Материалдар / «Ауғанның асуында от кешкендер!» (сценарий)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ауғанның асуында от кешкендер!» (сценарий)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауған соғысының ардагерлері. Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар.Бүгінгі «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер! -Тарих көші үнемі жаңаланып отырады.Десе де ұмытылмайтын,ескірмейтін тарихи оқиғалар болды.Соның бірі-әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы. 1979 жылы басталған соғыс 10 жылға созылды.1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылды. Бұл соғысқа 22 мың қазақстандық қатысты, олардың 761-і қаза тапты, 21жауынгар хабарсыз кетті. Содан бері 32 жыл өтіпті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2021
2770
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бектемін:

Мектеп директорының ТІЖО Утегалиева Б



«Ауғанның асуында от кешкендер!»

(сценарий)

Жүргізуші: 

Армысыздар ағалар, от кешкендер

Ақ тәндерін боршалап, оқ тескендер.
Армысыздар, ағалар, ардагерлер!
Ар сыналған жылдары от кескендер.
Қасіретін көзбен көрген жалғанның,
Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.
Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,
Соғысында қан кешкендер Ауғанның.

Армысыздар Ауған соғысының ардагерлері. Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар.Бүгінгі «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер! -Тарих көші үнемі жаңаланып отырады.Десе де ұмытылмайтын,ескірмейтін тарихи оқиғалар болды.Соның бірі-әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы. 1979 жылы басталған соғыс 10 жылға созылды.1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылды. Бұл соғысқа 22 мың қазақстандық қатысты, олардың 761-і қаза тапты, 21жауынгар хабарсыз кетті. Содан бері 32 жыл өтіпті.

Жүргізуші: Елбасымыз Н.Назарбаевтың ауған соғысы туралы сөзінде : « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар .Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер,ардақты ағалар,аяулы әкелер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен бүгінгі кездесуді өткізіп отырмыз
Жүргізуші: Бүгін кездесуге келген , Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен таныс болыңыздар: (ардагерлер таныстырылады)

1.Имангалиев Ерболат Сағынбайұлы – Ауған соғысының ардагері

3. Мұқанов Ербол Махсотұлы – Қаратөбе аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы

4. Берікжан Гарапшаұлы - Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы

5.Жоламанов Нүрберген Жаңабайұлы- Қаратөбе аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» басшысы

Осындай ержүрек қайтпас қайсар жауынгерлердің арқасында жат жердің болашағы үшін, бейбіт өмірі үшін соғыста қаза тапқан батыр ағаларымызбен есіл боздақтарымыздың рухына тағзым етіп 1 минуттық үнсіздік жариялаймыз.

Ендігі кезекте Ауған соғысы туралы бейнефильмді ұсынамыз. Назарымызды экранға аударайық.


Жүргізуші: Ардагерлер,

Айтса ертек көргендері,

Табандары таймаған өрден кері.

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

1-жүргізуші: Ауған соғысы кезіндегі қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты, олардың бір-біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге болғандай. Кір жуып,кіндік кескен жері үшін,аялап,әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп,от кешкен ер азаматтарымыз ешқашан ұмытылмайды. Ауған соғысында мерт болған ерлердің рухына, елге аман оралған, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ағаларымызға мың тағзым! Құрметті ардагер ағалар.Ортамызда сіздермен кездесуге зор ықыласпен келіп отырған Қазақстан жерін қорғайтын азаматтар ,арттарыңыздан ерген ұрпақтарыңыз,болашақ жауынгерлер отыр. Сол балаларға Ауған соғысы кезінде бастан кешкен оқиғаларыңыз жайлы қысқаша әңігімелеп берсеңіздер. Сөз кезегі өздеріңізде.
( сөйлеп болған соң)
1-жүргізші:Ардагер ағаларымызға ойландырып жүрген сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады. ( оқушылар сұрақтар қояды)

1- сұрақ: Елбасының ойынша ұлттық текті сақтап қалуға мүмкіндік беретін басты көрсеткіш – бұл патриоттық тәрбие. Сіздердің ойларыңызша патриоттық сезім неден басталуы тиіс?

Жауап: патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, яғни туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады.

2-сұрақ: Отанды сүю міндетің,

Отанды қорғау- парызың осы тіркесті кездесуге келіп отырған болашақ отан қорғаушыларына түсіндіріп өтсеңіздер

Жауап: Отанды ,елді қорғағанда, атақ алу үшін, абройға кенелу үшін емес, ұрпағым, елім, жетім болмасын Отансыздықтың азабын тартпасын деп қорғау керек. Өйткені отан деген туып өскен жерің ғана емес ол күнделікті отбасы, ошақ қасың, құрбы құрдастардан құралған ыстық ауылың, қадірлі ата-ана, сүйікті жар, сүйкімді бала.

3. «Соғыс» деген алғашқы сөзді естігенде ,өзіңізді қалай сезіндіңіз?

4. Алғашқы оқ дыбысы,жарылыстарды көргенде бойыңызда қорқыныш болды ма?

5. Сіздер өз Отандарыңызды емес,өзге Республиканың жерін қорғау үшін бардыңыздар.Бірақ сіздерде ,сол жердің жауынгерлерімен бірге ,жауға қарсы шықтыңыздар, олар сіздерге ризашылығын қалай білдірді?

6. Отбасыңызды ,еліңізді сағынғанда өзіңізді қалай жұбатып жүрдіңіз?

7 «Соғыс бітті,елге қайтасыңдар» деген сөзді естігендегі сіздердің қуаныштарыңызда әрине шек болған жоқ.Ерекше қуанған кездеріңіздегі сезімдеріңізді айта аласыздар ма?


Жүргізуші. Сөз кезегі Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Гарапшиев Берікжан ағамызға беріледі.


Жүргізуші: Қаншама ана айырылды баласынан,

Бала күтті, әкесін теңіз жағасынан.

Шүберекке түйіп жанын,елең етіп

Ана байқұс, әр дыбысқа жаутаңдаған.

Құрметті ардагер ағалар сіздердің құрметтеріңізге

ӘН: « Туған жер » орындайтын Сағызбай Айзат .Қабыл алыңыздар!

Құрметті ардагер ағалар мектеп ұжымы мен оқушылары сіздерді құрметтейді,ерлік істеріңізді мәңгі есте сақтайды.Ешқашан соғыс болмасын деп,жас сәбидің гүлі солмасын деп,аналар жыламасын деп,ерлеріміз жат жерде болмасын деп, ақ бата мен ақ тілекті сіздерден күтеді. Ақ бата немесе тілектеріңізді білдірсеңіздер.

Жүргізуші:
Өткеніміз ұмытылмайды. Бүгініміз бейбіт күн, Ертеңіміз жарқын болсын, бейбіт өмірдің ақ таңында көріскенше күн нұрлы болсын құрметті ардагерлер ! Қош сау болыңыздар!







Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі













Тақырыбы:



«Ауғанның асуында

от кешкендер!»

(сценарий)

















2020-2021 оқу жылы









Анықтама





Ауғанның асуында от кешкендер!



2021 жылдың 16 ақпанында аудандық білім беру бөлімімен бірлескен Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ауған соғысының Иманғалиев Ерболат Сағынбайұлы, Қаратөбе аудандық "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының" басшысы Жоламанов Нұрберген Жаңабайұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшаұлы қатысты. Кеш барысында жас ұрпаққа өнегелі әңгімелер айтылып, сұрақтар қойылды. Кешіміз ән-шашумен жалғасын тапты

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!