400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"АУҒАННЫҢ ОТ ЖАЛЫНЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
ТАҚЫРЫБЫ: АУҒАННЫҢ ОТ ЖАЛЫНЫ Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, патриоттық тәрбие беру. 1. Білім алушыларға ауған соғысы тақырыбында түсінік бере отырып, жан - жақты талқылап, ой бөлісу. Ауған соғысында ерен еңбек пен ерлік көрсеткен ерлерді таныстырып, білімдерін толықтыру. 2. Білім алушылардың ойлау, саралау, өз пікірлерін ортаға салу қабілеттерін арттыру, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру. 3. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Көрнекілігі: интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер. Тәрбиелік іс шараның түрі: таным сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ:

АУҒАННЫҢ ОТ ЖАЛЫНЫ

Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, патриоттық тәрбие беру.

1. Білім алушыларға ауған соғысы тақырыбында түсінік бере отырып, жан - жақты талқылап, ой бөлісу. Ауған соғысында ерен еңбек пен ерлік көрсеткен ерлерді таныстырып, білімдерін толықтыру.

2. Білім алушылардың ойлау, саралау, өз пікірлерін ортаға салу қабілеттерін арттыру, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.

3. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

Көрнекілігі: интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер.

Тәрбиелік іс шараның түрі: таным сағаты.

ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

1) Кіріспе әңгіме:

2) Ауған соғысынан зардап шегушілер статистикасы:

3) Әңгімелеу.

4) Танымдық сұрақ:

- Өздерінің Ауған соғысы жайлы білетін мәліметтер

- Соғыстың қазақ еліне алып келген зардаптары

-Соғыстан зардеп шеккен ерлерге көрсетілетін көмек түрлері.

5) Постермен жұмыс:

Әр топқа тапсырмалар беріледі. Топпен жұмыс жасап сол тапсырманы жан- жақты қорғау қажет.

І топтың жұмысы. «Осы күннің батырлары» тақырыбы туралы

ІІ топтың жұмысы. « Мәңгілік ел» туралы

ІІІ топтың жұмысы. « Патриот болу үшін ер бала бойындағы қандай қасиеттер болу керек?»

6) Ой түйін : (білім алушылар интерактивті тақтада «Ауған соғысы» бейнесін құрып, ой қорытындысын жасайды)

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

7) Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)



«АДАЛ ДОСТЫҚ – АДАМГЕРШІЛІК БЕЛГІСІ».

Мақсаты: «Адал достық – адамгершілік белгісі» тақырыбын тренинг арқылы ұйымдастырып, білім алушыларды адамгершілік сияқты асыл қасиетпен таныстыру.

Міндеттері:

1.Достық сезіммен, достықтың түрлерімен таныстыру арқылы адамгершілік сияқты асыл қасиетті қадірлей білуге, ойларын ашық, айтып үйрену, мақал- мәтелдердер туралы білімдерін, жағдаяттар шеше білу қабілеттерін дамыту.

2. Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу.

3. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, түрлі-түсті қарандаштар, шарлар, достық туралы суреттер, сөзжұмбақ, ақ парақтар, майшам.

Тәрбиелік іс шараның түрі: тренинг.

ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

Тренинг ұраны: Жлдасы көптің – олжасы көп.

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ.

2) Тренинг ережелерін қабылдау:

  • Шуламау;

  • Бір-бірінің пікірін сыйлау, санасу;

  • Басқаның сөзін бөлмеу;

  • Уақытты тиімді пайдалану;

  • Тренер айтқан тапсырманы орындау;

  • Белсенді болу;

  • Қатыспаймын дегеннен аулақ болу;

  • Топпен бірігіп жұмыс жасау.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

1) Кіріспе әңгіме:

2) Білім алушылар аудиториясы не дейді?

Нұсқаулық: Тақырыпты ашу сұрақтарына толыққанды жауап беру.

1) “ Дос деген кім?”сауалына сызба арқылы жауап беру.

2) Достық дегенді қалай түсінеміз?

3) Досың бар ма? Ол қандай?

4) Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

5) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?

6) Достық жасқа байланысты ма?

7) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

8) Досыңды неге теңер едің?

9) Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

10) Сіз үшін ең маңызды мәселе?

11) Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?

3) “Жалғастырып көр” ойыны.
а) Әрбір адамға дос керек. Өйткені...
ә) Менің тобыма немесе досыма тілегім...
б) Сыйластық бар жерде...

4) «Сөйлейтін алақандар» ойыны.

Нұсқаулық: Топтағы барлық білім алушылар 2-ден бөлініп, қарама-қарсы отырып, көздерін жұмған қалыпта амандасады, қал-жағдайларын сұрайды, не жаңалық бар, ұрсысады, достасады, жақсы тілек айтып қоштасады.

5) Өміршеңдік ережесі

Нұсқаулық: Әр адамның ережесі – өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талап-танып, өміршеңдік ережелерін айтайық.
1. Жігер деген – Мен
2. Күш деген – Мен
3. Махаббат деген – Мен
4. Кешірім деген – Мен
5. Құдірет деген – Мен
6. Жасөспірімдік деген – Мен
7. Жастық шақ деген – Мен
8. Денсаулық деген – Мен
9. Адалдық деген – Мен
10. Жарқындылық деген – Мен
11. Бар ғажайып деген – Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

  1. Қорытынды кейіп «Смайл»

Нұсқаулық: Енді бүгінгі семинар-тренингімізді бір ғана кейіппен

қорытындыласақ. Мысалы: Балжан сенің бүгінгі тренингтен кейінгі кейпін ... («ок» деген сөзді қолмен көрсетеді) және т.б.

  1. «Алғыс айту» ойыны

Нұсқаулық: шеңбер бойымен отырған қалыпта, қолымызға майшам алып,

«Сен сияқты ... досым болғанына рахмет » фразасын аяқтаймыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі