400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман, Тек сенен есте қалған...

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен есте қалған..» Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 7-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен болып отырған Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толған мерекесіне арналған «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен есте қалған..» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер.Батырлыққа уызынан жарыған,Ер төркіні байрағынан танығанӨзі ақын, өзі әнші халықтаКім айта алар болмаған,- деп Әнұран?!Мемлекеттік Әнұран орындалады.Жүргізуші: 1979 жылы Желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс- зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған өұлматтың бірі – Ауған соғысы.Ауған соғысы 1979 жылы 27желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. Он жылға созылған Ауған соғысы өрімдей жастардың өмірін қиды. Бұл соғысқа әскер қатарына алынған 18- 20 жас аралығындағы жастар ғана қатысты.Құттықтау сөз кезегі беріледі.Ән: Қайрақбаев Досқан. «Атамекен»Жүргізуші:Ауғанстан – Оңтүстік Азиядағы аграрлы ел. Экономикасының негізі – суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы. Ел астанасы- көне қалалардың бірі – Кабул. Жерінің төрттен үш бөлігін таулар алып жатыр. Халқы 20 дан астам әртүрлі этникалық топтардан тұратын мемлекет.Ауған соғысы туралы видео роликке назар аударайық.Бұл соғыс қалай басталды.1978жылдың 30 сәуірінде елдің Революциялық кеңесі елді Ауғанстан Демократиялық Республикасы деп жариялады. Ауғанстанға америкалық көмек аяқ асты тиылды. Бұл елден АҚШ барлық қызметшілерімен мамандарын шақырып алды. 1979жылдың 15 наурызында елдің Герат қаласының 20 мыңдай тұрғыны үкіметке қарсы бүлікті бұрқ еткізді.Ауған жетекшілері Кеңес одағынан тікелей әскери көмек беруі туралы өтініш жасады. Мәскеу уақыты бойынша 1979жылы желтоқсан айының 25 жұлдызында сағат 15. 00 де КСРО Қорғаныс Министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу басталды.10 жыға созылған ауған соғысына Қазақстаннан 22000 адам қатысып, олардың 924 – і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.1979жылы Ауғанстан соғысында КСРО 86 адамынан айырылды, оның 7-еуі қазақстандық.1980 жылы 1484 адамынан айырылды, оның 181 қазақстандық.1981жылы 1298 адам, қазақстандық 97,1982жылы 1948 адам, қазақстандық саны 168,1983жылы 1446 адам, қазақстандық саны 721984жылы 2343 адам, қазақстандық саны 103,1985 жылы 1868 адам, қазақстандық саны 86,1986-87 жылдары 1333 адам, қазақстандық саны 70,1988 жылы 759 адам қазақстандық саны 44 1989жылы 53 адам қазақстандық саны 8,Соғыс бар жерде зардап бар. Көптеген азаматтар із – түссіз жоғалып кетті, қайсыбір аналар жалғызынан айырылды. Ауған соғысының еліміз үшін әкелген адам шығыны мен зардабы аз болмады.Ендеше Ауған соғысында қаза тапқан бауырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.Жүргізуші:Уақыт өтіп кетседағы кеш мейліЕсімдері ел жадынан кетпейді.Білімді ұрпақ өз тарихын бағаларЕрліктері санамыздан өшпейді.Ән: Бауыржанова Ботагөз. «Ақкөгершін»Жүргізуші:Талай боздақ кетті отта қиылып,Талай ана үйде отырды сиыныпБірі келсе, бірі кетті келмескеТалай үміт сөніп жатты үзіліп.Болған оқиға желісімен «Ауған қазақ» қойлымын тамашалаймыз.Жүргізуші:Ауған соғысы 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің ауғанстан шекеарасынан шығуымен аяқталды. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Ешқандай сән салтанатсыз, құшаққа алынған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды.Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.Ұланымын туын көкке көтерген,Болашаққа алға бастап жетелер.Қиындығын қазағымның әрқашанҚайыспайтын қара нардай көтерер – деген жақсы лебізімен Оңайбаева Сымбатты «Сапта» әнімен ортаға шақырамызЖүргізуші: Қайманаға зар төктіріп қан майдан,Он жыл бойы естілмеді жайдарлы ән.Астымдағы тепеңкөкті терлетіп,Хабар – ошар тасып жүрмін майданнан.Хат әкелсем періштемін- мен дегенҮшбу хатпен сан жүректі емдегемШал -кемпірі, бала – шаға жол тосып,Хал сұрамай, хат сұрайтын ел менен.Ал, бүгін ше?Бүгін жолым болмады.Дорбамның да батпандай боп салмағы.Қара қағаз алып келе жатырмын,Оққа ұшыпты бір әулеттің ардағы.Бұған дейін талай үйге хат бердім.Ал бүгін ше?Жарылуға шақ келдім.Сүйіншілеп шауып кірер ауылғаБірінші рет қара қағаз ап келдім.Қанжығама қара хабар бөктеріп,Майдандағы келем жауға кектеніп.Күнде алдымнан шығушы еді үмітті ел,Енді мені кетер ме екен жек көріп?!Боздақ кетті, боздап кетті армандаТығырықтан шығар маған жол барма?Бір жапырақ қағаз үзіп үмітті,Бір шаңырақ құлап жатты дорбамда.Соғыс. Соғыс.Лаңдатқан жер үстін,Жүректердің сыбағасы беріш – мұң.Тұңғыш келген қара қағаз сездірді,Оңайлықпен келмейтінін Жеңістің.Көрініс. Майдандағы жауынгер хаты.Жүргізуші:Өтер жылдар, айлар тағы алыстапТағдыр талай тауқыметін табыстар.Өздеріңді жырлап өтер ұрпағыңАуғандағы азап шеккен арыстар – деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді.Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмақ емес.Ауған соғысы ардагерлері туралы арнайы репортажЖүргізуші:Ерлік - елдің туы. Ер қуаты қару болса, ел – қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес. Халықтың осы даналығы қайда жүрсекте, қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартайық.Би: Сарбаздар биіӘн: Оңайбаева Сымбат. «Самға»Жүргізуші:Гүлін жарып, жайқалып үміт бағы,Таңдарым ата бермек күліп тағы.Бізге мәлім жылжып жыл өткен сайын,Қырғи қабақ соғысты ұмыптағы.Дүниені достықтың орап әні,Көңіл сандық шаттыққа толады әлі.Өмірде шырын ішіп өскен ұрпақАщылықтық білмейтін болады әлі.Өтеді жаз, өтеді талай күз кеп,Кірпішін сәнді өмірдің қалаймыз көп.Сенемін «бомба» сөзін кейінгі ұрпақ,Түсінбей сөздіктерден қарайды іздеп.Бүгінгі Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толу мерекесіне орай өткізіліп отырған «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен есте қалған..» атты 7- сынып оқушылары дайындаған шағын кешіміз аяқталды.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі