Материалдар / Ауғанстан - журектегі жара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ауғанстан - журектегі жара

Материал туралы қысқаша түсінік
АӘД пәні оқытушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Бектімен»

Мектеп директоры:

Б.С. Куртаева

15 .02 .2018ж

103 жалпы орта мектебі





Shape1





Шымкент қаласы

2017-2018 оқу жылы



ОҚО Шымкент қаласы Қаратау ауданы Таскен тұрғын алабы

103 жалпы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі

Нұсқабаев Бақытжан Қалтайұлы

Сынып: 10"ә"

Тәрбие сағаты: «Ауғанстан - журектегі жара»

Мақсаты:Жастарға патриоттық сезімді,Отанға адал қызмет етуге баулу

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.

Сабақ бағдарламасы:

1. Отан туралы өлеңдер

2. «Тәуелсіз Қазақстан» (видеоролик)

3 . Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама (видеоролик)

4 . Күй «Кероғлы»

5. Терме

7. Қорытынды

Сабақ жүрісі: Ашылуы

Жүргізуші - Жұмагүл

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік



Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!

Жүргізуші - Жұмагүл

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған,- деп - Әнұран?!

Әнұран орындалады.

Жүргізуші - Жұмагүл

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты

«Ауғанстан - жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші - Жұмагүл: Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Рахмет отырыңыздар!

Жүгізуші - Жұмагүл

1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

(Отан туралы өлеңдер.)

Аққерке:

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін

Достым, білгің келе ме?

Әлшер:

Отан - сенің ата - анаң

Отан - досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, өз халқың!

Отан - өлең, Отан - жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан - осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

Отан деп өсіп жан - жағың,

Оны ардақтап, сүйе біл!

Мағжан:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен -

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Талшын:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан»- деп сыбырлаған

Нұрлыхан:

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен.

(Қазақстан туралы бейнеролик экранға назар аударайық)

Жүргізуші - Жұмагүл: Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала - шағасы, жары, дос - жаран туысы. Солармен бірге жалғанған, көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Жүргізуші - Жұмагүл: Сыныбымыздың оқушылары Нысанбаев Қайрат және Нысанбаева Қарлығаш Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.

Нысанбаев Қайрат: КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық - демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанға Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық - демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н. М. Тараки, Х. Амин, ал "Парчам" тобын Б. Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық - демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық - демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанға АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО - ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет - ғұрпымен, салт - мүддесімен санаспау, т. б. бұхара халықтың наразылық тудырды.

Нысанбаева Қарлығаш :1978 жылы қазанда ірі қақтығысулар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.

Жүргізуші - Жұмагүл: Ауғанстан соғысы не үшін басталды? Ауған соғысы туралы бейнеролик экранға назар аударайық.

Назар:Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!

Айман:Сақтады олар елін, жерін, қонысын

Ақтады олар азаматтық борышын

Сол үшін де қолтығынан сүйейік,

Ардагерге - майдангерге

Иейік біз барлық жерде

Басымызды сол үшін.



Лаура:

Ардагерлер

Айтса ертек көгендері

Тайбандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

Арун: Туған жердей жат жердің болмайтыны - ақиқат,

Оған көңілің толмайтыны - ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат.

Қызығы балалықтың тарқамаған,

Кезінде - ақ әр ауылдан, әр қаладан

Аттанып қан майданға сендерсің ғой

Соғыстың бар азабын арқалаған.

Айдана: Сапқа тұр, ақ ниет адамдар

Кел қосыл бейбітшіл шеруге

Тыныштық жауларын жеңуге.

Бейбіт күн тулары самғасын

Тыныштық тулары шарласын,

Жетім боп ана мен балалар,

Жол берме соғысқа азамат

Сен ғана тыныштық қорғаны

Ойран боп от басы қалмасын..

Ясин: Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,

Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.

Ардагерлер - естелігі ерліктің,

Ұрпақтары - бұтақтары,

Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.

Айнұр:

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаған көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғым да сен мәңгілік - Ауғанстан!

Жүргізуші: Жұмагүл.

Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.

Күй«Кероғлы» орындайтын 10"а" сынып оқушысы Салибеков Елдос

Жүргізуші: Жұмагүл.

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсең ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын

Тәрбие сағатымызды «Ана әнімен аяқтағымыз келіп отыр,орындайтын 10 "ә" сынып оқушысы Есберген Мағжан. Әбдәлі Нұрғиса

Сабағымыздың соңында мектебіміздің директоры Шоқақов Перизат ағайға және директордың тәрбие ісінің жөніндегі орынбасары Жетпісбаева Рахия апайға, бүгінгі кешімізге қатысып отырған ауған соғысының ардагерлеріне беріледі.



Бақытжан ағай сабақты қорытындылайды.: Қазақ жұрты не көрмеді десеңдерші, тарих беттеріне көз жүгіртсек, «Қазақ» хандығы құрылғаннан бері қазақтардың басынан түрлі қиын - қыстау кезеңдер мен адам төзгісіз жан түршігерлік жағдайлар өткені жайында сыр шертеді. Қазіргі таңда еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті.



Дайындаған :

АӘД пәнін оқытушы ұйымдастырушысы. Б. Нұсқабаев





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!