Материалдар / Ауғанның асуында от кешкендер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ауғанның асуында от кешкендер

Материал туралы қысқаша түсінік
патриоттық сезімдері қалыптастыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ауғанның асуында от кешкендер
Мақсаты:

• Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «ауған ақиқатында » және де «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау
• Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау
• Отанды ,елін сүю,еліне ,халқына қызмет етуге тәрбиелеу
• Ұлттық сана ,ұлттық болмысымызды қалыптастыру,әсіресе ұлттық намыс,ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру ,дағдыландыру
Күтілетін нәтиже:
• Ауған соғысы туралы толық мағлұматтар алады
• Оқушылардың бойында Отанға деген патриоттық сезімдері қалыптасады
• Ауғанстан жерінде Кеңес Одағы армиясының құрамында болған Қазақстандықтар туралы мәліметтер алады
Көрнекілігі: презентация, бейнеролик, суреттер.
Формасы: тәрбие сағаты
Барысы: Кіріспе сөз:
Құрметті оқушылар! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер!
1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 – жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа - ұран» болатыны белгілі.
Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері бұл соғыста үйлеріне оралмады. Олардың ішінде қазастандықтар да бар еді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, мәңгілік алаулар жағылады. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян.
Бұл соғыстан қанша боздақтар оралмады, сол боздақтардың аналары әлі күнге дейін қара жабылып қасірет шегуде. Әр ана баласының кеміс те болса тірі келгенін құдайдан тілемей ме? Сол үмітінің ақталмай, баласының өлі денесін алудан артық анаға бұл дүниеде тең келер қандай қасірет бар?

Айым: Ауғанстан туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Бірақ, бұл ел бізге ұмтылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің бауырын бұл жалғанда жұлып әкетерін кім білген.

Гүлжан: Ауған соғысы туралы статистикалық мәліметтер
1976 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Тарих жылнамасының өзінің қаралы,нәубет жылдарымен орын алған зұламаттардың бірі-Ауған соғысы.
Қазақстандықтар саны – 22 мың 269 жауынгер
Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды
Жар ұшып ,бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралды
Хабарсыз кеткендер – 21
Кеңес Одағының батыры атағын алғандар – 86
Бейбіт күн кешіп жүргендер – 600

Айназ: Әлем бесігі қай уақытта да болмасын,дүрбелеңде ,жер адамзаттың алтын бесігі, сонда да адам баласы дүниенің қай түкпірінде жүрмесін,қандай ұлт ,ұлыс болмасын,тыныштықты ,бейбітшілікті аңсайды. Ауған жерінде саясат шытырманы шайқалтқан соғыс өртін басуға қатысқан ,қиямет атыс пен шабысты көзімен көріп,ерлік туын жықпай елге аман-есен оралып,жастарға патриоттық тәрбие беруде және батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыз арамызда.

Мұғалім сөзі: Бұл соғыста көптеген жас жауынгерлер қаза тапты, жараланып бір өмірге мүгедек болып қалды. Хабар- ошарсыз кеткендері де болды. Біздің Отанда бейбітшілік болса, Ауғанстанда көптеген біздің жас жігіттер интернационалдық борышын өтеу үстінде қаза тапты, жараланды.
ІІІ. «Ауғанстан соғысы – жарияланбаған соғыс»
Сымбат:
• 1979 жылдың 12 желтоқсанында Ауғанстанға Кеңес – Ауған шекарасына орналасқан Термезге келді және Түркістан әскери округі жұмысқа кірісті
• 1979 жылы 24 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңестік әскерді енгізу шешімі құжат арқылы қабылданды.Құжатта қабылданып жатқан шешімнің қысқаша түсініктемесі берілді. Онда : «Орталық шығыстағы әскери саяси жағдайға байланысты Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. Ауғанстан халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында ,сонымен қатар мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып,оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды.»
• 1979 жылы 25 желтоқсан күні 1500 – де КСРО қорғаныс министрлігінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес Әскерлерін кіргізу басталды
• 1979 жылы 26 желтоқсанда Ауғанстан территориясына түсірілген дивизияның міндеттері анықталып,соғыс операцияларына дайындалу жұмыстары басталды.

Ерасыл:
Кеңес әскерінің Ауғаныстандағы қызметі
• 1 – кезең: 1979 жылғы желтоқсан – 1980 жылғы ақпан аралығы .Бұл кезеңде Ауғанстанға енгізу, олады горнизондарға орналастыру ,жер – жерге орналастырылған бекеттер мен әр түрлі обьектілерді қорғауды ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылады.
• 2 - кезең:1980 жылы наурыз – 1985 жылы cәуір аралығы. Бұл кезеңде белсенді соғыс құрамаларымен бірлесе отырып АДР – дың Қарулы Күштерін нығайту және қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді
• 3 – кезең: 1985 жылғы мамыр – 1986 жылғы желтоқсан аралығы. Бұл кезеңде соғыс қимылдарынан ауған әскерлері әрекетіне кеңестік авиациямен ,артиллериямен және саперлік бөлімшерлермен көмек көрсету ауысуы
• 4 – кезең: 1987 жылғы қаңтар – 1989 жылғы ақпан аралығы. Кеңес әскерлерінің Отанға оралуына дайындық және толық шығып кетуі іске асты

Ауғанстан тарихынан дерек (бейнеролик)

Мұғалім сөзі: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызды біз қашан да мақтан тұтамыз.

Айкөркем:
Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата – ана, бала – шағасы, жары, дос – жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Рустам:
Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын.
Шайқасты олар қасық қаны қалғанша,
Бермек еді бейбіт елге қол ұшын.

Санжар:
Сапқа тұр, ақ ниетті адамдар
Кел, қосыл, бейбітшіл шеруге!
Тыныштық жауларын жеңуге
Бейбіт күн тулары самғасын.
Тыныштық тулары шарласын,
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп от басы қалмасын.
Жол берме соғысқа азамат
Сен ғана тыныштық қорғаны.

Қорытынды сөз:
Ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін – бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір – түкпірінде еңбек етуде.
Барша елімізді қорғаған ер азаматтарымыз, күндіз – түні шекарада кірпік қақпай тұрған сарбаздарымызға мың алғыс айтамыз.
Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.

Міне, құрметті қонақтар, «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!