жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ауған ардагерлері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
«Гуманитарлы-экономикалық колледж» мекемесі
«Бекітемін»
Директордың
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
_____________
Асабаев Б.Е «____»__________
2019
ж.
Тақырыбы: «Ауған ардагерлері»
Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер пәндік циклдік комиссиясымен қуатталды.
Хаттама № __
«___» _________2019ж
Төрайымы: ______Жунусова М.С.
Дайындаған: Дәуренов Е.Д
Семей 2019 жыл
Тақырыбы: Ауған ардагерлері.
Мақсаты: Ауған ардагерлерінің ерліктерін дәріптеу. Ардагерлермен кездесу арқылы Отанын сүюге, батырлыққа тәрбиелеу.
Барысы:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар,оқушылар және бүгінгі кешіміздің қонақтары! Құрметті қонақтар, бүгінгі «Ауған ардагерлері » атты әскери-патриоттық кездесу кешіміздің мақсаты тарих қоржынының бір басында жатқан Ауған соғысы туралы оқушыларға мағлұмат беру, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін мәңгі құрметтеуге тәрбиелеу үшін ұйымдастырылып отыр.
2-жүргізуші:
Қазақстан-көк байрақты нұр едің
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Қыран құсым көк, аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр.
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
1-жүргізуші: Бүгінгі «Ауған ардагерлері » атты әскери-патриоттық кездесу кешімізді ашып беру үшін сөз кезегін мектеп-лицей директоры
Адилмырза Таждиновқа береміз.
2-жүргізуші: -Отан алдындағы қасиетті борышы мен парызын ерлікпен, батылдықпен атқарған және Ауған соғысында қаза тапқан ержүрек, әрі батыл қаһарман жауынгер ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық!
1-жүргізуші: Ауғанстан туралы не білеміз? Мұсылман мемлекетінің жағдайы туралы хабардарсыздар ма? 1978 жылғы сәуір төңкерісінен басталған елдегі ахуал алапат үзік-созық соғысқа әкеп соқтырды.
Тарих беттеріне үңілсек...Бүгінгі кеште бізде Ауған соғыс ардагерлерің таңыстырып өттейік .
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
2-жүргізуші:
Армысың Ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса - демекші, оқушыларымыздың арнайы дайындаған «Тағдырын білем ауған даласының » өлең жырларына кезек берсек.
1-курс білім алушыларынан өлең жырларын қабыл алыңыздар.
Ән- «Атамекен» орындайтын Жасауова Мадина Әсенова Баян.
1-жүргізуші:
« Тағдырын білем ауған даласының»
Қан майданда қан аққан бұлақтардан,
Ауғанның көк аспанын тұмандатқан,
Сұрапыл майдан бопты қасіретті.
Дұшпанмен бетпе-бет көп шайқастарда
Жасқанып шегінбеген, тайсалмаған,
Отан үшін бас тігіп айқасқанда,
Оққа ұшты қанша қазақ қайсар балаң,
Қанды кешіп жүреді алда ерлер.
Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,
Ассалаумағалейкүм, ардагерлер!
Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,
Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті
Тастаған енді ер жетер шақта қырып,
Кектерін олар үшін заман алар.
Кебенек киген ұлын аттандырып,
Қабірін құшап қалған аналар бар.
Ешбір қауіп Отаныма төнбесін,
Шамшырағы еш отаудың сөнбесін.
Берік болсын керегесі елімнің,
Жас ұрпағым, мұндай соғыс көрмесін.
Сөз кезегің қонақтарға берелік
2-жүргізуші:
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кемегенбіз шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты - демекші сөз кезегін Ауған ардагерлеріне береміз.
«Соңғы хат» Боздақтар мәнерлеп оқу Насыр Мөлдір.
1-жүргізуші:
Киеліндей жүретін кіл есінде
Кір түсірме ел деген ұл есімге.
Атамекен-бақыты бабалардың
Жеңіп алған сан ғасыр күресінде.
Күндерімен,түнімен, гүлдерімен
Өзіңдікі ол сенің білесің бе?
Ел де сені сүйеді кезегінде,
Өмір бойы жүреді ол өзегінде. Күләш Ахметова жырлағандай колледжіміздің білім алушылары, қазақ елінің болашақ жас ұландары ерлік істерді үлгі етіп , Отанымыздың іргесін қорғайтын патриоты боларына сеніміміз мол!
1-жүргізуші:
Ардагерлерге оқушылардан естелік қабыл алыңыздар:
Ән «Жаса Қазақстан»орындайтын Серікбекұлы Қуаныш.
1-жүргізуші: «Сыр сұхбат» алаңына келіңіздер. Сіздермен сұхбаттасып, әңгіме жүргізетін Мейранова Аружан
Аружан:
Біз соғысты көбінесе бұқаралық ақпарат құралдарынан, теледидардан, мұғалімдерімізден, оқулықтардан оқып, біліп жатамыз. Ал енді бүгін кездесудің, сұхбаттасудың сәті түскен екен, ендеше ойымызда жүрген сауалдарымызды қойып, жауабын біліп алайық. Қанша дегенмен көзбен көрген кісінің әңгімесі басқаша болады емеспе. Сұрақты бастап қоя берсек рұқсат па?
Соғыс қалай басталды? Сіздерді майдан даласына ерікті түрде алып кетті ме әлде күш көрсету, зорлық-зомбылық жасау арқылы ма?
Айтыңызшы, ауған соғысы өте қатал болды. Тіпті, баласынан айырылған аналарда, баласының соғыста қайтыс болғандығын ешкімге білдірмеу, айтпау керек болды дейді. Бұл қаншалықты рас, шындыққа жанасады ма?
Майданға қанша жас аралығындағы азаматтарды алды? Және де біздің Семей қаласынан соғыс даласына қанша адам аттанды, майданға кеткен азаматтарымыз түгел оралды ма?
Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп
жүрсіз?
5)
Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз
елінің патриоты ретінде қандай болу
керек деп
ойлайсыз?
6)
«Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын
жастар арасында қалай насихаттаған
дұрыс деп ойлайсыз?
Т.б. сұрақтар қойылады.
1
– жүргізуші:
Он жылға тарта созылған
бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды.
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына
30 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер
бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері
соғыс жарасынан айыға алмай келеді.
Бүгін өзімізбен бірге шығыс өңірінің
көсегесін көгертуге атсалысып жүрген
ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп
– құрметтеу – біздің борышымыз.
2-жүргізуші: Бүгінгі жас ұрпақ, Ертеңнің тірегі. Қазіргі кезде жастарға көп міндет жүктелгенін білеміз. Міндет деп айтуға да келмес, дұрысы барлық жағдай жасалып жатыр. Аллаға шүкір, мұң мұқтажымыз жоқ, мынадай кең сарайдай білім ордасында білім алудамыз. Бірақ біз бүгінгі жас ұрпақ, болашақта ел тірегі болатынымызды ұмытпауымыз керек.
Қорытынды
сөз / Ой түйін/
Жүргізуші: Құрметті
ауған соғысының ардагерлері, көрермендер,
Бүгінгі «Ауған асуында от кешкендер!»
тақырыбында өткен тарихи сабағымыздан
түйген ойларыңызды айта кетсеңіздер.
Ауған ардагерлеріне сөз беру
1
- Жүргізуші:
- Өтер жылдар, айлар тағы
алыстап
Тағдыр талай тауқыметін
табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер
ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар
- деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды,
ерлік өлмейді, замандарға жалғаса
береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда
жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт
өмірдегі жарқын істері, қоғамдық
жұмыстарға белсенділіктері, түрлі
кәсіпті игерудегі ерен еңбектері
ұмтылмақ емес.
2 - Жүргізуші:
Сонау
Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған
сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен
азаматтар бүгінгі таңда еліміздің
түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы
ағалар уақыт тауып келгендеріңізге
рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық,
жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз
ашық болсын, бейбіт өмір жасай
берсін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген