Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Ауған
жауынгерлері»
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына
адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Олардың достық,
адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін
дамыту.
Көрнекілігі:
Ауған соғысына арналған суреттер,қанатты
сөздер.
Өту барысы:
Ұйымдастыру.
Мұғалім:
«Ер есімі-ел
есінде»- деп дана халқымыз айтпақшы, жерлестеріміз туралы, тарих
туралы біле жүру ешқашан артық болмайды. Өйткені ол сенің
Отаныңның, туған ауылыңның
тарихы.
-Ауғанстан
туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл ертеден қалыптасқан мұсылман
мемлекеті. Бірақ, бұл ел бізге
ұмытылмас
қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің
жүрек жарар ұлын, біреудің бауырын бұл жалғанда жұлып әкетерін кім
білген.
Бүгінгі біздің
«Ауған
жауынгерлері» атты
тәрбие сағатымыз сол
кісілерге арналады.
1-жүргізуші:
Сержан,2-жүргізуші:Ғабит
Сержан:Ат басына
күн туса,
Ауыздығымен су
ішер.
Ер басына күн
туса
Етігімен су
кешер – дегендей 1979-1989 жылдары ауған жеріндегі соғыс апатын
шеккен азаматтарымыз аз емес.
Ғабит: 1978
жылдың сәуір айында Ауғанстанда революция жасалды. Революциялық
кеңес және Республика үкіметі құрылып, төраға қызметі Н.М.Таракиге
жүктелді. Жаңа үкіметтің нақтылы реформалық іс-әрекеттері дамыған
социалистік елдердегі құрылысқа ұқсас болды. Жаңа өмірдің
қалыптасуы барысында басқарушы партия арасында алауыздық пайда
болып, өзара тартыс басталды.
Сержан: Міне, осы Ауған соғысының
аяқталғанына 28 жыл
өтіпті. Сол кездегі
әсерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып,
қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып
отыр.
Нұрсұлтан:
Отан үшін оққа
тос кеудеңді,
Ерлігіңді,
өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған
бауырларың жер
жастанды,жерленді
Жебейді олар
әруағымен сендерді.
Аналардың көл
боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір
тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді
көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан
болған ер басы.
Ұлықбек:Мен
қазақпын ,ұланымын елімнің
,
Мен қазақпын ,
тірегімін жерімнің .
Ұланымын туын
көкке көтерген ,
Болашаққа алға
бастап жетелер.
Қиындығын
қазағымның әр-қашан
Қайыспайтын
қара нардай көтерер.
Ғабит:1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай
аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза
тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы»
аяқталды. Жылдар
өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.
Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған
кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан
алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет
тұтамыз.
Эльза:Еске алып
құрметтейміз,
Құрбандардың
рухын.
Қабірлері нұрға
толсын,
Суық көрде
жылынсын.
Есіл ерлер
ескерткішке
Айналсаңда біз
үшін
Мәңгі бақи
тірісіңдер, тірісің!
Ақерке:Жаулардан
қарсы келген жасқанбаған
Жасаған
ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір
жолың өнеге боп,
Тарихта
ардагерлер асқан бағаң.
Данияр: Қызығы
балалықтың тарқамаған,
Кезінде-ақ әр
ауылдан, әр қаладан
Аттанып қан
майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар
азабын арқалаған.
Әсел: Мен оның түнін сүйем, күнін
сүйем,
Ағынды өзен,асқар тау, гүлін
сүйем,
Мен оның қасиетті тілін
сүйем,
Мен оның қасиетті тілін
сүйем,
Мен оның құдіретті үнін
сүйем.
Бар жәндігін
сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған
«Отан»-деп сыбырлаған
Жаным менің,
кеудемді жарып шық
та,
Бозторғайы бол
оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік
екен
Мен оны
мәңгілікке сүйіп өтем.
Қази: Сақтады олар елін, жерін,
қонысын
Ақтады олар азаматтық
борышын
Сол үшін де қолтығынан
сүйейік,
Ардагерге-майдангерге
Иейік біз барлық
жерде
Басымызды сол
үшін.
Көрініс: «Ауған
жауынгерлері»
Нұржан: Жаулардан қарсы келген
жасқанбаған
Жасаған ерлігіне
мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге
боп,
Тарихта ардагерлер асқан
бағаң.
Мұғалім: - Өтер жылдар, айлар
тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін
табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер
ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар
- деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға
жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық
жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға
белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері
ұмытылмайды.