15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші
І жүргізуші Құрметті кездесу кешінің қонақтары, ұстаздар және 8- 11 сынып оқушылары. Бүгінгі өткелі отырған «Ерлігің ұрпаққа үлгі» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
Мақсаты: Өскелең ұрпақты Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау, әскери спорт түрлерін дамыту.
ІІ жүргізуші Жыртылып тарихтың парақтары,
Жылжыған жылдар жүйрік сан аттады.
Жалмаған қанды кезде боздақтардың,
Жария болып жатыр, бар парақтары.
Көсем деп басын иген халқы қарап,
Көсеудей жендет болды қанды балақ
Әркімде үмітті еді болашаққа
Ұғым бар, артың-қараң, алдың-абат.
І жүргізуші Әттең-ай, кетті-ау қыршын асылдарым,
Алаудай енді мәңгі жансын арың.
Келді ғой ұрапқтары дүр сілкінтіп
Ұрпаққа аманатын тапсырар күн.
ІІ жүргізуші Биыл Кеңес әскерінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толып отыр.Осыған байланысты Бүгінгі кешіміздің қонақтары:Ауған соғысының ардагер жауынгерлері Ауданов Сәбит және Байжанов Қобылан ағаларымызды шақырып отырмыз.
Сөз кезегін Жем селолық округының әкімі Қариев Бейсенбай мыра мен мектеп директоры Қабдрахманова Сымбат Едігеқызына береміз.
І жүргізуші Тарих құралады өткен ізден,
Сұрайтын сауалы көп өскен бізден.
Қанды жыл зұлматымен ғайып болған
Сіздерді қалдырмаспыз есіміздін – дей келе, мектебіміздің әншісі 9 сынып оқушысы Балғымбаев Бейбіттің «Мен – Қазақпын» әніне кезек берейік!
ІІ жүргізуші Ендігі сөз кезегін Сәбит ағамыз бен Қобылан ағаларымызға берейік.
І жүргізуші Қазақын мен!
Көтерген асқақ үнімді.
Тұлғамды ұлы- тарихтың өзі ұғынды.
Кең дала сынды екпінім әр кез дүбірлі,
Жұлдызым жанған жеңіспен келген бүгінгі.
Күй « Ерке Сылқым » Орындайтындар:Таңжар Ерұлан, Таңжар Иманғазы, ЖаманқұлСержан, Төлеген Нұрболат
ІІ жүргізуші 2-нші бөлім Әскери қолданбалы спорт эстафетасының сайысы.
Мектеп.... Назар..... Ортаға ҚР- ның мемлекеттік туы енгізілсін.(Әнұран жіберіледі)
Әскери қолданбалы спорт эстафетасының сайысында 4- команда өнер көрсетеді.
Олар:1 – топ «Айбын» 8 кл
2- топ «Сұңқар» 10 А
3 – топ «Қыран» 10 Ә
4 –топ «Бүркіт» 11
Әділқазылар төрағасын сайлап алайық:
Ауған соғысының ардагерлері Сәбит аға мен Қобыланды аға және мектеп директоры Сымбат Едігеқызы және Қариев Бейсенбай мырза
Ортада «Айбын» командасы қалсын.
Ал, дайын болсақ бастайық!
І жүргізуші Қазақпын мен!
Кең дала сүйген құлындай.
Заманда зұлмат қалмаған түгел қырылмай.
Азаттық
үшін тартқанмын тура бұрылмай,
Өзімді қорғап, өзгеге жүрдім
ұрынбай.
І айналым. Противогаз киіп кір тасын көтеру
ІІ айналым. Кермеге тартылу (10 рет)
ІІІ айналым. АК – 74 автоматын бұзу және жинау.
ІҮ айналым. Оқжатарға оқты салу
Ү айналым. ОЗК кию
ҮІ айналым Нысана көздеу »
(Әр топқа әділқазылар бағасын беріп отырады)
ӘН «Ақайша» Орындайтын 5 сынып оқушысы Аманқосова Ұлдай
Ортаға «Сұңқар» тобы шақырылсын
Күй «Көроғлы» Орындайтын:Төлеген Нұрболат
Ортаға «Қыран» тобы шақырылсын
Ортаға «Бүркіт» тобы шақырылсын
Сайысты қорытындылау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.
ҚР- ның мемлекеттік туы шығарылсын!
ІІ жүргізуші Қазақпын мен!
Тәуелсіз елмін, егемен.
Осының өзі құдірет еді не деген!
«Аттан!» сап өткен ұраны баба жебеген.
Аруағы қолдап, қатайып қанат, демеген.
Тоғысса ғасыр- кеңиді елдік кенерем,
Елтаңба кетті ғарышқа самғар кемемен.
Тағдырға осы мың тәубе айтып берер ем,
Жасай бер мәңгі, Тәуелсіз қазақ –Егемен!
Хор «Туған жер» Орындайтындар: 6 сынып оқушылары
Кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры Сымбат Едігеқызына береміз.
Қорытындылау.Марапаттау
І жүргізуші Сіздер – өз заманыңыз туғызған, дәуіріңізді танытқан жауынгер- интернационалистсіздер.Халқымыз қай кезеңде де өзінің қайсар рухты ұлдарын ардақ тұтқан жасымас жігер, қайтпас қайсар, қаһармандығымен, жалынды жастық батылдығымен, тұлғаланып көрінген. Сіз және сіздердің замандастарыңыз жасаған ерліктің құдіретін халқымыз қадірлеп, жадында сақтайды. Сіздер небір ауыр сындарды – қанқұйлы қанды шайқасты, жауынгер достардан айырылудың азасын, соғыстан кейінгі қиындықтарды, жан азабын бастан кештіңіздер.Сонда да сыр бермедіңіздер.
І жүргізуші Сондықтан, сіздер, қазіргі ұрпақ үшін де, келер ұрпақ үшін де мәңгі – бақи жеңімпаз жауынгер болып қала бересіздер.
Алдағы уақытта: сіздерге зор денсаулық, жанұя бақытын, бала-шағаларыңыздың қызығын көруге, бейбіт ғұмыр кешулеріңізге шын жүректен бүгінгі кешке қатынасушы 8-11 сыныптар атынан тілегімізді білдіреміз.
Уақыттарыңызды бөліп,сырласқандарыңзға көп-көп рақмет айтамыз.
Біздің елімізде «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа – ұран, ардагерге тағзым».
Осымен кездесу кешін жабық деп жариялаймыз.
Жақсылыққа толы күндеріміз көп болғай!
№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
«Ерлігің ұрпаққа үлгі»
(Ауған соғысының ардагер жауынгерлерімен кездесу кеші)
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген