жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Ауғанның от — жалыны».
Тақырыбы: «Ауғанның от — жалыны».
Мақсаты:өз Отанына шексіз берілген,патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге,есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі:слайд,кітап сөресі
Шақырылған қонақтар:Ауған соғыс ардагерлері:Мусин Сайран Шәріпұлы,Жантуғанов Серкелбай Төлемісұлы.
Кездесу кештің барысы:
1-Жүргізуші:
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30- жыл толуына арналған «Ауғанның от — жалыны» атты жауынгер интернационалистермен кездесу кешін Бірге: ашық деп жариялаймыз!
2-Жүргізуші:
—
1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің
ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес
әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды.
Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген
қан.Тарих жылнамасынан өзінің қаралы,
нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың
бірі –Ауған соғысы.
1-Жүргізуші:
1989 жыл 15 ақпан – Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата әкетілді.Өткеніміз өз елесінде қалу жолында әр жылдың 15 ақпан күні —Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні болып есептеледі.Бүгінгі күні арамызда осынау алапат ойранға қатысып келген жерлестеріміз де аз емес.Олай болса бүгінгі кездесу сағатымыздың құрметті қонақтары — жауынгер – интернационалистерге: Мусин Сайран Шәріпұлы,Жантуғанов Серкелбай Төлемісұлына қошемет көрсетейік.(Қонақтармен таныстыру)
1.Армысыздар, ағалар, от кешкендер!
Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер.
Армысыздар,ағалар,ардагерлер!
Ар сыналған жылдары от кескендер.
2.Қасіретін көзбен көрген жалғанның,
Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.
Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,
Соғысында қан кешкендер АУҒАННЫҢ.
3.Армысыздар, ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өткен күндер есіңнен еш кетпейтін
Әрқашан ұзақ жасап, дәуірлеңдер.
4.Жалын жастан зарын татқан Ауғанның,
Тар жол, тайғақ кешіп өскен тарланмын.
Өмір үшін өлімге де сан бардым
Ал, бармауға намыстандым, арландым.
5.Алысып қас дұшпанмен қасарысқан,
Адалдықпен от кешті жас арыстан.
Лайық бүгін жылдар жылжып өтсе дағы
Жауынгерлер бар құрмет пен алғысқа.
6.Оралмай сан боздақтар кетті қанша,
Қалды ау талай ғұмыр тау мен таста.
Ауған жері, ауған елін қорғаймын деп,
Жастары жетпеген ед 20 жасқа.
7.Міне өтті қас қағымда 30 жыл,
Еске алып ұрпақтарың жазады жыр.
Ерлерді ешқашанда ұмытпаймыз,
Отанмен әрқашанда жаны да бір.
8.Ағаларым жаралған ерлік, рухтан,
Оққа ұшып, отқа күйіп, ел қорғаған.
Отан үшін қан майданда жерді құшып,
Бізге күнді, көк аспанды сыйға тартқан.
9.Кеуделерің біздерге кең сарайдай,
Мейірменен қарайды бір тарамай.
Сіздер жайлы толғансам оралардай
Ойы отты, ұшқынды сөз алаудай.
10.Бір кезде жауыздықпен жүрген сайрап,
Дұшпандар айдалада жатыр жайрап.
Қарайды аға батыр айналаға,
Бойынан лапылдайды жігер, қайрат.
11.Келеді қос жанары отша жанып,
Ағалардың ерлігіне елі қанық.
Есімі ешқашанда ұмытылмайтын
Тарихта аңыз болып қалары анық.
12.Сколько их полегло
На далекой Афганской войне и земле
Начинающих жить
И погибших уже на рассвете
Кто заплатит за смерть.
За клек сыновей?
Но для всех матерей
Это добрые, нежные дети
13.Время выбрало нас,
Закрутило в Афганской метели
Нас позвали друзья в грозный час
Мы особую форму надели.
И в огни горных трудных дорог
Своей кровью крапили походы
Не заметили в вихре тревог.
Как минуты прессуются в годы.
1-Жүргізуші:
Өтер жылдар, артып тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар
— деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.
2-Жүргізуші:
Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі ,
Халқым аман болсыншы - деп тіледі.
Егеменді ел болып, етек жаптық,
Төбемізден көк байрақ желбіреді.
1-Жүргізуші:Құрметті жауынгер интернационалистер, cіздердің құрметтеріңізге 6-сынып оқушыларының орындауындағы «Бейбітшілік»әнін қабыл алыңыздар!
Ән «Бейбітшілік» 6-сынып
1-Жүргізуші: — Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.
2-Жүргізуші:
— 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 10- жылға созылды.
Жау дейміз — ау,қолдан жасап жауынды,саясаттың солақайы уландырған тамырды,бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді.
1-Жүргізуші:Бұл соғысқа Қазақстаннан 21979 адам қатысып,оның 780-і қаза тапты,ал 22 – сі хабарсыз кетіп,із түссіз жоғалып кетті.Сұрапыл соғыс жылдарынан бейнебаян көрейік.
-----------Бейнебаян «Голубые береты».
1-Жүргізуші:
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1- минут үнсіздікпен еске алайық.
------------(Минута молчания)
1-Жүргізуші:«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария.Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп,естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет.Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер.-------------------(Әңгіме сұхбат жүргізіледі)
Соғысқа шақырту алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?
Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?
Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыздар?
Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен.Сіздер бір — біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?
Кейінгі ұрпаққа айтар тілектеріңіз?
1-Жүргізуші:Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30-жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді.Бүгін өзімізбен еліміздің абыройын асқақтатуға ат салысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп — құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.--------------- (Сыйлықтар беру)
1-Жүргізуші:
Отан алдындағы борышты адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағына тәуекелге бел буып барып келген сол кездегі жалынды жастар, қазіргі таңда жігіт ағасы болған сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар. Сіздердің Отан алдындағы жауапкершіліктеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі болсын.
---------------------------------------Би «Кукушка»
1-Жүргізуші:Енді ондай соғыс ешқашан болмасын.Тәуелсіз елімізде мәңгі тыныштық орнасын!Еліміздің көк туы биікке желбіресін!
1-Жүргізуші: Сіздер бізге қашанда үлгісіздер,
Тым алысты көретін дүрбісіздер.
Адамзатқа жақсылық әкелуде,
Жапырақты, саялы, бүрлісіздер.
1-Жүргізуші :
Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,
Батыр деген бұл сөзге сиып тұрар.
Ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың
Өсиетін шүмектеп құйып тұрар.
1-Жүргізуші :Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып, шақырғанымызға келгендеріңізге көп — көп рақмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі.Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз.Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше күн жақсы!
1-Жүргізуші :Қан кешкен он жыл,
Ерлікпен өткен тозақтан.
Баласы елдің құтқарар әркез азаптан,
Еліміз тыныш, батырларымыз аман боп,
Жасасын бірлік, атпасын енді азап таң.
Құрметті ардагерлер! Мерекелеріңіз құтты болсын. Қатарларыңыз сиремей,елдің рухын көтеріп,жылдан жылға,аман есен жүре беріңіздер демекпіз.Хош, сау болыңыздар!!!
КММ «Горное негізгі мектебі»
Ауған соғысы ардагерлері мен кездесу
Тақырыбы: «Ауғанның от — жалыны».
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген