жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ауғанстан жүректегі жазылмас жара
«С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің тарих, құқық пәнінің мұғалімі: Орынбасарова Ақжарқын Сегисхановна
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ауғаныстан жүректегі жазылмас жара»
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. Ауғанстанға қатысқан батырлардың ерлігімен, қаза болған батырлардың ерлігімен таныстыру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану. Арамыздан азайып бара жатқан ауған соғысының ардагерлерін ардақтап, үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу. Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін қадірлеуге, аға-апаларымыздың ерліктерін қадір тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интербелсенді тақта, «Ауған соғысы» жайлы видеофильм,
Барысы:
Тақырыпқа шолу
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға қеңес әскерлерін енгізу басталды. Командирлер: «Бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз да кетеміз», деді. Ал бірақ «акция» тоғыз жылдан астам уақытқа созылды.
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып
1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама
Мерей: КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық - демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанға Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық - демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н. М. Тараки, Х. Амин, ал "Парчам" тобын Б. Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық - демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық - демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанға АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО - ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет - ғұрпымен, салт - мүддесімен санаспау, т. б. бұхара халықтың наразылық тудырды.
Назерке:1978 жылы қазанда ірі қақтығысулар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
Ермахан: Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысты. Осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әртүрлі әскери техникалар жойылып кетті. Ал Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны – 22 мың 000 жауынгер. Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралса, 21 солдат іс-түзсіз кетті. Ауған соғысының жауынгерлері Көкшетау, Щучинск қаласында да аз емес. Қазір қаламызда біраз жауынгер-интернационалист есепте тұр. 15 ақпан бұл күн- сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні. Бұлкүн- жанарыжасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қаражамылғанаяулыаналарымыздыңперзенттерінжоқтағанкүні! Бұлкүн-бақиболғанқаһарман бауырларымызды қатардан іздеген күн. «Интернационализм» деген саясаттандырылған сөздің құрбандығына айналып, оған имандай сеніп, бүгінгі күні күл-талқан болған тағдырының өтеуі мен бодауын кімнен сұрарын білмей дал болған жандардың өзегіне өкінішін жасырғанк үн!
Данияр: «Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман-есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Жандары жаралы дейтініміз, олар өліммен тікелей кездесті. Соғыстың небір ауыртпалығын көтеріп, қабырғалары қайысты. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толғаншақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елгеа быроймен оралды. Майдан даласындағы жанқиярлықпен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден-медальдармен марапатталды. Бүгін қазақстандық Отан қорғаушылар солардан үлгі алып, соларға қарап сап түзейді.
Ауғанстанға Кеңес әскерлерінің енгізілуі:
1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық, Жазықсыз төгілген қан, Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
Оқушылардың Ауғаныстан тақырыбына арналған өлеңдерді оқуы
2 оқушы
Тым ертерек өшті аға арманыңыз
Бейбіт елді сырт жаудан қорғадыңыз
Ерлік ісің ұрпаққа үлгі болып,
Қыран құстай биікке самғадыңыз
Жақын еді елге қайтар күніңіз,
Қуаныштан күлімдеді-ау жүзіңіз,
Сұм дұшпанның атқан оғы дәл тиіп,
Түнге айналды-ау жарқыраған күніңіз.
3 оқушы
Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.
Ардагерлер - естелігі ерліктің,
Ұрпақтары - бұтақтары,
Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.
Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,
Сен құлаған көлбетіп таулы алыстан.
Елестейсің көзіме қасірет боп
Қайғым да сен мәңгілік - Ауғанстан!
4 оқушы
Талассын таңы, күніменен бірге шағылсын,
Бейбітшіліктің жұлдызы көкте ағылсын.
Жұдырықтай боп жұмылған ғаламшарымның
Басынантайсын, бар жамандығыарылсын.
Әлемніңжаны, бірболған аппақтілегі,
Тек бейбітшілікдепсоққанжүрегі,
Қиыншылықтабіріне-бірісүйеніш,
Болсаекендеймін, әріқолдаушытірегі.
5-оқушы
Тастаған ер жетершақтақырып,
Кектеріноларүшінзаманалар,
Кебенеккигенұлынаттандырып,
Қабірінқұшыпқалғананалар бар.
Қарғысатқыр, бағасызарыққойдан,
Сұмсоғысгазизжандыопырады,
Ауғанданешебоздаққалыпқойған,
Бұйырмайтуғанжердіңтопырағы.
6 оқушы
Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерге - майдангерге
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.
7 оқушы
Ту етіп ұстар қашанда,
Тәуелсіз елдің намысын,
Баласын іздеп аналар
Анасынаңсапбалалар,
Жүреккетүскенбомбадай...
Жазыларқашанжаралар?
Есімдеолкүнқаралы,
Зуылдапжылдарбарады.
Сарбаздарбәрінбіледі,
Ауғаннанқайтқанжаралы.
8 оқушы
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің,
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан,
Қайыспайтын қара нардай көтерем.
Әр жылда Ауған соғысында қаза тапқан КСРО әскерлерінің саны
1979 жыл 86 адам 1984 жыл 2346 адам 1980жыл 1484 адам 1985 жыл 1868 адам 1981 жыл 1298 адам 1986жыл1333 адам 1982 жыл 1948 адам 1987 жыл 1215 адам 1983 жыл 1446 адам 1988 жыл 759 адам
1989 жыл 653 адам
10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын щыңыруға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тауып, 21 адам хабарсыз кетіпті. Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында екен.
Ауғанстан туралы фильм
Видеоролик
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда бүгінде
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, біз үшін!
Қорытынды сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қошаналиев Қайрат ағайға сөз кезегі беріледі.
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына бірнеше жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді.
Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмытарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.!
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездесейік. Осымен біздің «Ауғаныстан жүректегі жазылмас жара»тақырыбындағы тәрбие сағатымыз аяқталды. Барлықтарыңызға белсене қатысқандарыңыз үшін алғысымызды айтамыз. Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген