400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ауғанның жаңғырығы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Біз интернационалистпіз» тақырыбында патриоттық акциясының іс-шаралар жоспары жасақталды.Жоспар бойынша «Біз интернационалистерміз» тақырыбында патриоттық әндер байқауы өткізілді. Жүлделі орын алған оқушылар, мектепішілік өткізілген «Ауғанның жаңғырығы» тақырыбындағы Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуде әндерін орындады. Кездесуге Жазықбаева Майра Уақитқызымен және Маралов Сәтжан Сәнжанұлымен шақырылды. Кездесуге оқушылардың әкелері де қатыстырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


А.Чехов атындағы №14 орта мектебі

Ауған соғысының 30 жылдығына орай өткізілетін «Ауғанның жаңғырығы» тақырыбындағы

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу сценарийі

2018-2019 оқу жылы


Мақсаты:Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.


Әдісі: еске алу сабағы


Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Баннер. Шарлар. Қанатты сөздер


Кездесу бағдарламасы:

1.Ауғанстан соғысы тарихы туралы

2.Ардагерлердің естеліктерін тыңдау

3.Майданда туған жыр

4. Қорытынды


(фанфары)


1.Жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

2.Жүргізуші: Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары! Елбасымыздың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық актісі мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты мектепішілік өткізіліп отырған «Ауғанның жаңғырығы» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Мемлекеттік гимні орындалады.

1.Жүргізуші:

Бүгінгі біздің кешіміздің құрметті қонақтары , Ауған соғысының ардагерлерімен таныс болыңыздар.

1. Майра Жазықбаева Уахитқызы

1.Медеуов Наурызғали Қонысбайұлы

3.Маралов Сәтжан Сәнжанұлы

4.Насихатов Аманолла Өсиетұлы






2.Жүгізуші: 1989 жылы, ақпан айының 15-інде талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын, Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.

(Сағат үні)

Рахмет отырыңыздар!

1.Жүргізуші

Ардагерлер

Айтса ертек көргендері

Табандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

Ауған соғысы туралы ойын ортаға салу үшін сөз алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Байдәулетов Бекалыға беріледі .

Жүргізуші

1979 жылы Ауғанстан жерінде болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Мейлі өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із- түссіз жоғалып кетті. Ауған соғысында біздің жерлестеріміз де ерен ерлік көрсетті.

Сөз кезегін Маралов Сәтжан Сәнжанұлына береміз. Сәтжан аға қай жерде дүниеге келдіңіз,қай мектепте оқыдыңыз, Ауған жеріне қашан бардыңыз толық айтып берсеңіз.


Жүргізуші: Сәтжан Сәнжанұлы әңгімеңізге көп рахмет.



Жүргізуші

Енді кезекті қонақтарымызға берсек, алғашқы сөз кезегін Жазықбаева Майра Уақитқызы өзіңізде.

1 жүргізуші:

Майра Уақитқызы сіздің тәрбие мен тағлымға толы әңгімеңізге рахмет.


Жүргізуші: Ендігі сөз кезегін Медеуов Наурызғали Қонысбайұлына береміз.


1 жүргізуші: Наурызғали Қонысбайұлы әңгімеңізге көп рахмет.


2 жүргізуші

Оқушылар ардагер ағаларға сұрақтарыңызды қоюға болады.



1Жүргізуші

Бүгінгі шарамызға мектебіміздің оқушыларының әкелері қатыстырылып отыр. Енді сөз кезегін әкелерімізге берсек.


1 Жүргізуші

Ендігі сөз кезегі мектебіміздің оқушыларына беріледі.

1- оқушы

Қан майданда қан аққан бұлақтардан,

Қанды кешіп жүреді алда ерлер.

Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,

Ассалаумағалейкум, ардагерлер!

Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,

Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті.

Ауғанның көк аспанын тұмандатқан

Сұрапыл майдан бопты қасіретті.


2- оқушы

Не болды екен көңілім тыншымайды,

Кім болды екен басатын гүл шырайды.

Енді ғана нұрланған бұл өмірдің

Ақ жолынан алыста жүрші қайғы.?!

Үзілді гүл бүршік атқан жаңадан,

Қиылды өмір енді ғана жаңарған.

Наз көңілдер су сепкендей басылды,

Төгілді жас жабырқаулы жанардан.

Соғып өтті тіршіліктің ызғары

Болғаны ғой... осы өмірді бұзғаны.


3- оқушы

Бәрі де ортақ, тек шекаралар арада

Әттең, тек содан көңілім менің қайтатын.

Талассын таңы, күнменен бірге шағылсын,

Бейбітшіліктің жұлдызы көктен жағылсын.

Жұдырықтай боп жұмылған жұмыр жерімнің

Басынан тайсын бар жамандығы арылсын.

Әлемнің жаны, бір болса екен, тілегі,

Тек бейбітшілік деп соқса екен жүрегі.




4- оқушы

Ұмытпайды артта қалған ұрпағың

Еске алады жыл сайын

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал бүгінде мақтан етер ұрпақтары

Жеңіс алып еліне жеткендерді.

Тыныштық боп осылай тұрса күн,

Жас бүлдіршін жаға берер жыр шамын.

5- оқушы

Отан үшін бас тігіп, айқасқанда

Оққа ұшты қанша қазақ қайсар балаң.

Тастаған енді ер жетер шақта қырып,

Кектерін олар үшін заман алар.

Кебенек киген ұлын аттандырып,

Қабірін құшып алған аналар бар.

Қарғыс атқыр, бағасыз артық қойдан.

Сұм соғыс ғазиз жанды опырады.

Ауғанда неше боздақ қалып қойған

Бұйырмай туған жердің топырағы.


1 Жүргізуші

3 «ә» сынып ұл балаларының орындауында «Ән салшы сарбазым» әнін қабыл алыңыздар.


2жүргізуші

6-7 сынып оқушыларының орындауында Асыл Жандәулетовтың «Сарбаздар» әнін қабыл алыңыздар.


1Жүргізуші

Инамат Хасанның орындауында «Сарбаздар » әнін қабыл алыңыздар


1Жүргізуші

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсен ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын

Мерекелік шарамызды қорытындылау үшін сөз мектебіміздің директоры Нуркалиев Болатбай Серікұлына сөз беріледі.

1 Жүргізуші

Кездесуімізді «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.

2 Жүргізуші

Осымен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Ауғанның жаңғырығы» тақырыбындағы кешімізді аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Келесі кездескенше еліміз аман , жұртымыз тыныш болсын!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі