Ауруға -ем, сауға-қуат, дәрі қымыз 5-сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауруға -ем, сауға-қуат, дәрі қымыз 5-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауруға -ем, сауға-қуат, дәрі қымыз 5-сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар

МЕКТЕП:

КҮНІ:

Мұғалім:

СЫНЫП: 7

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ауруға- ем, сауға- қуат, дәрі қымыз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазу;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: мәтіннің жанрлық, стильдік ерекшелігін анықтау;

Көпшілігі: Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сайәңгіме құрастырып жазу;;

Кейбір оқушылар: Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазу.

Жоспар:

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтіңәрекеті

Оқушыныңәрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

























Сабақтың ортасы









































І. Ұйымдастыру кезеңі?тСынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.

Жағымды психологиялық ахуал. «Сымсыз телефон» ойыны

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, бір сөз айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, т.б.

ЖАЗЫЛЫМ АЛДЫ. Тақырыпты болжау. Ой шақыру.

Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,

Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.

Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,

Байлаған екі жақтан тесіп құлақ ,

Ойнақтар ор текесі ортасында,

Денесі басқалардан ұзынырақ.

Қымыз, саба, піспек 

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз пікірлерін білдіреді. Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

1-оқылым мәтінін оқыңыз.Мәтінді оқып, мазмұны бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңдар.

Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес, сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған. Халық медицинасында ата-бабаларымыз емдік сусын ретінде қымызды асқазан, өкпе, ішек ауруларына пайдаланып келген. Қымызды қазақ халқымен қоса көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт халықтарында да емдік мақсатта қолданған. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Майы дәмді, белогы тез сіңімді. Аз шамада кездесетін сүт және көмір қышқылдары адамның тәбетін ашып, асқазанның жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бие сүтінде «С» витамині мол болады. Сондықтан да туберкулез ауруынан емдеуде айрықша жетістіктерге жетуге көмегі баршылық. Қымыздың осы қасиеттері белгілі болғаннан түрлі емдеу мекемелері оны дәрумен ретінде пайдалуға көшкен.

Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында дәрумендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды. Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Жаңа сүт құйған сайын 20-30 минуттан піседі, жаңа сүтпен қорды араластырып, ірімтігін жазады, ашуын басып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа (оттегі, азон, т.б.) көп сіңеді.

Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:
...Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, - деп жырлаған екен. Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.

Shape2

Қымыздың пайдасы

Дескриптор:

*Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады;

*Қымыздың пайдасын анықтап, кластер толтырады.

ҚБ

Тапсырма. Жеке жұмыс.

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазу.(100 сөз)

 Тақырыбы: «Ауруға- ем, сауға- қуат, дәрі қымыз»

Дескриптор:

  • Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданады;

  • Көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, әңгіме құрастырып жазады.

ҚБ


ЖАЗЫЛЫМНАН КЕЙІН.

«Автор орындығы». Үздік жұмыстар «Автор орындығында» оқылады.

Оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.








Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз пікірлерін білдіреді.



Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.







Мәтінді оқып, мазмұны бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңдар.













Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады;

*Қымыздың пайдасын анықтап, кластер толтырады.









Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазады.





Үздік жұмыстар «Автор орындығында» оқылады.






ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап



































ҚБ










ҚБ



7-сынып «Қазақ тілі» оқулығы


























https://syr-media.kz/tanym/6638-ymyz-asiett-de-rmett-susyn.html





Рефлексия





Кері байланыс:

«Термометр» әдісі

38- қызықты да түсінікті

36,6- қызықсыз, күрделі

34- пайдасыз, құнды емес.

Үй тапсырмасы: 5-тапсырма

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2024
281
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі