400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аурухана ішілік жұқпа

Материал туралы қысқаша түсінік
Аурухана ішілік жұқпа
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДӘРІС № 4

ТАҚЫРЫБЫ: Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың гигиенасы.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

1.Тұрғын бөлме микроклиматы туралы үғым.

2.Тұрғын үйлердің санитарлы-гигиеналық анақтымалары:

-жылыландыру;

-жарықтандыру;

-желдетілуі;

3.Тұрғын үй микроклиматының адам денсаулығына әсері.

ДӘРІС МАЗМҰНЫ:

Тұрғын үйлердің гигиенасы. Тұрғын үй маңызды әлеуметтік- гигиеналық мәселе болып саналады. Тұрғын үйде адам өзінің өмірінің көп уақытын өткізеді, сондыктан тұрғын үй адамның денсаулығына, көңіл-күйіне, жұмыс қабілеттілігіне әсер етеді. Үй адамды қоршаған орта факторларының теріс әсерінен: ыстық, суык, қар, жаңбырдан қорғану үшін, жұмыс істеуге және дем алуға оңтайлы жағдай жасау үшін қажет. Әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамудың өркендеуін байланысты адамдардың тұрғын үйге деген талаптары өсті.

Микроклимат.Үйде даладағы миқроқлиматтық жағдайға қарамастан тұракты климат болу керек, оны микроклимат деп атайды, ол адамға жақсы жағдай тудырады.

Тұрғын бөлме микроклиматы дегеніміз, ол сол бөлменің:

  1. температурасы;

  2. ылгалдылыгы;

  3. ауа жылдамдыгы;

  1. бөлменің ішкі қабырғасының температурасы.

Микроклимат адам ағзасына, үлкен әсер етеді. Ол сол жердегі өмір сүретін адамдардың: дұрыс өсіп, жетілуіне, физикалық көрсеткіштерінің дұрыс жеті-луіне, денсаулығын сактауға және күшейтуге, өмірде болып жатқан барлық процестердің қалыпты жағдайда өтуіне әсерін тигізеді.Егер тұрғын үйдің микроклиматы нашар болса, адамға қолайсыз жағдай (дискомфорт) туындатады. Ол адамның өзін нашар сезінуіне, жұмыс қабі-летінің төмендеуіне, ағзада әр түрлі патологиялық аурулардың туындауына әкеліп соқтырады.

Егер тұрғын үй салқын болса, адам суықтап ауырып қалуы мүмкін.Адам тұрғын үйде өзін жақсы сезіну үшін ең алдымен жылулық қолайлы жағдай (комфорт) болуы керек, бүл кезде жылу субъективті түрде жақсы сезінеді. Адам денесінің температурасы бір қалыпты болу үшін, сыртқы тем-пературасы өзгерсе де, адамды қоршаған бөлме температурасы бір қалыпты болуы керек. Қоршаған ортада температурасы төмендеуі немесе жоғарылау адам ағзасына жылу алмасудың бұзылуын туындатады. Ағзада жылу алма-суды реттеген кезде негізгі рөлді жылу беру анықтайды, ол үш жолмен жүргізіледі.

1. адам денесіне жақын ауаның жылуы (конвекция);

2. температураның арасында айырмашылық болгандыктан (радиация) адам денесі жылуының оны қоршаган заттарга өтуі;

3. адамның терісінен ылгалдың шыгуымен (тер бөлініп шыгу) жылу бөлінумен байланысты.



Тұрғын үйлердің санитарлы-гигиеналық анықтамалары

№

Тұрғын үйлер-дің маңызды анықтамалары

Тұрғын үйлерге берілетін сипатты

І.

Жылулық


Ағзада жылу алмасу және жылу беру реттілігі үш жолмен анықталады:

  • егер бөлме температурасы қоршаған зат-тар температурасынан жоғары болса, бүл қезде жылу тек жылу бөлу (терлеу) арқы-лы шығарылады;

  • егер адам көп терлесе, бүл кезде жылу бөлу көбірек болады, терді бөліп шығару дең-гейі қоршаған орта ауасының ылғалмен қаннық-қанына ж/е ауа жылдамдығына байланысты болады.

  • ыстық климаттық жағдайда тер шығару арқылы жылу шығарылады;

І.1.

Конвекция

Адам денесіне жақын ауаның жылыту

І.2.

Радиация

Температураның арасында айырмашылық болғандыктан адам денесі жылуының қорша-ған заттарга өтуі.

І.3.

Тер бөліп шығару

  • Адамның терісінен ылғалдың шығуымен жылу бөлінуі байланысты болады.

  • Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы аз болса, онда жылу бөлу жоғары болады.

Тұрғын үйлерге қойылатын талаптар:

    • Біздің климаттық жағдайда түрғын бөлменің температурасы нормада 18 – 200 С болу керек.

    • Бөлмеде ауа ылғалдылығы нормада 40-60 % болуы керек.

    • Бөлменің ауасының температурасымен ішкі қабырғаларының температурасының арасындағы айырмашылық 60 С -ден көп болмауы керек.

Күн ыстық кездерде бөлме ысып кетпес үшін мынадай гигиеналық шаралар жүргізілу керек:

1. түрғын үйді дұрыс жобалау, бөлмені желдетуге жағдай жасау қажет;

2. болменің бағытының дұрыс болуы, болме қызып кетпейтіндей бо-

лып орналасу керек;

3. верандаларда, терезелерге күннен корғайтын кондырғылар орна-

ту керек;

4. ашық түсті сырмен сырлау қажет;

5. болмелердің ауа алмасуы тиімді жұмыс істеуі тиісті.



ІІ.

Инсоляция

  • Күннің адамға тікелей әсері етуі.

  • Адам ағзасына күн сәулесі жаксы әсер ету үшін бөлмеге кемінде 3-4 сағат күн көзі тура түсуі керек. Күн сәулесінің ультракүлгін бөлігі адам ағзасына мешел ауруының туындауына қарсы ж/е бактериоцидтік әсер етеді.

  • Күн көзі баланың иммунды белсенді-лігін арттады.

ІІІ.

Тұрғын үйлердің ж/е қоғамдық ғи -мараттардың ауа алмасуы желдетілуі


  • Желдету табиғи ж/е механикалык түрде өтеді: бір бөлмеден ауаның екінші бөлмеге ауысуынын есебімен; желкөздер, есік ж/е терезелердегі қуыстар арқылы жүреді.

  • Адам жай отырғанның өзінде жылу бөліп шығарады, ал жұмыс істесе, істеген жұмы-сының ауырлығына байланысты жылу бөлуі көбейеді.

  • Ауа құрамы адамның тыныс алуы кезінде де өзгереді

  • Бөлме ауасының тазалығының көрсеткіші ретінде көмірқышқыл газы алынады.

  • Бір жақты ауа алмасуға қарағанда бүры-штық ауа алмасуы тиімді.

  • Ыстық климаттық аудандарда тұрғын және қоғамдық ғимараттарда ауа температурасын төмендететін және бөлмелердегі ауа алма-суды қамтамасыз ететін кондиционерлер орналастырады.

  • Кондиционерлерде ауа тазаланады, жылы-тылады (немесе салқыңдатылады), ылғал-дандырылады, одан кейін микроклимат-тың қажет мөлшері автоматты түрде реттеледі.

Тұрғын үйлелердің бөлмелеріне желдету үшін қойылатын талаптар:

  • Адам тыныс алатын ауа қүрамында оттегінің мөлшері 21%, ал ағзадан шығаратын ауа құрамында оттегінің мөлшері -16,4%.

  • Ауа кұрамында көмірқышқыл газының мөлшері - 0,03%, ал ағза -

дан шығарылатын ауа күрамында мөлшері 4,0%-ға көтеріледі.

  • Ересек адам бір сағатты ішінде 22,6 л көмір қышқыл газын бөледі.

  • Тұрғын бөлме ауасындағы шекті мөлшері 0,1 %-ға тең.

Бөлме ауасының бір сағатта неше рет алмасуыны 4 көрсеткіші - ауа алмасуының жиілігі деп аталады.

  • Операция жасайтын жерлерде әкелу мөлшері ауа сорып әкету мөл-шерінен көп болу керек:

«+» белгісімен ауа алмасу жиілігінің ауа әкелуінің көптігі;

« - » ауа әкетудің көптігі белгіленеді.

  • Бір бөлменің ауа алмасу жағдайына сипаттама берілген кезде (+10, -8 болса): бұл бөлмеге 1 сағатта 10 еселік ауа әкелініп, 8 еселік ауа көлемі шығарылады.



.Соңғы кездері кондиционерлер кеңінен қолданылады, ол бөлмелерді сапасы жаксы ауамен қамтамсыз етеді.

    • Мүндай қондырғылардың емханалар мен қоғамдық ғимараттар үшін маңызы зор. ережесіне сай бір жэне екі қабаттық тұрғын үйлер салып, жылыландырудың жергілікті түрін орнатуға болады.

ІV.

Табиғи және жасанды жарықтандыру.

Жарыктану дегеніміз жарыктандыратын жерге түсетін жарық ағынының тығыздығы. Жарықтану бірлігі болып - люкс (лк) қабылданған.

ІV.1.

Табиғи жарықтандыру


  • Күн сәулесі - жарықганудың ең үлкен көзі болып саналады.

  • Жұмыс орнынан терезенің үстіңгі ж/е ас-тыңғы жақтауларына дейінгі түзу сызык-тармен түзілетін жарық сәулелерінің түсу бұрышының көрсеткіші 270-тан жоғары болғанда қалыпты жарықтандыру қамта-масыз етіледі.

  • Жұмыс орнынан терезенің жоғарғы жақта-

уына және жарықгың түсуіне кедергі жаса-

йтын ғимаратқа қарсы тұрған құрылымның

(қарсы тұрған ғимарат,тал-ағаш) жоғарғы

нүктесіне дейін жүргізілетін сызықтармен

түзілетінсаңылау бұрышы анықталады

  • Ультракүлгін сәулелерінің қаркындылығы-на ақ табиғи ағаштардың санына ғимарат-тармен көлеңкеленуіне ауа райына терезе-лердің әйнектелген ауданына қабырғалар мен жиһаздардың бояуының түсіне жарық сәулелерінің шағълысуына, жұтылуына шынылардың тазалығъна байланысты;

ІV.2.

Жасанды жарықтандыру


  • Люминесцентті шамдағы төменгі қысым-дағы улътракүлгін жарығы, шамның қабыр-ғасындағы люминофорлардың жарыктануы әсерінен көзге көрінетін жарыққа айналады.

  • Люминесцентті шамдар тек экономикалық жағынан (қызмет көрсету уақыты қыздыру шамдарына қарағанда 5 есе ұзақ) ғана емес, сондай-ақ гигиеналық тұрғыдан да тиімді.

  • Сонымен қатар ол жерді қосымша жергі-лікті шаммен жарықғандырған да дұрыс.

Жарықтану коэффициентті дегеніміз терезелердің әйнектелген бөлігінің ауданының еден ауданына қатынасы, бүл көрсеткіштер:

1:6- 1:8 тұрғын бөлмелер үшін;

1 :5 - 1:6 сыныптарда. аурухана палаталары үшін;

1 :2 - 1:3 операция бөлмелері үшін;

1 :12- 1: 15 коридорлар, баспалдақтар аймағында қатынасына тең

болуы қажет



V.

Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимараттарды жылыландыру


V.1

Жылыландыру

Даладағы температураның өзгерісіне қарамас-тан бөлме біркелкі температурамен қамтамасыз ету.

V.2.

Бөлме температурасы

  • Бөлмеде біркелкі температура болу бел-гілі бір жағдайлармен аныкталады: жылыландыру жүйесі, отынның сапасы, жылыландырудың жеткіліктілігі және реттілігі.

  • Бөлме температурасы нормада қысқы уақытта 180 -290 С аралығында болу керек.

  • Адам өзін жақсы сезіну үшін, ауаның температурасының айырмашылығы бөл-менің әр нүктесінде еденнен 10 см биіктік-те және 1,5 м биіктікте 30С көп емес, ал сыртқы қабырғадан 25 см қашықтықта температура айьірмашылығы 5 0 С -ден көп болмау керек.

V.3.

Тұрғын үйдің орталықтанды-рылған жылы-ландыру жүйесі

  • Тұрғын үйдің орталықтандырылған жы-лыландыру жүйесімен камтамасыз етіл-гені дұрыс.

  • Орталықтандырылған инженерлік жылы-ту жүйесінің құрылыс нормасы кемінде 2м биіктікте орналасу керек.

  • Атмосфералық ауаны ластайтын нысан-ның жел жағында орналасу керек.

  • Қыздырғыш әкелетін сулар қондырғылар-дың ішінен өтіп, ауаны жылытады, бата-рейдің берген жылылығы бөлмеге бері-леді.

V.4.

Жергілікті жы-лыландыру -пеш жағу

  • Пештің сыртқы қабырғасынының t= 800С жоғары болмау керек.

  • Пештің өзі көмекші бөлмеде жеке орна-ласады және оның кіретін есігі бөлек болады.

V.5.

Пештің кемшіліктері


    • бөлменің күлмен ластануы;

    • бөлмедегі тәуліктік температура-ның тәулік бойы ауытқуы;

    • отынның толық жанбауынан бөл-менің ішіне түтіннің шығуы;

    • адамдарда улану қаупінің болуы;

    • өрт шығу қаупінің болуы;

    • күл шығарғанда бөлменің ластануы;

    • от жаққан адамдардың уақытының кетуі.

V.7.

Адам түтінмен уланған кезде белгілер байқалады


  • бас айналу;

  • бастың ауыруы;

  • жүрек айнып;

  • адамның кұсуы;

  • дене қалтырау;

  • егер улану ауыр түрде болса, адам өліп кетуі де мүмкін.

Тұрғын және қоғамдық ғимарттарды жүйелі инсоляциямен, жеткілікті табиғи жарық көзімен қамтамасыз ету, жергілікті, пәтерлі орталықган-дырылған сумен жылыту жүйесін пайдаланумен бұл тұрғын үй гигие-насының маңызды мәселелерінің бірі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қыркүйек
1002
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі