400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ауғанстанда от кешкендер

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағатын өтуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ауғанстанда от кешкендер»

Мақсаты:

Білімділік: Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы мағлұмат алады. Ауған соғысы ардагерлерімен, олардың ерліктерімен  таныстыру;

Тәрбиелік: қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, ауған соғысында опат болған ардагерлер рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Әдісі: «Ақпарат жинау» әдісі, «Ой шақыру» әдісі.

Көрнекілігі:. «Ауған соғысы» жайлы слайд, қабырға газеті.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және құрметті қонақтар!

2-жүргізуші:  Ауған соғысында қатерге бел буып, батырлықпен, қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған «Ауғанстанда от кешкендер» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

(Әнұран орындалады)

Мұғалім:

Қазақ халқы Ресей халқы империясына 260 жыл тәуелді болды. Осы жылдары, яғни 1978 жылдың желтоқсанында Кеңес-Ауған достастық шартына қол қойылды. 5-мамыр Түркістан әсери округында «Мұсылман батальоны» жасақталды. Оған тек Орта Азиялық жастар алынды. 1979 жылы 12 желтоқсанда Л.И.Брежнев Ауғанстанға әскер енгізу жөнінде шешім қабылдады. Жалпы он жылға созылған.

Міне, Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл өтті. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.

Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, ескерткіштер орнатылып, мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр біздің Қазақстанда да сақталған.

1-жүргізші

 Қасіретін көзбен көрген жалғанның,
 Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.
Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,
Соғысында қан кешкендер
1979 жылдың  12 желтоқсанында басталып  1989 жылдың  14 ақпанында аяқталған Ауған соғысы  9 жыл  10 айға созылып, мыңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы қасірет әкелгені сөзсіз.
2-жүргізші

Ту етіп ұстар қашанда,
Тәуелсіз елдің намысын,
Баласын іздеп аналар
Анасын аңсап балалар,
Жүрекке түскен бомбадай.
:

Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік.

«Ақпарат жинау» әдісі.

  1. Алдымыздағы ақпанның 14 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 30 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 14 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты. «Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті. 

  2. КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққанына 24 жыл толуын атап өту қарсаңында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты қаз. ақпарат тілшілерімен ой бөліскен Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады. «Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді.

1-жүргізуші

Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан
Аттанып қан майданға сендерсің ғой.

Есімде ол күн қаралы,
Зуылдап жылдар барады.
Сарбаздар бәрін біледі,
Ауғаннан қайтқан жаралы.

2-жүргізуші

Ауғанның қанды даласы
Адамзаттың наласы
Бүк түсіп жатыр қан құсып,
Қаралы таулар, қарашы
Адасып барып армандар,
Камалда күл боп қалғандар
Гүл болып көгеріп
Өмірді қайта жалғаңдар
Арманда кеткен ер үшін,
Ұмытпас елім арысын-деп кезекті
Ұрпаққа аманат арнау.

(5 оқушы ортаға шығып өлең оқиды.)

Баласы батыр туғаннан

Денесін сумен жуғаннан

Батыр да халық қазақпыз

Кіндігін түйіп буғаннан

Даламен бірге қайнасып

Көкпенен бірге жайнасып

Көршімен тату, жауына қату

Қарасаң егер байқасып

Тамыры терең кететін

Жайнаған дархан мекенім

Бар ма екен шіркін жалғанда

Қазахияма жететін

Осындай елді құраған

Бабадан қалған мұрадан

Жастарға сарқыт ерлігі

Сел болар ақса жырадан

Ел үшін өткен батырлар

Шайырлар менен ақындар

Күш пенен түйсік, ақылды

Бағындыра алған дарындар

Атойлап шапқан батырлар

Рухын қайрап ақындар

Ұрпағым аман болсын деп

Қыршынбасын деп жатырдан

Ел үші қиып құр жанды

Ұстанған елміз бір заңды

Биікке қойған қазақпыз

Ар - ұятпенен ұжданды

Жауына күшін көрсетіп

Ізіне ерген ел сеніп

Жастарға бүгін аманат

Жасалған істер белсеніп

Бабалар салған сара жол

Өшпейтін мәңгі дара жол

Ұрпаққа бүгін аманат

Қорғай біл халқым пана бол.

2-жүргізуші

Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер
өлгендердің жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер! – дей отырып, ауған соғысында қаза болған ағаларымыздың рухына 1 минуттық үнсіздік жариялаймыз.

1-жүргізуші:Сол ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы щыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік деп, ауған соғысына қатысып ерлік көрсеткен ардагер ағамыз ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының “Қазақстан ардагерлері” қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлдың

Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер! өлеңі оқылады.

2-жүргізуші:

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. “Арманда кеткен ар үшін...” өлеңің оқу.

2-жүргізуші: «Ой шақыру» әдісі.

  1. ҚР неше облыс бар? /14/

  2. ҚР Конституциясы қашан қабылданды? /1995ж 30 тамыз/

  3. ҚР азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі мен жауынгерлік ерліктері үшін ордендермен марапатталады. ҚР қандай ордендер беріледі? /Отан, Даңқ, Айбын, Парасат, Достық, Құрмет, Барыс/

  4. ҚР Мемлекеттік рәміздер күні? /4 маусым/

  5. Қазақстанның Қарулы күштері қай жылы құрылды? /1992ж/

  6. Қазақстанның Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы кім? /Н.Ә. Назарбаев/

1-жүргізуші:

Ер қадірін назардан тасалаудан,
  Қай ел опа тауыпты?
Иә, Ерлікті жасамаудан,
  Бағаламау әлде қайда қауіпті!
– деп, Мұхтар ағамыз жырлағандай, қанды қырғын мен боздақтардың қаралы хабарына нүкте қойған 1989 жылдың 14-ақпаны әр жыл сайын аталып келеді. Бейбіт өмірімізді қорғайтын жастарымыздың бойына отансүйгіштік сезім мен патриоттық рух ұялатар майдангер азаматтар қай уақытта да үлгі-өнеге тәрбие мектебі.
2-жүргізуші:

Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар-деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса барады.

Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмақ емес.

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.

Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін! 

1-жүргізуші:

«Ауғанстанда от кешкендер» атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.

























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
470
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі