«Ауғаныстан жүректегі жара» атты кездесу
кеші
Мақсаты: оқушыларды ауған
соғысының мән жайымен, ауған соғысының ардагерлерімен таныстыра
отырып, Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, туған елдің
мақтанышы, тірегі, қорғаны болуға үйрету.
Көрнекілігі: Ұлағатты
сөздер жазылған плакаттар, безендірілген шарлар, ауган
ардагерлерінің суреттері
Жүру
барысы:
Жүргізуші:
Ауғандықтар батырлары бұл елдің
Сырлары бар
астарында тереңнің
Ерліктері естелік
боп сақталар
Сол кеңестік
аласапыран кезеңнің
Сәлеметсіздер ме
құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді кеш қонақтары! Кеңес
әскерлерінің Ауған жерлерінен шығарылғанына 26 жыл толуына
байланысты ұйымдастырылып отырған «Ауғаныстан жүректегі жара» атты
кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Осы кездесу кешін
ашу үшін ендігі сөз мектебіміздің әскери жетекшісі Болатов Асхат
Каримовичке беріледі.
Біз ауған соғысы
туралы көбірек мілімет алып, тереңірек танып білу және де ержүрек
ағаларымыздың ерліктерін оқушыларға үлгі ету мақсатында ауған
соғысына қатысқан ардагер ағаларымызды қонаққа шықырған
болатынбыз.
Ендеше бүгінгі кеш
қонақтарын таныстырайық:
Жылыой аудандық
Ауған соғысы ардагерлері
Қоғам төрағасы
Әділов Досан
Қонаров
Сисен
Әлімжанов
Тұрсын
Тасболатов
Нұрлан
Қожамұратов
Серікбай
1. Ардагерле ақылшы
қорғансыңдар
Жолдарың үлкен
тарих толған сырлар
Бойдағы бар
жемісін елге сыйлап
Селдіреп бара
жатқан ормансыңдар.
2.Сол ауғанда
талай досты жередіңдер
Қаралы шыңға күн
түн демей өрледіңдер
Сұрапылда
ерледіңдер шерледіңдер
Намыс туын бірақ
қолдан бермедіңдер!
3.КОКП және КСРО
басшылығы Ауғаныстандағы 1879 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері
Ауғаныстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс
қимылдарын жүргізді. Қазақстаннан ауған соғысына 22 мың адам
қатысып 761 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз
кетті.
Ән
4.өзі батыр, өзі
қайсар төзімді
Бір полкқа
ерлігімен өзі үлгін
Оралғалы
Ауғаныстан елін
Талай болды
көрмегелі өзіңді, деп өлең жолдарында айтылғандай ардагерлер бұлар
біздің батырларымыз, ұлт мақтаныштары.
5. ерлік қылған
аталарым аспан асты жер үсті
Біз сәндікке
кимейміз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы
өтейміз деп борышты
Аттаныңдар,
атқарыңдар соғысты
Қажет болса Отан
үшін отқа тостың кеудеңді
Ерлігіңді,
қрлігіңді тқрткүл дүние ел көрді.
Бірге аттанған
бауырларды топырақ жапты жерленді.
Енді олар жебейді
ғой аруағымен сендерді
6,Аналардың көл
боп ақты көз жасы
Жетімдер мен
жесілерді ойлашы
Сол күдерді
көрмесін бұл халықымыз
Ел үшін құрбандық
тек ер басы
Еске алайық,
құрметтейік құрбандардың рухын
Қабірлері нұрға
орансын, суық кқрде жылынсын
Есіл ерлер
ескерткішке айналсаң да біз үшін
Мәңгі бақи
тірісіңдер, тірісің! , демекші , ия, ел үмітін ер ақтар, ер есімін
ел сақтар, естен шыққан жоқ, еш нәрсе де ұмытылған жоқ. Олар
жасаған ерлік істер елдің есінде.
7.бүгін біздер
сарбаздармыз қазақтың
Туды міне жса
ұрпаққа ғажап күн
Енді Құдай әрі
қаратсын
Біздер көрген азап
пенен тозақтың
Енді атса бейбіт
күннің таңы атсын! дей отырып ортада
Ән
8. жас жеткіншек
батырлыққа ұмтылар
Көңілдерде
биіктейді жыр жанар
Біосек дген,
корсек деген ойменен
Ұландардың
сұрақтары бар шығар
Қымбатты қонақтар,
ардагер ағалар! Біз кітаптың бетінен ғана оқып білген бұл соғысты,
сіздер өз көзіңізбен көрдіңіздер, куә болдыңыздар, сондықтан
оқушылардың өздеріңізге қояр сауалдары да көп шығар. Алдымен
өздеріңіз жайлы айтсаңыздар.
Сұрақтар:
-
Аға, Ауған
соғысында ерлік көрсеткеніңіз үшін қандай орденмен
марапатталдыңыз?
-
Ауғаныстандағы
соғыс бізге не берді?
-
Соғыстан кейінгі
өмірлеріңіз қалай қалыптасты?
-
Соғыста ауылды
сағындыңыздар ма?
Жүргізуші: ауыр
жорықта да жауапты постыда да, ұрыстан соң санаулы ғана
бейбітсәттерде де жауынгерлеріміздің көңілдерінің шипасы ӘН болғаны
рас. Ауылдан алыста, туысқандардан жырақта бөтен жер мен бейтаныс
елде, туған жердің көгілдір аспаны мен мөлдір бұлақтары, көкті
тіреген ала шаңды талай ұлдарымыздың сағыныштарын шылқытып, қиын
сәттерде күш қуат бергені рас.
Ән
9.жастығыңмен
жауға атылдың оқ болып
Әндететін
кездеріңде ауылыңда төс керіп
Жаудың оғы сом
мүшеңді төрт бөліп
Кейбіреуің кеттің
мүлде жоқ болып
Құдай өзі бере
жатар жауыздықтиың жазасын
Қыран ерлер,
ардагерлер, сендер түгел тазасың
Қасқар мінез,
қайсар жандар эжалап жазған жарасың
Жүрегіңнің
жараларын қай мықты бар жазатын
10.бізге ыстықсың
көргеннен соң көзіңді
Екі етпедік әрбір
айтқан сөзіңді
Жазылмастай жара
салып жүрекке
Талай боздақ бөтен
елде көз ілді, дей отырып, мектебіміздің «Намыс» әскери патриоттық
клубының өнерін тамашылауға шақырамын.
(«Намыс» екі өнер
көрсетеді)
11.гүлін жарып,
жайқалып үміт бағы
Таңдарым ата
бермек күліп тағы
Бізге мәләмм
жылжып жыл өткен сайын
Қырғи өабаө
соғысты ұмытпағын
Дүниені достықтың
орап әні
Қөңіл сандық
шаттыққа толады әні
Өмірде шырын еміп
өскен ұрпақ
Ашылықты білмейтін
болады әлі
Өтеді жаз, өтеді
талай күз кеп
Кірпішін сәнді
өмірдің қалаймыз көп
Сенемін «бомба»
сөзін кейінгі ұрпақ
Түсінбей
сөздіктерден қарайды іздеп
Ал енді, кездесу
кешінің құрметті қонақтары ардагер ағаларымызға арналған ескерткіш
сыйлықтарын табыыстауға рұқсат етіңіздер
Хор
Жүргізуші: талай
ерлер жат жерінде көз жұмды
Жарқ еткендей
ғұмыр кешіп жұлдызды
Ауғандақтар мәігі
есте сақталап
Ерлііктері бола
бермек бізге үлгі
Құрметті қонақтар,
Ауған ардагерлері, бүгінгі кездесу кешінің куәсі боп,
қатысқандарыңызға коп рахмет. Жастарды патриотизмге, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу жолында жетістікке жете беріңіздер! Елімізаман, жұртымыз
тыныш, ұлттық рухымыз биік болғай! Келесі ккездескенше сау
саламатта болыңыздар!