жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ауған соғысы
«№5 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
«Сәлем саған, Ауғанстан батыры!»
.
«Бекітемін» Мектеп директоры Муканова М.К
Тақырыбы:
«Сәлем саған , Ауғанстан батыры! »
Кештің
мақсаты:
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар
алып, оқушылардың ерлік қабілеттерін
кеңейту. Тарихи оқиға туралы мәлімет
беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
слайдтар, бейнесюжеттер, сахнаның
безендірілуі.
Кештің
өтетін орны: мектеп акт залы.
Түрі:
әдеби – сазды тарихи кездесу кеші.
Кештің
жүру барысы:
1
Оқушылардың кіру кезеңі.
2.
Ұран, өлең шумақтары.
3.
Ауған соғысында ерлікпен күресе білген
жандар өмірінен сыр шерту ...
Әнұран
1 жүргізуші:
Армысыздар
, ауғандық жауынгерлер!
Жырым
бар жараланған жаныңды емдер,
Өлгендердің
жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің
мың жаса, дәуірлеңдер!
2
жүргізуші:
-
Армысыздар саналы сөзді сары алтыннан
артық бағалайтын құрметті де қымбатты
қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
1 жүргізуші:
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 31 жыл толуына арналған «Cәлем саған ,Ауғанстан батыры » атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
2
жүргізуші:
Жауларға қарсы келген жасқанбаған
Жасаған
ерлігіне мастанбаған .
Ұрпаққа
өмір жолың өнеге боп,
Тарихта
ардагерлер асқан бағаң-дей келе батылдық
пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен
қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.
Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен
таныстырайық.
1.
2
1 жүргізуші: Соғыс –жан алып, жан беру. Соғыс – зұлымдықпен жазықсыз төгілген қан.Тарих жылнамасынан өзінің нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі Ауған соғысы
2 жүргізуші: Ия, Ауған соғысы 1979 жылдың 25 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. 1989 жыл ақпан айының 15 –де талай аналарымызды балаларынан айырған , мыңдаған бауырларымыз жапа шеккен қасыретті соғыс аяқталды.
1 жүргізуші:
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толса да әлі жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі мәңгі ел есінде. Біз жастар еліміздің сол соғысқа қатысқан ерлігін , отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарды , құрмет тұтамыз.
2 жүргізуші:
Бөгде елдің қыры мен байратында,
Ұрыс алды, мерт болды жаны пида,
Есіл ерлер сүйегі қалды солай,
Ауғанстан жерінің зиратында
1 жүргізуші:
Сендер көкке сіңіп кеткен нұрсыңдар,
Зәу биікте жұлдыз болып тұрсыңдар
Армандарын айырбастап ажалға ,
Туған жерге қайтпай қалған қыршындар,-деп өмірінің өлшеулі бір бөлшегін , жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от арасында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге оралмай қалған , Ауған соғысында көз жұмған қаһарман жерлестерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алайық.\1 минут үнсіздік\
2 жүргізуші:
Жас ұрпаққа саналы білім бере отырып, ұлтын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу бүгінгі мектептің міндеті. Мектеп білім ордасы, тәрбие ошағы .Қай елдеде болмасын патриоттық тәрбие жоғары болса , сол елдің саяси тұрақтылығы қарыштап , дамитыны хақ.
1 жүргізуші: Олай болса , құттықтау сөз кезегін мектебіміз директоры Муканова Магиза Какашовнаға ұсынайық.
(Оқушылардың тақпақтары)
2 жүргізуші
Батырды батыр ғана алмастырар,
Рухың көкке өрлеумен шарлап тұрар
Бейбіт күнді қорғайтын жас ұландар
Өмірін өнеге етіп жалғастырар .
1 жүргізуші : Біздің Қазақстаннан 22 мың адам Ауған соғысында болып қайтты. Олардың 1000-ға жуығы осы соғыста құрбан болды және Қазақстан жерінде жерленді, 21 адам із-түзсіз жоғалды. Сұрапыл шайқаста шейіт кеткендердің ішінде 121-і офицерлер, 44-і прапорщиктер, 202-і сержанттар, 653-і қатардағы жауынгер, 4-і кеңес армиясының жұмысшысы болды. Ал жалпы шығынның 362-сі қазақ ұлтының өкілі екендігі анықталды. Біздіңше бұл көрсеткіш те нақты емес.Бүгінгі таңда елімізде 10000 – ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.
Бейнебаян
2 жүргізуші: Ауған соғысына қатысқан ауданымызда тұрып жатқан ағаларымыз, бүгінде қаламыздың беделді азаматтары ретінде зор еңбек етіп жүр. Осындай қаҺарман азаматтарды қадірлеу , ерлік жолдарын паш ету –біздің парызымыз .
1жүргізуші:
«Ерлік
- жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен
бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір
бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі
үлесін оқ пен от астында өткізіп,
тағдырдың жазуымен елге аман – сау
оралып, туған жерімен қауышқан майдангер
ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей
сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау
– біз үшін бір ғанибет. Аталған тарих
беттерін парақтап, бүгінгі күнге жетіп
отырған ағаларымызбен сұхбаттасу үшін
ардагерлерімізді әңгімеге тартайық.
2жүргізуші:(Оқушылар
сұрақтары)
1.
Сіз Ауған соғысына барғанда неше жаста
едіңіз?
2.
Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып
берсеңіз?
3.
Соғыста жарақат алдыңыз ба? Сол кезде
не ойладыңыз?
4.
Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың
мақсат - мүддесі түсіндірілді ме?
5.
Бір деректерге сүйенсек, КСРО - дан
барған интернационалист - жауынгерлер
Ауған халқына соңғы нанына дейін бөліп
берген деседі. Осы қаншалықты шындық?
6.
Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық
Ауған соғысының ардагерлері бар екен.
Сіздер бір - біріңізбен майдандас ретінде
хабарласып тұрасыздар ма?
7.
Мектепте қандай оқушы болдыңыз?
Келесі
сөз кезегін қонақтарға береміз:
1жүргізуші:
Тұлғаларың
әрқашан биік тұрар,
Батыр
деген бұл сөзге сиып тұрар.
Ізгіліктің,
ерліктің, қайсарлықтың
Өсиетін
шүмектеп құйып тұрар .
2
жүргізуші:
Қан
кешкен он жыл,
Ерлікпен
өткен тозақтан.
Баласы
елдің құтқарар әркез азаптан,
Еліміз
тыныш, батырларымыз аман боп,
Жасасын
бірлік, атпасын енді азап таң.
Ән:
Амангелді Дамир,Маханов Мирас,Амангелді
Еркенович
1жүргізуші:
Құрметті
ауған соғысының ардагерлері , сіздердің
отты жылдардағы ерліктеріңіз
ешқашан ұмытылмайды! Отанды қорғау,
Отанға патриоттық сезімнің шынайы
үлгісін көрсете білдіңіздер.Келешек
ұрпақ сіздердің ерліктеріңізді үлгі
тұтады. Әрбір арайлап атқан таңдарыңыз
сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге
тыныштық, бақыт, денсаулық, жастарға
патриоттық тәрбие берудей игілікті
істеріңізге жеміс, табыс тілейміз.
Әрқашанда бейбітшілік ,тыныш заманда
мәнді де , сәнді ғұмыр кешулеріңізге
шын жүректен тілектеспіз!
Қорытынды сөз
кезегі мектебіміздің алғашқы әскери
дайындық пәнінің мұғалімі Амангелді
Еркеновичке беріледі.
1жүргізуші:
Осымен
«Cәлем саған ,Ауғанстан батыры »
тақырыбындағы кешіміз аяқталды.
Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген