"Әуесқой Аспазшылар" сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әуесқой Аспазшылар" сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды өздеріне қызықты іспен шұғылдануына мүмкіндік беру. оқушылар сайыс бойынша өздерін бас аспаз есібінде сезініп, түрлі тағамдар дайындайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мақсаты:

  • Студенттердің өзге мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, аспаз мамандығы туралы білімдерін пысықтау;

  • Студенттерді жан-жақтылыққа, өнерге, шеберлікке тәрбиелей отырып,

көпшілік алдында ойын еркін айтуға үйрету;

  • Студенттердің шығармашылық идеяларын дамыту, ерекше қабілеттерін насихаттау.


Көрнекілігі: интерактивті тақта, тағамға байланысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, әртүрлі суреттер.



Байқаудың барысы:

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар

Бүгінгі өткелі отырған «Әуесқой Аспазшы 2017» байқауына қош келіпсіздер.


1-жүргізуші: Көрсетсін өздерінің өнерлерін,

Табындырып өнерге көрерменін.

Таныстырып өтейін мен ендеше,

Сайыстың қатысушы өрендерін–дегендей, бүгінгі сайысқа түскелі отырған

Жас аспазшыларымызды ортаға шақырайық.


«Фермер шаруашылығы» 1 тобының студенттері

Бранов Рақымжан

Мұратов Заманбек

«Электронды есептеуіш машинасының операторы» тобының студенттері

Мусин Дастан

Шаймардан Жоламан

«Электр газымен дәнекерлеуші» 2 курс тобының студенттері

Темірханов Заманбек

Заңғалиев Азат

«Электр газымен дәнекерлеуші» 3 курс тобының студенттері

Құспанов Әділ.

Молдагереев Ақылбек



1-жүргізуші: «Әуесқой Аспазшы 2017»байқауын өткізудегі басты мақсаты:

-Шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау.

-Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.

-Студенттердің ой еркіндігі мен шығармашылық шеберлікке тәрбиелеу

-мамандықтар арасындағы өзара тәжірбие алмасуды дамыту , студенттердің көпшілік алдында шығып, ойын еркін айтуға, сахнада өзін-өзі еркін ұстауға үйрету. Колледжішілік «Әуесқой Аспазшы 2017» байқауының жеңізпаздарын жариялау.


1.жүргізуші: Қазір ортаға ең тапқыр, ең батыл, ең білімді, ең дарынды,

Жас аспазшымыз шығып отыр, олар алдымызда өздерінің таланттары мен шеберліктерін, білімдері мен біліктерін ортаға салады.

Ал енді сайысқа қатысушылардың реттік санын жеребе тастау арқылы анықтайық.


1-жүргізуші: Әділдікпен баға берер баршаңа,

Әділдікпен қара қылды жаруға

Әділ-қазы алқаларын сайлайық

Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп, бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1. Директордың өндірістік оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Бауыржан Қалиев.

2. Колледжіміздің бас аспазы Жанар Ақташева.

3. Аспазшы мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Жарқын Мұңайтпасова.


1.-жүргізуші

Байқау шарттарымен таныс болыңыздар. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің іріктеуінен өткен 4 оқушы екінші кезеңге қатыса алады.


Бірінші кезең шарты:

  • «Таңғы көңіл» жұмыртқа қуыру.

  • «Әдемі әлем» бутерброд дайындау.

Екінші кезең шарты:

  • «Дәрумендер себеті» салаттар дайындау.

  • «Ас болсын» макарон дайындау.


1- жүргізуші. Осындай тапқыр достар кез–келгенде,

Жетсін–ау , жарыстарға жеңгенге не.

Қарсылас болған менен, достарсыңдар,

Тілейміз, ізгі тілек сендергеде- деп, сайысқа қатысушы студенттерімізді қошемет көрсетіп , сайысты бастау үшін «Аспазшы зертханасына» барайық.


Бірінші кезең

1.-жүргізуші

Табылар бойларынан кемер білім,

Арқалап келіп тұрған өнер жүгін.

Бүгінгі дәмді тағам салаттардан,

Көреміз сайыскерлер шеберлігін- дегендей, сайыстың бірінші шарты бойынша

«Таңғы көңіл» жұмыртқа қуыру бөліміне кезек береміз.

Ендеше іске сәт сайыскер аспазшылар!


1.-жүргізуші Сайысымыздың шарты бойынша бұл кезеңде

Аспазшыларымыз берілген тапсырмаға сәйкес жұмыртқа қуырып, дайындаған тағамына ат қойып, жасалу жолдарын қазылар алқасына түсіндіріп өтсін.


1-жүргізуші Сәт сапар тілеп бәріңе,

Бутерброд сайысын бастайық.

Көрсетіңдер өнерді,

Қалмаңыздар жасқанып- деп , сайыскерлеріміз бутерброд дайындаудан шеберлігін танытатын «Әдемі әлем» бөлімімізді бастаймыз.


1-жүргізуші Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Ең әдемі бутербродтар жасапты,

Сайыскерлер бір-бірімен таласып-

дегендей, аспазшыларымыздың дайын өнімін әділқазы алқаларына бағалауға жіберейік.


1.-жүргізуші Ал енді «жүзден жүйрік- мыңнан тұлпар» болып шыққан

Сайыскерлеріміздің бүгінгі нәтижелерін білу үшін, сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.


Екінші кезең

1.-жүргізуші. Құрметті сайыскерлер екінші кезеңге қатысуларыңызбен құттықтаймын.

Екінші кезең шарты:

  • «Дәрумендер себеті» салаттар дайындау.

  • «Ас болсын» макарон дайындау.


1.-жүргізуші. Аспазшы үлкен мамандық,
Тамағы тілді үйірген.
Сыйлайтын жанға денсаулық,
Өнерді түйген түйіннен. – деп екінші кезеңнің алғашқы бөлімі
«Дәрумендер себеті» салаттар дайындауды бастаймыз. Сәттілік серік болсын сайыскерлер!


1.-жүргізуші. Қолыңыздан тараған,
Керемет дәм мен көңіл-күй.
Бақ, байлық сізге тілесін,
Дәм татқан сізден әрбір үй- деп екінші кезеңнің екінші бөлімі
«Ас болсын» макарон дайындауды бастайық. Дайындаған тағамдарымыз әділқазылар алқасын таңғалдыратынына сенімдімін. Ендеше іске сәт жігіттер.


1.-жүргізуші Ал ендеше Үздіктердің үздігі болған, шеберлікпен шыңға жеткен жеңімпазды анықтау үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.



1.-жүргізуші

Бүгінгі жеңістеріңіз құтты болсын. Сайыскерлерімізге әрдайым ақ жол к тілейміз. Ең талантты, ең шебер әркезде өзім деп біліңіздер. Сау болыңыздар.






















«Қаратөбе колледжі» МҚКК






Келісемін:                                                                                           Бекітемін:

Директордың өндірістік-оқу жұмысы Колледж директоры:

жөніндегі орынбасары:                     _______________                     _______________                                                                               М. А. Салахаден

Б.М. Қалиев







«Әуесқой Аспазшылар 2017»

сайысы
















Дайындаған: өндірістік оқыту шебері

Ж.А. Таттигалиева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.01.2019
1333
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі