400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ауғаныстан жүректегі жара

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауған соғысы ардагерлеріне сый-құрмет көрсету. Оқушыларға түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дауырбаева Қарашаш


Тәрбие сағаты: «Ауғанстан - журектегі жара»

Ғибрат

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!

Диана:

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған,- деп - Әнұран?!

Әнұран орындалады.


Ғибрат

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты

«Ауғанстан - жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Диана:

1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

(Еліміздің табиғаты туралы слайд көрсетіледі.)

Би:


Ғибрат:Ардагермен сұхбат
«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

Диана:
- Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
- Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
- «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?


Ғибрат

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін

Достым, білгің келе ме?


Диана:

Отан - сенің ата - анаң

Отан - досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, өз халқың!

Отан - өлең, Отан - жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан - осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

Отан деп өсіп жан - жағың,

Оны ардақтап, сүйе біл!


Ғибрат:

Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала - шағасы, жары, дос - жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.


Сыныбымыздың оқушылары Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.

Гаухар: КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық - демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанға Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық - демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н. М. Тараки, Х. Амин, ал "Парчам" тобын Б. Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық - демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық - демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанға АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО - ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет - ғұрпымен, салт - мүддесімен санаспау, т. б. бұхара халықтың наразылық тудырды.

1978 жылы қазанда ірі қақтығысулар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.


Диана:Ауғанстан соғысы не үшін басталды? Оқушылар ендігі кезекте тақтаға назар аударайық. (Ауған соғысы туралы видеоролик көрсетіледі)

Көрініс: «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (соғыс дауысы үнтаспадан жіберіледі)

Толқынай: Ауғанның қанда даласы
Адамзаттың наласы
Бүк түсіп жатыр қан құсып,
Қаралы таулар, қарашы
Адасып барып армандар,
Кабулда күл боп қалғандар
Гүл болып көгеріп
Өмірді қайта жалғаңдар
Арманда кеткен ер үшін,
Ұмытпас елім арысын.

Ақбота: Ту етіп ұстар қашанда,
Тәуелсіз елдің намысын,
Баласын іздеп аналар
Анасын аңсап балалар,
Жүрекке түскен бомбадай...
Жазылар қашан жаралар?
Есімде ол күн қаралы,
Зуылдап жылдар барады.
Сарбаздар бәрін біледі,
Ауғаннан қайтқан жаралы.

Ғибрат:Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.

Рахмет отырыңыздар!


Диана:Ардагерлер

Айтса ертек көгендері

Тайбандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.


Ұрпаққа аманат

Назерке:

Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан

Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып

Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін
Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан

Мұхаммед-Аян:

Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар


Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл - қыз хәліңді

Атойлап шапқан батырлар
Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп батырлар

Ақмади:

Ел үші қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар - ұятпенен ұжданды

Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп

Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол

(Қазақстан туралы слайд көрсетіледі.)


Би:


Жүргізуші: Қазақ жұрты не көрмеді десеңдерші, тарих беттеріне көз жүгіртсек, «Қазақ» хандығы құрылғаннан бері қазақтардың басынан түрлі қиын - қыстау кезеңдер мен адам төзгісіз жан түршігерлік жағдайлар өткені жайында сыр шертеді. Қазіргі таңда еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті.



Диана:

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсең ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын


Ғибрат: Бүгінгі кездесуімізді Хормен аяқтағымыз келіп отыр.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
770
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі