын өздерінше анықтай біледі
Жаттығу жұмысы:
Орындалатын шығарма:
Мектепалды даярлық топтарында балалар аспаптарды еркін меңгере алады. Орындалу шеберліктері(техникасы) арта түседі. Күрделі шығармаларды халық әндері және қазақ композиторларының шығармаларын еркін түсініп ойнай білу қаблеттері қалыптасады.Аспапты дұрыс ұстап оң және сол қол қойылымдарының қолдану ережелерін сақтай біледі.Қолдың музыкалық аспаптарға икемділігін қалыптастыра алады.
Топтағы балалардың барлығының белсенді жұмыс атқаруына арналған жаттығу ретінде Д.Нүрпейсованың күйі "Тойбастар" шығармасына жүгінуге болады. Жетекші күйді домбырада ойнаса, балалар асатаяқта, тайтұяқта, шаңқобызда күй желісіне қосылады.Топтағы ұлдар тобы домбырада тарту қимылдарын жасаса, қыздар тобы би қимылдарын өрнектеп, шығарманың көркемдігін одан әрі жетілдіреді. Мұндай тәсіл балаларды шығармашылық белсенділікке баулиды.
Ж
аттығу
жұмысы:
О
рындалатын
шығарма:
Сонымен, сабақ өткен сайын балалардың аспапты меңгеруі шыңдала түседі. Бірақ, жетекші балалармен жұмыс кезінде олардың әрқайсысының музыкалық қабілетін ескергені жөн. Кейде бір бала сабақ сайын бір ғана аспапта ойнайды. Ол дұрыс. Себебі, бала сол аспапта ойнаған сайын оның қыр-сырын терең түсініп, техникалық ойнау шеберлігін тереңдете түседі.
Барлық музыкалық шығармаларды аспаптарға лайықтауға болады, тек ол шығарманың орындалу сипаты қандай, мазмұны нені бейнелейді, композитордың айтайын деген ойы не деген сұрақтарға жауап іздеп табу керек.Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімталдыққа, адамгершілікке баулыса, ол өзінің тәрбиелік міндетін атқарды деген сөз. Балалар, әдетте, өздерінінің қолдарына ұстап, ойнап отырған аспаптары туралы, тыңдау үшін орындалған музыкалық шығарма туралы әңгіме басталса-ақ болғаны елең етіп үлкен ынтамен тыңдауға кіріседі. Ендеше, балалар сабақта тек ән айтып, аспаптарда ойнап қана қоймай, музыка әлемінің сырын ашып сұхбаттасуға дайын. Сондықтан, сыр сандықты ашып, саз маржанын шашу үшін үлкен ізденгіштік қабілет керек.
Балалар музыкалық аспапта ойнап, үйрену нәтижесінде:
Балалар ынталанады.
Қызығушылығы артады.
Аспапта орындау шеберлік деңгейі артады.
Музыкалық мәдени білімдері тереңдейді.
Өз халқаның музыкалық мұрасына эстетикалық ләззат ала біледі.
Балалар шығармаларды өздігінен орындауға үйренеді.
Музыка сабағында музыкалық іс - әрекеттерді аспаптық музыкамен байланыстыра жүргізу жолдары.
Тақырыпқа
сай музыка кабинетін жабдықтау музыка
жетекшілерінің білім беру үрдісіндегі
талаптардың бірі деп ойлаймын.Музыка
кабинеті бағдарламаның мазмұнына сай
жабдықталуы керек.Біздің "Шаттық"
балабақшасында ән-күй кабинеті осы
талапқа сай жабдықталған. Бөлме
төрінде балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестеліп жасалған қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері қойылған.
2.2. Балалар аспаптық ансамблімен жұмыс жүргізу әдістемесі, оқыту
бағдарламасы
Балалардың ұлттық құңдылық қасиеттерін қалыптастырып дамыту негізінің бірден-бір көзі балабақша, мектептердегі жүргізілетін тәрбиелі іс-шаралар. Аспаптық ансамблмен жұмыс жүргізу жұмыстары тәлім-тәрбие беруде, балалардың, жеке тұлғаның музыкалық шығармашылық қабілетін
арттырады. Музыкалық іс-әрекеттерге белсенділікпен қатыстыру өз бетінше ынталандыру негізінде музыкалық білімділіктері мен қабілеттерін дамыту міңдеттерін жүзеге асыруды көздейді.
Ансамбль сөзінің ұғымы баршамызға түсінікті болып, тұрмысымызға сіңіп, музыка мәдениетінің маңызды мәселесінің бірі болып отыр. Қысқартып айтар болсақ, ол- қауымдық, ұжымдық, орындаушылық үлгісі.
Ансамбль-франц халқының "ensemble", яғни "бірлесу" деген сөзінен шыққан. Музыкалық тәжірибеде бұл сөздің ұғымы ену; біріншісі кез келген аспаптың бірігіп ойналуы, екінші ұғымы "жақсы" немесе "ансамбль" жоқ деп бағалайды.Ансамблдің жарасымы жоқ жерде орындаушылық қабілет ылғи да ақсап жатады. Біздің ұлттық аспаптарымыздың табиғатын ансамблден бөле- жара қарауға болмайтыны сондықтан болар... Қазақ халық аспаптар ансамблінің шығармашылық жетілдіруін инновациялық технология өркендету арқылы дамытуды айқын мысалдармен түсіндіруге болады.
Балабақшадағы музыка сабақтарында қазіргі таңда шулы аспап түрлері (ксилофон, металлафон, бубен, маракас, коңырау, барабан т.б.) қолданылып келеді. Сондықтан осындай аспаптардың орнына қазақтың ұлттық аспаптарын соқпалы-ұрмалы (даңғыра, дабыл, қоңырау, асатаяқ, үшбұрыш, тоқылдақ, дауылпаз, тайтұяқ,шылдырмақ), сілкілмелі-үрмелі аспаптар (үскірік, сазсырнай, тастауық, сыбызғы) аспаптарын сабақта қолдана отырып,балаларға ұлттық аспап түрлерін танып білуге, әрі оның жасалу тарихынан түсінік бере отырып аспапта ойнауға үйретуге болады. Қазақтың ұлттық аспабында алғашқы ойнауды үйрете отырып, бүлдіршіндерден шағын ұлттық аспаптар ансамблін құрған болатынмын. Ансамблдің құрамы ересек және мектепалды даярлық топ балаларынан тұрады. Құрамында 10-15 бала бар.Ансамбль балабақшадағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық музыкалық аспаптармен жабдықталған. Ансамблдің үйірме жұмысы сабақтан тыс уақытта өткізіледі.Ансамблде балалар аспапты ойнау қабілетіне байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топ балалары ішекті және үрмелі аспаптар тобы, екінші тобы сілкімелі және ұрмалы аспаптар тобы.
Мақсаты: мектепке дейінгі балаларды қазақтың ұлттық көне музыкалық аспаптарымен таныстыра отырып,аспапта ойнай білуге үйрету.
Жаңашылдығы: балалар музыка аспаптарын ойнауды меңгере жүріп,бірте-бірте музыканың нәзік мәнерлігі мен тілін терең ұғып түсінетін болады.
Міндеттері:
Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту.
Аспаптардың шығу тарихы,жасалуы орындалуы туралы түсінік беру.
Көне заманда ата-бабамыз ұлттық аспаптарды қандай мақсатта қолданғаны жөнінде мағұлматтар беру.
Кіші топтарда ұрмалы және сілкімелі аспаптар: дауылпаз, шылдырмақ,тоқылдақ, қоңырау аспаптарында ойнау қабілетін қалыптастыру.
Ересек және мектепке дейінгі даярлық топтарда ішекті, ұрмалы және үрмелі аспаптардың түрлерін меңгерте отырып,ұлттық аспаптар ансамблін ұйымдастыру.
Балалар берілген ән немесе музыкалық шығарманы жаттап алып,оны техникалық жағынан дұрыс орындап берумен қатар шығарманың мазмұны,композиторы жайында білулері керек.
Музыканы тындау барысында балаларды шығарманың мазмұнымен,композитордың өмірбаяны және шығармашылығымен танытыстырып өту.
Сабақты ойын түрінде өткізе отырып,музыкалық аспаптарды танып айта білуге үйрету.
Қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстырып,өмірге деген қызығушылығын арттыра отырып,аспапта орындау шеберліктерін жетілдіру және танымдық ой-өрісін дамыту.
Музыка жетекшісі аспапты белсене орындауға ат салысады.
Балаларға өздігінен орындайтын шығармалар жүйесін құрастыру.
Балалардың музыкаға деген ынтасын арттырып,есту қабілетін дамыта отырып,алғашқы аспапта ойнауға үйрету.
Шығарманы игерудегі техникалық көрнекі құралдарды пайдалану.
Игерілген шығармалардың ішіндегі балалардың көбірек ұнататынын ойнап, ансамбль әзірлігін эмоциялық тұрғыда бітіру.
Өткен шығарманы қайталап көркемдік техникалық дәрежеге жеткізу.
Аспапта орындау шеберлігін қалыптастыру.
Әр сабақта шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасай отырып,түрлі байқау,фестивальдерге қатысу.Балабақша ішіндегі мерекелік шараларға қатысу.
Музыкалық репертуар:
- Балалардың музыкалық аспаптарына арналған музыкалық репертуар көркемдік сапасымен және қолайлығымен ерекшеленуі тиіс.
- Репертуар іріктегенде балалардың орындау мүмкіндігін ескеру қажет.
- Әуеннің диапазоны зор болмауы тиіс, ән үнемі қимылға немесе қайталанатын айналымы бар шағын интервалға құрылуы тиіс.
- Репертуар қорында негізінен үйірме мүшелерін өз Отанын шексіз сүюге, патриотизм мен ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелейтін жоғары сапалы шығармалар болуы тиіс.
Балаларға арналған репертуарды шартты түрде былай бөлеміз:
1. Бастапқы жаттығуға арналған шағын пьесалар-әуелі тыңдайды, естіген күннің күркіреуін, жаңбыр т.б.дыбыстарды өздеріне қолайлы бейнеде қайталайды.Ырғақты дәл орындау, жеңіл әндерді орындау.
2. Дербес аспапта орындауға арналған ән, санамақтар орындалады, есте сақтауға жеңіл болуы керек.
3. Ұжым болып орындауға арналған пьесалар мен әндер, айқын мәнерлі музыкалық фразасы және сөзі бар пьесалар жаттауға жеңіл болуы керек.Орындауға арналған шығармалар ансамблдің құрамына байланысты.
2.3. Қазақтың аспаптық дәстүрлі музыкасы-дидактикалық
ойындар арқылы жүзеге асырылады
Ойын-баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын,өзінің төл мәдениетін білетін,сыйлайтын,рухани дүниесі бай саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міңдетті.Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып,бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қиялы ойын озық" деп бекер айтпаған.Өйткені,ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі және қызығуы анық байқалады.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып,қалыптасқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы тәрбие мектебі бар.Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп өзі жасаған қимылына сенімі артады.Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттері қалыптасады.
Дидактикалық ойын барысында есту, көру,сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздың аспаптардың дыбыс ерекшілігін ажыратуға әр түрлі қимылдар орындауды үйренеді.
Балалардың музыка туралы түсінігін кеңейту үшін музыкалық ойын түрлерінің атқаратын рөлі ерекше.Қарапайым ойындардың өзі баланың танымын, түсінігін жетілдіреді, көңілін өсіріп,ойын сергітеді.Ойын балалардың бойындағы тапқырлық, жауапкершілік, ұйымшылдық сияқты қасиеттерін шыңдап, қалыптастырады.
Әуенді-дидактикалық ойындар-балалардың музыканы түсініп, қабылдауына көмекші құрал болып табылады. Балаларға ойын түрлері арқылы музыканы сүюін, түсініп тыңдай білуге қызығушылықтарын арттыру-әуенді-дидактикалық ойындардың негізгі міндеттері.
Ұсынылып отырған "Әуенді-дидактикалық ойындар" музыка жетекшілерінің оқу іс-әрекетін түрлендіріп, мазмұның байыта, көркемдей түседі бұл ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады, балалық қиялдарын қозғап, түсініктерін кеңейте түседі.Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды әдемілікке, музыкалық үндестікке баулиды. Ұлттық аспаптардың түрлері мен өзіндік тембрлік дыбысталуымен танысып жалпы сезіну, ажырату қабілеттерін қалыптастырады.
Әуенді-дидактикалық ойын
1.Бұл қандай аспап?"
Балалар көздерін жұмып аспаптарды үнімен ажырата білу.
Мақсаты: ішекті немесе ұрмалы аспаптар (домбыра, қобыз, жетіген, шертер,дабыл,асатаяқ, тұяқтас, қоңырау) дыбыс ерекшеліктері арқылы айыра білуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың, белсенділігін, қызығушылығын, жоғалтып алмау мақсатымен аспаптарды шешіліп дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.
2."Шығармадан қандай әсер алдың?"Балалар музыкалық аспаптан белгілі бір шығарманы тыңдайды.
Мақсаты: шығарманы тындау барысында одан алған әсерін сұрау немесе күйді тыңдата отырып, оларға күйден алған әсерін көңіл күйін,ой сезімі мен толғанысын суретке бейнелеп көрсету.
3."Аспаптарда ойнайық!"Музыкалық әуенге қосылып ұрмалы аспаптармен шығарманы орындау.Ойынға 4-5 бала қатысады.
Мақсаты: ырғақпен нықтап ұра білу,бір-бірінен қалыспай,ырғақпен бастап,ырғақпен аяқтап үйрену.
4."Аспаптың дауысын ажырат."Карточкада пианино, скрипка, гитара, сырнай,домбыра,жетіген,қобыз, шертер аспаптарының суреттері бейнеленген.Үнтаспада аспаптардың орындалуында пьесадан үзінді орындалып балалар аспаптың үніне сәйкес суретін көрсетеді.
Мақсаты: Балаларды музыкалық аспаптардың тембрін ажыратуға баулу,есту қабілеттерін дамыту қызығушылықтарын арттыру.
5."Әуеннің дауысын ажырат"ойыны.
Ойынның мақсаты:Балаларды дыбыстың ұзақтығын ажырата білуге үйрету.Әуенді тыңдап, қысқа және ұзақ дыбыстарды анықтауға баулу.
Ойынның шарты: Көлемдері бірдей, түстері әртүрлі қоңырау
суреттері беріледі. Орындалған шығарманы тыңдап, әуеннің төменгі дыбысын жасыл қоңыраумен, орташа дыбысты сарықоңыраумен, жінішке дыбысты қызыл қоңыраумен көрсетіп, карточкалардан табу. 6."Музыкалық аспаптар дүкені" ойыны.
Ойынның мақсаты: Балаларға арналған музыкалық аспаптардың (дабыл, асатаяқ, таятұяқ, тоқылдақ, үшбұрыш, қоңырау т.б.) дауыс тембрін ажыратуға үйрету. Аспапатарда өз еректерінше ойнауға, шығармашылыққа баулу.
Ойынның шарты: Балалар аспап түрлеріне сәйкес бірнеше қатар болып отырады музыка жетекшісі ширма артында аспапта ойнайды, балалар дауысын ажыратып, суретті карточкадан көрсетеді.Әуен ойналып ишара арқылы аспапта ойнап көрсетеді.
Музыкалық - әдеби шығармалар, ертегі – эпостар, мақал – мәтелдер, аңыз -әңгімелер, жұмбақ, жаңылтпаштар тәрбие беру мақсатында кеңінен пайдаланылды .Олар балалар сезімдеріне әсер етіп, танымдық– тәрбиелік мәнге ие болды.
Жұмбақ ойын
1.
Ұзын мойын екі ішек,
Қатар – қатар тепкішек.
Басып қалсаң бір-бірлеп,
Күй шығады күмбірлеп, ( Домбыра)
2.
Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды. ( Сыбызғы)
3. Ел қорғайтын ерлікке
Әуенімен шақырған
Батылдыққа, елдікке
Әуенімен шақырған. (даңғыра)
4. Бас, құлақ, мойны бар
Үп үлкен шанағы бар
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар тағы әні бар (қобыз)
5. Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар
Әуенінен жеті тарау мұң шығар
Ойнап кетсең түрлі түрлі жыр шығар
Бұл қай аспап? (жетіген)
6. Сызылған үні,сүйкімді тілі
Үрлесең ойнайтын, аспаптың түрі. (сыбызғы)
7. Тілшікті аспап, қобыздай асқақ
Ерекше үні бар,бұл қай аспап? (шаңқобыз)
8. Қоңыр сазды даусы бар
Шертсең күй, әні бар
Домбыраға ұқсайтын
Бұлқай аспап? (шертер)
Міне, осындай дидактикалық ойын түрлері арқылы мектепке дейінгі балалардың ұлттық аспаптарға деген қызығушылығын арттырып, ұрмалы, үрмелі аспаптарда ойнатып, халқымыздың музыка өнерін кішкентай балдырғандарға жеткізе білу әрбір музыка жетекшісінін басты ұстанымы болу керек деп санаймын. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін қалыптастыру барысында ұстаздар мен тәрбиешілер оқыту үдерісін барынша қызықты, проблемалық, шығармашылық, зерттеу белсенділігіне бағытталған бағдарлама етіп жасай алады деген сенімдемін.
III бөлімі
Балалар аспаптық ансамбліндегі жүргізілетін тәрбие
жұмысы моделіне тұжырымдама
Бүгінгі күні балабақша және орта мектептердің алдына әлемдік өркениетке ұмтылып,дүниеге іргелі ел ретінде танылып,тәуелсіздіктің тұғырын берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағын, яғни білімді-білікті,жан-жақты дамыған, саналы азамат тәрбиелеу тәрбиешілердің, мұғалімдердің алдына қойып отырған жауапты міндет.
Ән айту, аспапта ойнау жалпы музыканың адам тәрбиесіндегі орнына ежелден мән беріп келген. "Музыкалық әуендер жақсы мінез-құлық машықтарын,адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарады... Музыка мен ән адамда эстетикалық сезімдерді тоғызу арқылы кісінің өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді"-дейді ғалым Әл-Фараби.
Демек,бүгінгі таңда балабақша және мектепте жас ұрпақты жан-жақты етіп дамыту үшін білім мен тәрбие берудің ең тиімді мүмкіндіктерін,жолдарын зерттеп,орынды пайдаланудағы мұғалімнің нақты жұмыс жоспарын жоспарлау.
Баланың мүмкіндігін ашу үшін жасалған жоспар баланы жан-жақты дамытып,нақты нәтижеге қол жеткізетіндей дәрежеде болуға тиісті.
Бүлдіршіндердің адамгершілік, моральдық, этникалық, эстетикалық, музыкалық білім деңгейінің жоғарлауының кепілдігін қалыптастыруға бағытталған патриоттық сезімге бай, болашақ азаматын тәрбиелейтін тұжырымдама жобасын ұсынып отырмын.
Тұжырымдама жобасы балалардың рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, шығармашылық қабіліттерін дамыту, дарынын дәріптеу, интелектілігін байыту мақсатында патриоттық-азаматтық негізінде құрастырылды. Себебі, қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде нығайуы, өркендеуі жолында Қазақстандық потриотизім мәселесі дұрыс жолға қойылуына өз үлесімді қосуым қажет.
Күнделікті жұмыстан жоспарланған іс шара бағдарламасын жүргізу барысында балалардың бойында отан сүйгіштік,адамгершілік,қайрат-намыс сезімдері ұшталады.Осы айтылған қасиеттер арқылы адамгершілік идеалының қалыптасу тиімділігі артады.Бұл өскелен ұрпақты заман талабына сай азамат етіп тәрбиелеудегі негізгі құрал болып табылады. Адамгершілік идеал арқылы балалардың отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың жолдары қоғамның әлеуметтік дамуының сипатына үнемі сәйкестендіріліп отырылуы қажет.Осындай ойды тұжырымдай келе менің жұмыс жоспарым "Азамат-патриот"моделі негізінде жоспарланды. Тәрбие жұмысының мақсаты:
"Азамат-патриот"моделінің негізінде,жаңа инновациялық педогогикалық технологияларды пайдалана отырып тәрбиелеу мен оқытуды іске асыру,тәрбие жұмысын жаңашаландыру.
Тәрбие жұмысының міндеттері:
Педогогикалық инновацияны меңгере отырып,интеллектуалдық, адамгершілік,рухани дамуына игі әсерін тигізетіндей оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру;
Ұлттық тәрбие көзі ретінде халық музыкалық аспаптарының үнділігі, саздылығы, көркем эстетикалық тұстарын тереңірек талдау арқылы балаларды өз Отанының нағыз азаматы болуға баулып, оның ұлттық көз қарасымен санасын ояту.
Халық музыкасына құрметпен қарау ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу.
Үлкендерді сыйлау, кішілерге қамқор болуға үйрету.
Өзін-өзі дамытатын "Азамат-патриот"демократиялық және ізгілендіруге байланысты қабілетіне қарай көмектесе отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру;
Тәрбие жұмысынан күтілетін нәтиже:
Қоғам талабына сай, ұлттық рухтық бойына сіңірген шығармашыл, білімді, тәрбиелі, өз Отаның сүйе білетін, қабілеті мен рухани санасы дамыған, эстетикалық талғамы жоғары "Азамат патриот"күтіледі.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Сазды да, сырлы аспаптар
Мақсаты: Қазақ халқының бай мұралары,соның ішінде ғажайып әндері мен күйлерін бүгінгі күнге жеткізген халық аспаптары туралы бала бойына сіңдіру. Бір әуеннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану,салыстыру, ажыратуға үйрету.Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру. Балалардың халық музыкасы,аспаптарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру,қазақ музыка өнерін құрметтеуге,адамгершілікке,ұлттық музыканы қадірлей білуге үйрету.
Көрнекі құралдар: оқулық,аспаптар,интерактивті тақта,(слайдтар)
үнтаспа,электронды оқулық.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап, слайдпен жұмыс, сергіту сәті,
ойындар, аспаптармен ойнау.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: түрлі ұлттық саз аспаптарымен таныстыру, музыкаға саяхат, аспаптардың суреттерін салу,көрме ұйымдастыру.
Іс-әрекет кезеңі: Н.Тілендиевтің "Ата толғауы" күйімен балалар шаттық
шеңберіне тұрады.
Шаттық шеңбер:
Әлемде нұр тыныштық,
Әрбір бейбіт күн ыстық.
Қайырлы таң, көк аспан,
Жарқырайды қаламыз.
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң, балалар!
Балалар сәлемдесіп қимыл іс-әрекет жасайды.
Жетекші: -Ал, балалар бүгінгі жаңа оқу іс-әрекетінің тақырыбы "Сазды, сырлы аспаптар." деп аталады.Мына бір жұмбақтың шешімін табайық.
Ұзын мойын,екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. Бұл не?
Балалар "домбыра аспабы" деп жауап береді.
Балалар интерактвті тақтаға назар аударады.
Слайдтан аспаптардың суреттері көрсетіледі
Ата-бабамыз өте ерте заманда халқымыздың ұлттық музыкалық аспаптарын ойлап тапқан.Алдымен ұлттық аспаптарды аңға шыққанда,жау келгенде және жауға шапқанда, бақсы-емшілер адамдарды емдегенде қолданған.Заман өте келе ұлттық аспаптарды ата-бабамыз ән,күй,жыр,айтыс өнерінде қоданып,қазақтың әуендерін ойнай бастаған.
Аспаптарды малдың терісінен, сүйегінен,түйяғынан,ішегінен,қылынан және саз балшықтан, ағаш, қамыстан жасаған.
Балалар үнтаспадан аспаптардың үнін тыңдайды.
Музыка тыңдау: 1 Н.Тілендиев "Ата толғауы"
2 Қорқыт "Ұшардың ұлуы"
3 Құрманғазы "Ақсақ киік"
4 Халық әні "Бипыл"
Шығармаларды тыңдай отырып, аспаптың үнін,тану,салыстыру, ажырата білу.
Жетекші: -Балалар алғашқы күйден қандай аспаптың үнін тыңдадыңдар?
Балалар: Шаңқобыз,тоқылдақ,тайтұяқ, қоңырау,сазсырнай.
Жетекші: -"Ұшардың ұлуы" күйінде қандай аспаптың үні естідік?
Балалар: Қылқобыз.
Жетекші: "Ақсақ киік" және "Бипыл" әуендерінде қандай аспаптың үні
естіледі?
Балалар: Домбыра және жетіген аспабы.
Жетекші:-Аспаптардың үндерінде қандай айырмашылықтар бар?
-Балалар біз осы әуендер арқылы аспаптардың үнін тыңдап,ажырат білдік.
Ән айту: И.Нүсіпбаев "Домбыра сазы" әні.Әр композитор қазақтын киелі аспабы домбыраны әр түрлі әнге салып жырлаған.
-Әнде қандай аспап туралы айтылған?
-Домбыра аспабы туралы қандай ән білеміз?
-Әннің мазмұны не туралы?
-Әнде "домбырамен жырлаған" деп кімдерді айтып отыр?
-Яғни,халық іштегі қайғысын да,шерін де,қуанышын да домбыра арқылы жырлаған екен.
-Ән қандай көңіл күйде жазылған?
-Ән сендерге ұнады ма?
Әнді аспапқа қосылып орындау.
Әуенді қимыл-қозғалысы: халық әні "Бипыл."
Домбырамен қосылып ән айтып,күй тартып қана қоймай,осы аспаппен билеуге де болады.Домбыраны иыққа асып аяқты өкшеге қойып, кезек-кезек музыка ырғағымен түрлі би қимылдарын жасау.
Музыкалық аспапта ойнау: Халық әні "Еркем -ай" әні.
Балалар қолдарына ұрмалы және сілкілмелі (асатаяқ,тайтұяқ,шылдырмақ, үшбұрыш, қоңырау, дабыл,даңғыра,дауылпаз)аспаптарын ұстайды. Шеңберге тұрады. Аспаптардың сүйімделуімен (ритм) ырғақты ұстай отырып, шығарманы орындау.Аспаптың сүйімделуімен орындалған шығармадан үндестікті сезіне білуге және бірге ойнай білуге үйрете отырып қадағалау.
Сергіту сәті: "Сырнай мен дабыл"
Жетекші: Ойнап көрші сырнайды,
Сырнай былай жырлайды.
Балалар: гу-гу -гу -гу.
Жетекші: Соққанда дабылды,
Үн шығады жаңғыра.
Балалар: даң -даң -даң -даң.
Музыкалық-дидактикалық ойын: "Қай аспапта ойнаймын?"
Ойынның мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптарының (ішекті,ұрмалы,үрмелі)өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстыру,ажырата білуге үйрету.Аспаптарда ойнауға машықтандыру,қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: Балаларға аспаптардың (домбыра,қобыз,сазсырнай,асатаяқ,дауылпаз, т.б.) суреттері бейнеленген карточкалар ұсынылады.Музыка жетекшісі ширма артында жасырып бір аспапта ойнайды.Балалар мұқият тыңдап, аспаптың дауысын ажыратып,лайықты суретті көрсетеді.
Қорытынды: Балалардан сұрақ-жауап арқылы аспаптардың атын пысықтау, топқа қысқаша қорытынды.Балаларды қолдау мадақтау.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жарық,
Сау -саламат болайық.
Күтілетін нәтиже.
1.Шығарманың ырғағын сезініп,белсенді орындай біледі.
2.Қазіргі жаңа талапқа сай интерактивті тақтамен жұмыс жасап музыка сабағына деген қызығушылықтары артады.
3.Аспаптарды ұстауды, қағуды дыбыс тембрін айыра білуді үйренеді.
Қолданылған әдебиеттер.
1.Ақселеу Сейдімбек "Қазақтың күй өнері",Астана "Күлтегін"2002ж.
2.С.Байжұманов "Халық аспаптар оркестрі"1988ж.
3. Х.Тастанов "Домбыра оркестрін қалай ұйымдастыру керек"1980ж.
4.Б.Сарыбаев "Қазақтың ұлттық аспаптары" 1978ж.
5. Қ.М.Меңдіаяқова . Г.Қарамолдаева. Мектепте музыка тәрбиесін беру әдістемесі. - Алматы: «Әл-Фараби», 1997.
6. А.Райымбергенов, .СРайымбергенова. Мұрагер. Ән-күй сабағына арналған бағдарлама. 1-4 кластар. Алматы,1994.
7. .АЖубанов. Замана бұлбұлдары. Алматы, 1968.
8. А.Т.Айтуарова. С.С.Өтебаева. Музыкалық әдістемесі оқу құралы.
Алматы, 1997.
9. М.Балтабаев. Б.Өтемұратова. «Елім-ай» бағдарламасы бойынша
методикалық құрал. Алматы, «Атамекен», 1993.
10.Қ.Сайжанов. Ш.Қорғанбекова "Әлқисса-аманат" аспаптар ансамбліне
арналған күйлер мен шығармалар.Астана 2012ж.
11.Қ.Сайжанов. М.Тналин. Ш.Қорғанбекова. А.Сайжан. "Елім-ай"шертер
ансамбліне арналған оқу құралы.Астана 2012ж.
12.С.Қалиев "Қазақ халқының салт-дәстүрлері". Алматы 1999ж.
13.Т.Сарыбаева. Г.Абдрахманова "Музыка- дидактикалық ойындар".
Алматыкітап баспасы2013ж.
14.Ф.М.Қоңыратбай. Г.А.Абдрахманова. Т.Т.Сарыбаева "Музыка нота
хрестоматиясы". Алматыкітап баспасы 2013ж.
15.Н.Момынұлы "Музыкалық-эстетикалық тәрбие" Алматы 2000ж.
16. Меңдіаяқова Қ.М., Қарамолдаева Г. Мектепте музыка
тәрбиесін беру әдістемесі. - Алматы: «Әл-Фараби», 1997.
17. А.Жубанов. Ғасырлар пернесі. Алматы, 1972.
Мазмұны.
Кіріспе.
I бөлім.
Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл
қазынасы қазақтың ұлттық саз аспаптары.
1.1. Аспаптардың шығу тарихы,жасалуы және қолданылуы.
1.2. Қазақтың ұлттық саз аспаптарының түрлері.
II бөлімі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық
музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін
қалыптастыру.
2.1. Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің,
негізгі әдістері.
2.2. Балалар ансамблімен жұмыс жүргізу әдістемесі, оқыту
бағдарламасы.
2.3. Қазақтың аспаптық дәстүрлі музыкасы-дидактикалық
ойындар арқылы жүзеге асырылады.
III бөлімі.
3.1. Балалар аспаптық ансамбліндегі жүргізілетін тәрбие
жұмысы моделіне тұжырымдама.
3.2. Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:Сазды да, сырлы аспаптар.
Қолданылған әдебиеттер.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген