Баяндама:
05.11.2020 жыл
Тақырып:
Аутизмге шалдыққан балаларға жүргізілетін
ойын
терапиясының
маңыздылығы.
Мұғалім:
Сералиев М.Т.
Аутизмі
бар балаларға түзеу жұмысын жұргізу ең
күрделі, әрі аз зерттелген категориясы
болып табылады.
Әлемдік
статистика бойынша, 2000 жылы аутизмнің
таралу деңгейі 10 мың балаға шаққанда
4-5 адамнан тура келген. Американың
сырқатты бақылау және алдын алу орталығы
сарапшыларының айтуынша, АҚШ-тағы 110
баланың біреуі осы дертке душар болған.
2007 жылы Американың әрбір 150 баласына
осындай диагноз қойылған. Нәтижесінде
2002-2006 жылдар аралығында сырқаттың таралу
деңгейі -57 пайыз, ал соңғы 20 жылда 600
пайызға артқаны анықталды.
Соңғы
уақытта Қазақстанда аутизмге шалдыққан
балалардың саны күрт артқаны байқалады.
Тіпті күмәнді деген деректердің өзі
бұл сырқаттың қазақстандық балалар
арасында кең таралып жатқанын көрсетеді.
«Аутизм»-латынша
«іштей тұйықталу» дегенді білдіреді.
Аутисттер томаға тұйық, ешкіммен
тілдеспей «өздерінің әлемінде» өмір
сүреді.
«Аутизм»
дегеніміз шындықтан ауытқу, өз-өзінен
кету, немқұрайлық немесе сыртқы
құбылыстарға қимыл-әрекеттердің болмауы.
Ортамен қарым-қатынаста өте сезімталдық
танытды. Аутизм симптом ретінде көптеген
психикалық бұзылыстарда кездеседі.
Көбінесе баланың ерте шағында (туғаннан
кейін бірінші жылы немесе бірінші
айларында білінеді), баланың психикалық
дамуына кері әсер келтіреді. Клиникалық
сараптауда негізгі орын алады. Мұндай
жағдайда ерте бала аутизмнің синдромы
туралы айтылады. Бұл ауру психикалық
дамудың бұзылуының ерекше түрі болып
табылады. Бұл ауруда жекеше психикалық
функциялары жәй дамиды, ал басқа
функциялар керісінше тез дамиды. Көбінесе
гнозистің дамуы керісінше психикалық
даму тұрақты болады. Кейде жасына сай
емес сөздік қоры өте бай болса, сөйлеу
қабілеті төмен болуы мүмкін. Кейбір
жағдайларда ерте балалық аутизм диагнозын
қою үшін клиникалық сипаттамасы көбінесе
толық байқалмайды.
Тұлғаның
аутистикалық ауытқуында төмендегідей
өзгерістер белгіленеді:
-әлеуметтік
қарым-қатынас сферасында сапалы
бұзылыстар;
-қарым-қатынасқа
түсудің, қабылдаудың сапалы бұзылысы;
-бала
тәртібінің, қызығуының және іс-әрекет
түрлерінің қайталануы және шектелуі.
Көбінесе
аутизм 3-5 жас аралығында анық көрінеді.
Соның нақты көрсеткіштері төмендегідей:
-аутист
бала көзге тік қарамайды және көзін бір
жерге тоқтатпайды;
-алғашқы
жымыюы уақытында болады, бірақ бала
нақты адамға қарап күлмейді, қуанбайды
және басқа да қуаныш белгілерін
білдірмейді.
Көбінесе
аутист балалар айналасындағы адамдарға
немқұрайлық танытады, қолға сұранбайды.
Көбінесе өз төсегінде отыра беруді жөн
көреді, өзіне ыңғайлы жерді іздемейді.
Аутизмі
бар балалар өз жақындарын таниды, бір
ұзақ эмоционалды іс-әрекет жасамайды.
Еркелетуге әртүрлі қарайды, кейде
немғұрайлы немесе жақтырмай, кейде
ұнатса да тез жалығады. Мысалы, тамақ
ішу уақыты бұзылса, мазасызданады немесе
немқұрайлық білдіреді. Жақын адаммен
қарым-қатынаста болуы да әртүрлі, кейде
оны қажет етеді, кейде қарым-қатынастан
қашады, әдетте күрделі жағдайда немқұрайлы
мәнсіз қарайды.
Аутист
балалар ойындарды мәнсіз ойнайды. Бір
іс-әрекетті мәнсіз бірнеше рет қайталап
ойнайды. Мысалы бос шөлмекті айналдырады,
саусақтар арасынан жіпті өткізеді.
Ойыншықтармен ойнаса да мәнсіз ойнайды.
Аутизмі бар балалар бір ыдыстан екінші
ыдысқа суды құйғанды, немесе құмды
ыдыстарға құйып ойынағанды ұнатады,
бірақ ойындары мәнсіз, құммен ойнағанда
оны төгіп-шашып отырады, ешңәрсе
жасамайды, құрастырмайды.
Қимыл-қозғалыс
дамуында да ауытқушылық білінеді. Аутист
балалардың жүруінде ебедейсіздік
көрінеді. Кейде бала қиын деңгейдегі
қимылдарды жеңіл қимылдарға қарағанда
сәтті орындайды, кейде қолдың
қимыл-қозғалысы жалпы қозғалыстан ерте
дамиды. Өздігінен қимыл жасағанда
баланың қимылдары епті болады, ал арнайы
жасағанда қорқыныш сезімі ерте оянады
да, нақты немесе түсініксіз болуы мүмкін.
Қорқыныш тудыратын заттардың тізімі
шексіз (қолшатыр, электр құралы бар
жұмсақ ойыншықтар, иттер, ақ заттар,
машиналар, жер асты жолдары және т.б.).
Егер
сау баланың қорқынышы бірті-бірте қайтып
кетсе, керісінше аутизмі бар баланың
қорқынышы қайтпайды, қайта үдейе түседі.
Мысалы: уколдан қорқатындықтан, ақ
халатты медбикенің бейнесі есінде
қалады, сөйтіп ақ түске қорқыныш пайда
болады. Аутизм синдромында қорқыныш
ерекшелігі оның күшейе түсуінде.
Аутизм
бар баланың ішкі әлеміндегі тағы бір
ерекшелігі-аутистикалық қиял. Олардың
негізгі сипаты-шынайылықтан ауытқу,
қоршаған ортамен толық емес әлсіз
байланысы.
Баланың
сөйлеу қабілетінде де ауытқулар болады.
Ол мутизм-сөйлеу қабілетінің жоқтығы
және эхолалия-сөздерді, сөйлескенде
басқа адамның сөзін қайталау, сөзді
біршама уақыт өткен сөң түсіну. Көбінесе,
сөзді қайталауы сөйлеу қабілетінің
және есте сақтау қабілетінің дамуының
көзбояушылығы болып табылады.
Аутизмі
бар балалармен оқу-тәрбие жұмысында
зейіннің маңызы зор. Сондықтан да, оқу
жұмысында осы психикалық ұрдісті дұрыс
ұйымдастырып, дамытып отыру қажет.
Зейін-таным процесінің басты факторы.
Аутизмге шалдыққан балалармен жұмыс
барысындағы ең күрделі мәселе-оның
зейінін аудару және зейіннің тұрақтылығы.
Зейінді
дамытуда ойын терапиясы тиімді. Ойын
терапиясы баланың көптеген сұраныстарын
қанағаттандырады. Бұл баланың танымдық
және ерік көңіл-күй сферасын дамытуға
бағытталған, дәлелденген педагогикалық
әдіс.