«Әуенді тап» (музыкалық ойын сабақ
Мақсаты: Оқушылардың әнге, күйге деген құмарлығын
байқау және балалардың түрлі әуендерді білу, есте сақтау
деңгейлерін анықтау арқылы музыкаға деген сүйіспеншіліктерін
арттыру. Олардың сұлулыққа, әсемдікке деген сезімін дамыту.
Музыкалық шығармалардан ләззат алуға, эстетикалық әсер алуға
тәрбиелеу.
Көрнекілік:
ребус
сурет,
слайд, карточкалар.
Ойынның өту
барысы:
Көңілді әуен ойналып тұрады. Ортаға жүргізуші
шығады.
Жүргізуші: Ән әуенін теріңдер,
Бәрің бермен келіңдер.
Бұл қызықты ойынды,
Тамашалап көріңдер.
Еш қиыны жоқ мұның,
Сазын білсең өлеңнің.
Түсінсеңіз болғаны,
Құдіретін өнердің.
Армысыздар өнер сүйер қауым! «Әуенді тап!» ойынына қош
келдіңіздер!
Бүгінгі ойынды бастамас бұрын
топқа бөлініп алайық!
Музыка әуені қосылып ортаға
ойынға қатысушылар шығады. Өздерін
таныстырады.
«Дарын»
тобы
Біз – дарынды баламыз,
Бәрінен де дарамыз!
«Шабыт»
тобы
Тобымыз біздің тамаша,
Шабыт тобы – жаңаша!
«Жұлдыз»
тобы
Біз – бақытты ұл – қызбыз,
Жарқыраған жұлдызбыз!
Енді «Әуенді тап!» ойынының шартымен таныстырып өтейін.
Ойын үш бөлімнен тұрады.
І
бөлім. «Балғын шақ
әуендері» (балаларға арналған
әндер).
ІІ
бөлім. «Халық
музыкасы» (халық әндері мен
күйлері).
ІІІ
бөлім. «Жұлдыздар
әні» (қазіргі эстрада
жұлдыздарының орындауындағы
әндер).
Әр бөлімде берілген нотаның біреуін ғана таңдап, ондағы жасырынған әуенді табуларыңыз керек. Бір топ таңдап алған нотаны яғни сұрақты екінші топ таңдай алмайды. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Алдарыңыздағы тетікті қай топ бірінші басады, сол топ жауап береді. Жауаптарыңыз дұрыс болса, ойынды әрі қарай жалғастырасыздар. Егер жауаптарыңыз қате болса, басқа топ жауап беруге мүмкіндік алады. Ал, тетікті баспай жауапты дауыстап айтып жіберсеңіздер, жауаптарыңыз қабылданбайды. Ойын соңында ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болады. Түсінікті ме?
Ойыншылар
жауабы
Жүргізуші: Олай болса іске сәт!
Ойынды мына ребусты қай топ бірінші болып шешсе, сол топ бірінші
болып бастайды.
Музыкалық аспаптардың
суреттері арқылы ребус беріледі. Ойыншылар ребусты
шешеді.
Ребус шешуі: «Домбыра»
Жүргізуші:
Қатысушыларымызға сәттілік тілей
отырып,
І бөлім – «Балғын шақ
әуендері» бөліміне кезек берейік.
Сонымен, ребусты бірінші болып дұрыс шешкен топ, нота
таңдауларыңызға болады. Бұл бөлімдегі нешінші нотаны
таңдайсыздар?
Ойыншылар нотаны
таңдайды.
Жүргізуші: Нотада жасырынған әуенді тыңдайық.
Әуен тыңдалады. Тетікті
бірінші басқан топ жауап нұсқасын
айтады. Дұрыс жауап берсе, ойынды
жалғастырады. Жауап қате болса, келесі топқа кезек
беріледі.
І «Балғын шақ әуендері»
бөлімінде жасырынған әндер:
1. «Қошақаным» әні.
2. «Әрқашан күн сөнбесін!» әні.
3. «Айгөлек» әні
4. «Қасиетті домбыра» әні
5.. «Ертегілер» әні.
Жүргізуші: Міне, бірінші бөлім
әндерін табу өз мәресіне жетті. Әр топтың бұл бөлімде жинаған ұпай
қорытындысымен қазылар алқасы таныстырып
өтсін.
Қазылар алқасы топтардың
жинаған ұпайларын айтып
өтеді.
Жүргізуші:
Келесі «Халық
музыкасы» деп аталатын халық
әндері мен күйлері топтастырылған екінші бөлімге кезек
берейік.
Ойынды ұпай саны аз топ бастайды. Нота
таңдаңыздар.
Ойыншылар нотаны
таңдайды.
Жүргізуші: Нотада жасырынған әуенді
тыңдайық.
Әуен тыңдалады. Тетікті бірінші басқан топ
жауап нұсқасын айтады. Дұрыс жауап берсе, ойынды жалғастырады. Жауап
қате болса, келесі топқа кезек
беріледі.
ІІ «Халық музыкасы» бөліміне ұсынылған
халық әндері
1. «Сәулем-ай» әні.
2. «Ләтипа » әні
3. «Япырау» әні.
4. «Көзіңнің
мөлдірін-ай» күйі.
5. «Бір бала» әні.
Жүргізуші: Екінші бөлімдегі әндер
де табылды. Ойыншыларымызға қошемет көрсетейік. Әр топтың екі
бөлім бойынша жинаған ұпай қорытындысымен қазылар алқасы таныстырып
өтсін.
Қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларын
айтып өтеді.
Жүргізуші: Енді біздің ойыншыларымыздың қазіргі
қазақ эстрада жұлдыздарының орындауындағы әндерді қаншалықты
білетіндігін анықтайтын боламыз. Олай болса,
«Жұлдыздар әні»
бөлімін бастаймыз.Ойын шарты бойынша өткен екі
бөлімдегі нәтиже бойынша ұпай саны аз топ үшінші бөлімді бастасын.
Нота таңдаңыздар.

ІІІ «Жұлдыздар әні» бөліміне ұсынылған
әндер:
1. «Мелодрамма »
2. «Қызыл
раушан»
3. «Балқия»
4. «Көк
джигули»
5. «Сен менің
адамымсың»
Жүргізуші: Міне, үшінші бөлім де өз мәресіне
жетіп, жеңімпаздарды анықтар сәт туды. Әр топтың үш бөлім бойынша
жинаған ұпай қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз
кезегін қазылар алқасына ұсынамыз.
Қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларын
айтып өтеді. Жеңімпаздарды
марапаттайды.
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз сіздердің музыкаға
деген сүйіспеншіліктеріңізді, ынталарыңызды арттыра түсті деген
үміттеміз. Қатысушыларымызға зор алғыс білдіреміз.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз. Өнерлеріңіз өрлей берсін! Келесі
кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Қорытынды
сараптама
Музыкалық ойын сайысы барысында оқушыларға әрбір
бөлімдегі жасырынған әндерді табуда олардың жылдам ойлау
қабілеттерінің жетілуіне, есте сақтау қабілеттерінің дамуына, ести
отырып қабылдау қабілеттерінің артуына басты назар аудардым. Бұл
мақсаттарға жетуім әр бөлімге байланысты әуендерді тыңдату арқылы
ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мәні оқушылардың музыкалық
сауаттылығы мен қабілеттерін жетілдіруде, әуендерді табуда әр
баланың белсенді түрде қатысуына жағдай туғызылуында болды. Сондай
– ақ балалардың бір – бірімен қарым – қатынастарын жақсартып,
достық ынтымақтастықтарын арттыру көзделді.
Музыкалық ойын сайыста пайдаланылған көрнекілік құралдар, музыкалық
аспаптардың, нота таңбаларының суреттері, слайд оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай қолданылды. Ойын барысында оқушылардың сайысқа
деген қызығушылықтары мен белсенділіктері артып, сайыс өз
деңгейінде өтті деп ойлаймын
Ешім ауылының «ЖОББМ»КММ
«Әуенді тап»
музыкалық сыныптан тыс сабақ
Орындаған:Қадір.А.Б
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Әуенді тап» (музыкалық ойын сабақ)

шағым қалдыра аласыз