400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аутодеструктивті мінез-құлық және әлеуметтік желіге тәуелділік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан да бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Қалай болғанда да әлеуметтік желінің пайдасы да, зияны да бар. Біз тек пайдалысын алып, зиянынан алыстап отырғанымыз абзал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІГЕ ТӘУЕЛДІЛІК

Жалпы ата-аналар жиналысы

Баяндаушы: мектеп-интернат психологы

Танжарыкова Актоты Рахимовна

Кеш жарық құрметті ата-аналар! Бүгінгі күнде сіздермен кездесіп отырғанымызға алғыс білдіре отыра бүгінгі тыңдалатын өзімнің тақырыбыммен таныстыра өтсем. «Аутодеструктивті мінез-құлық және әлеуметтік желіге тәуелділік».

Бүгін біз барлық әлемде 1-ші орында тұрған жасөспірімдердің психо-физиологиялық, аутодеструктивті мінез-құлықтары және әлеуметтік желіге тәуелділік мәселесі жөніндегі себептермен таныс боламыз.

Аутодеструктивті мінез-құлық – қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен. Бұл адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық.

Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды рөл атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады. Айта өтсем:

  • эмоцияналдық тұрақсыздық,

  • әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды),

  • өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау,

  • сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Сондықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық алдын-алу шараларының жасөспірімдер арасында маңызы зор.

Әр жастың өзінше жақсы жақтары, қиындықтары мен ерекшеліктері бар. Сондықтан да жасөспірім шақтың өзіндік ерекшелігі- бұл ең ұзақ және баланың физиологиялық өзгерістерге ұшырайтың кезеңі. Жасөспірім шақ-қыздар арасында 10-12 жастан 15-16 жасқа дейін, ал ұлдар арасында 12-14 жастан 17-18 жасқа дейін жалғасады. Жасөспірімнің өз автономиясына күрес ашып, яғни, «мен үлкенмін» деп өзімен санасқанды қалайды. Өз құқықтарын айтып, ата-ананың бақылауынан шығуға талпынады және де осы кезеңде өзіндік-жеке қарым-қатынас негізгі қажеттілікке айналады. Қойылатын талаптардың көбі қарсылық реакциясына әкеледі, өйткені жасөспірім, өзін үлкенмін деп сезінгенімен, қиындықтардан қашады, өзіне қөңіл мен қолдау көрсеткенді қажет етеді. Жасөспірімнің тағы бір ерекшеліктері эмоционалдық тұрақсыздық. Ұлдардың эмоционалдық тұрақсыздықтың шарықтау шегі 11-12 жасқа, ал қыздар 13-15 жасқа келеді. Әрине, үлкен жасөспірім шақ кезінде баланың көңіл күйі, психологиялық реакциясы тұрақтайды, сонда да кей жағдайда тұрақсыздық көрінеді. Осы кезде жасөпірім өз-өзін тануға, өзін тәрбиелеуге, өмірді танып білуге, өзінің өмірлік қажеттіліктерін жоғарлатуға дайын.  Сондықтан мектеп тарапынан психолог, мұғалім және тәрбие жетекшісі әртүрлі бағдарламалар құрастырып, жасөспіріммен түрлі жұмыстарды қарастырады.

Ал ата-аналарға жасөспірім өміріне ерекше көңіл аударуды ұсынамын. Өйткені бала ата-ананың айтқандарын дұрыс және тез қабылдайды. Міне сондықтанда баламен тығыз қарым-қатынас жасау мектеп пен ұстаздардың ғана жауапкершілігі емес, ол ата-ананың да өмірдегі негізгі міндеті. Сондықтанда ата-ана өз баласымен тығыз қарым-қатынаста болуы міндетті. Ата-ана баласымен өз құрбысымен сөйлескендей ашық, жарқын сөйлесуі тиіс. Сонда ғана жасөспірімнің тілін тауып, өмірдегі қызығушылықтары мен қажеттіліктерін түсініп, баланың дұрыс дамуына үлкен үлес қоса алады.

XXI ғасыр-темір-терсектің дамыған заманы.Бірақ сол темір-терсек бірер жылдардан кейін санамызға әбден орнығып жаулап алып, жүрегіміздің  де темірге айналмасына кім кепіл?!Оның басты дәлелі - "айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын" ғаламтор желісі болып отыр.Бір нәрсе керек болса болды,рахат,оған басты ауыртудың да қажеті жоқ,себебі аз уақыттың ішінде керегіңіздің бәрін тауып беретін ғаламтор бар.Тіпті, ойланудың да керегі жоқ.Ойланған күннің өзінде де санаға құйылар ой жоқ...Ой қайдан болсын, әлеуметтік желінің қақпанына түсіп жем болса? Сонда да бір сәт ойлануға тырысуға ұмтылуымыз шарт болып отыр.

Қазірде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдеседі екен. Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады. Бұл әсіресе, жастар арасындағы күрделі мәселе болып отыр. Күн ұзаққа желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды, тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады. Әлеуметтік желілер – адамдардың уақытын ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан отырып минуттардың, оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады. Әлеуметтік желі әрбір үшінші жұптың ажырасуына себепкер екен. Ғалымдардың пайымынша, жас отбасылар көп жағдайда әлеуметтік желіде туындаған кикілжіңнің салдарынан ажырасып жататын көрінеді. Көптеген жастар сыңарын табу мақсатымен бейтаныс адамдармен танысып, бармақ тістеп қалатын кездер де аз емес.

Ал әлемде жыл сайын шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады екен. Жақында ақпаратық порталдардың бірінде ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулері жазылды. Онда: «Инстаграмм» желісі депрессияға ұрындыратын желі деп айтылған. Ал «В Контакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шықты. Кім біледі, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суицидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар. «Ақпараттың дамыған, ғаламдық өркендеудің қазіргі сатысында дәл осы аталған дүниелердің өскелең ұрпаққа тигізіп жатқан кері әсерін айта бермейміз». Жасөспірім кезіндегі зиянын айтып жеткізу мүмкін емес. Бала өздігіне талпыну мен ізденуден қалып тек дайынға, дегені алдынан шығатынға әбден бейімделеді. Мектепте берілген үй тапсырмасын өзі ізденіп, ойлап құрастырып, орындамаған баланың таным процестері, яғни, ойлау, есте сақтау, қабылдау процестеріне дейін сол бір экранға желіге тәуелді болуы - үлкен мәселе десек болады. Далада, көлікте, сабақта, тіпті демалу, тынығу уақытында да ұялы телефондарын құшақтап жататын тәуелділік жасөспірімдердің 95% пайызында кездеседі. Балалардың көзбе-көз қарым-қатынас жасауларының, достық сезімінің, жан ашу, қамқорлық жасау деген игі қасиеттердің төмендеуіне де ықпал етеді. Әр затты өз орнымен, өз уақытымен, белгілі бір шектеумен қолдануын қадағалауға және бұл трагедияның, мәселені жеңілденуіне бала тәрбиелеп отырған әр ата-ана үлкен мән бергені дұрыс, алдын алғаны жөн.

Бұл әлеуметтік желі баланың денсаулығы мен өмір танымының дамуының кедергісіне ғана емес сонымен қатар баланың өмір сүруге деген құштарлығына да кері әсерін тигізеді.

Осы әлеуметтік желілердің түрлеріне тоқтала өтсек: В контакте, Facebook, Twitter, Однаклассники, M-agent, Whatsapp, Instagramm, Другвокруг...т.б. міне, осындай әлеуметтік желілер өкінішке орай балалардың өміріне, болашағына балта шабатын сәттері де кездесіп отыр.

Осының ішінде в контакте желісінде өлімге итермелейтін сайттардың ссылкаларына тоқтала өтсем:

  • «СУИЦИД ДУШИ»;

  • «ОТ ДЕПРЕССИ ДО СУИЦИДА»;

  • «ЗАПИСКИ СУМАСШЕДШИХ»;

  • «ДЕПРЕССИЯ. ПАМЯТЬ В ШРАМАХ. ЗАПАХ ВОСПОМИНАНИЙ»;

  • «ТЕТРАДЬ СМЕРТИ»;

  • «ПЛЯСКА СМЕРТИ»;

  • «ФИЛОСОФИЯ СМЕРТИ»;

  • «КРАСНАЯ СОВА»;

  • «ЗВОНОК ДЬЯВОЛУ»;

  • «МЕРТВЫЕ ЧУВСТВА»;

  • «Я ПРОСТО УМРУ И НЕ КТО НЕ ЗАМЕТИТ».


Әсіресе В контакте (ВК) желісіндегі ойындар мен әртүрлі өлімге итермелейтін сайттардың әсерінен қаншама ата-ана өз бауыр еті балаларынан айырылып жатыр. Қазақстанда 5-14 жастағы балалар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша әлемде 9-орында. Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі ата-аналарды баласының виртуалды өмірін қатаң қадағалауға шақырып отыр. Былтырғы "Көк кит" ойынының әсері қаншама отбасының бүлдіршіндерін жалмады. Әлеуметтік желілер арқылы кіретін сайттарға мәліметтерді алдын ала тексеріп отыратын арнайы мекемелерде өз тізімдерін әр апта сайын ауыл, қала, аудан мектептеріне жөнелтіріп отырады. Атап айта кететін болсам:

  • Суицидтік сайттарға әрекет ететіні жөніндегі мәлімет мониторингісі прокуратура мен ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріп, анықталған тізімдерді білім басқармасына өте шұғыл хатпен хабардар еткізіледі. Содан кейін білім басқармасынан анықталған оқушылар тізімдері әр мектептерге жіберіледі. Сол тізімдердің арасынан өкінішке орай біздің оқушылардың да аты-жөндері анықталды. Атап өтер кетсем: 2016-2017 оқу жылында «Көк кит» ойыны әсерінен 5 оқушы психологиялық күйзеліске түсіп, бала мен қатар ата-аналарға, біздің ұжымға да оңай түскен жоқ. Сонымен қатар биылғы 2017-2018жылғы оқу жылының қараша айында 2-оқушымыз Записки сумасшедших, Депрессия. Память в шрамах. Запах воспоминаний сайттарына қызығушылық танытып, суицидке итермелейтін сайттарға кіргені анықталды. Сонымен бірге 2018жылдың қаңтар және ақпан айларында тағы 2-оқушы «ОТ ДЕПРЕССИ ДО СУИЦИДА», «ТЕТРАДЬ СМЕРТИ» сайттарында суицидке итеретін мәліметтірді оқып, қызығушылықтарын оятуға әрекет жасағандары анықталды. Сол анықталған оқушылармен қандай жұмыстар жүргізіледі деген сұрақ тұрған шығар барлықтарыңызда? Бұндай сәттерде біз анықталған оқушының сынып жетекшісін шақыртып, сынып жетекшілері ата-аналарына сол мезетте лезде хабар береді. Содан кейін ата-ана, әкімшілік мүшелері, психолог, сынып жетекші мәселені шешуге біріге кіріседі. Осындай әңгіме-кеңес жұмыстарынан соң, анықталған оқушымен жеке жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстардың үлгісі білім басқармасы бекіткен арнайы жұмыс жоспарымен жүргізіледі. Сонымен қатар 5-11 сынып оқушыларымен де қозғалған мәселеге төңірегіндегі «Бала психологиясына – жаңа технологиялардың әсері», «Қауіпсіз интернет», тақырыптарында әңгіме-кеңестер мен «Өмірге иә деп айт!», «Мен өмірді таңдаймын» тренингтер, флешмобтар өткізілумен бірге, «Біз салауатты өмір сүреміз!» - атты тақырыпта салауатты өмір салты ұйымынан Кантореева Роза Дуйсенбаевнамен кездесу өтті.

Құрметті ата-аналар бұл жұмыстардың, әрекеттердің бәрі біздің мектеп-интернатымыз үшін дабыл қағатын жәйт деп есептей келе құрметті ата-аналар сіздерді осы қиын белестерден бірге шығуға шақырамыз. Өйткені жаңалықтардан естіп жатқанда шығарсыздар қазіргі уақытта «Көк кит» ойыны өзінің лақабатын «Красная соваға» ауыстырып, жасөспірімдерді өздерінің харам әрекеттеріне тартып жатыр. Осы ойынның зардабы биылда біраз жеткншектердің өміріне қауіп төндірді. Оны жаңалықтардан да естіген боларсыздар.

Ұялы телефонға үнемі үңілуді әсерінен бала қазіргі дамыған заманда адамдар роботтар сияқты сезімсіз әрекет ететін жандарға айналып отыр. Арада сезім, махаббат, сыйластық деген сияқты қасиеттер жойылып барады. Бұлардың бәріне де бір себепкер сенсорлы ұялы телефон. Неліктен, өйткені бала сабақта да, үзіліс уақытында да ұялы телефонға үңіліп айналасындағы болып жатқан жағдайларға мән бере бермейді. Сол әрекекті үйге барғанда тағы жалғасады. Бала неліктен ондай сайттарға кіріп, өзінің миын неліктен улайды. Өйткені, өсіп келе жатқан баланың бойында, ойында әртүрлі мәселелер толып жатыр. Мәселен, бала құрбысымен ұрысып қалады, немесе оны достары сатып кетеді, не жауапсыз махаббат, сабақтан төмендеуі, жалқаулығы, үйдегі жағымды атмосфераның жоғалуы, бұлардың барлығы баланың ішкі әлемінің бұзылуына әкеліп соғады. Солай біздің болашағымыз өсіп келеді. Бұл әрекеттерге жол бермей, шынайылыққа, сенсорлы ұялы телефонсыз әрекет етуге барлығымыз ат салысайық.

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің негізгі себебі – жалғыздық. Әрбір әке, әрбір ана баласының жанына үңілсе, "Менің кінәм қай жерде?" деп баласын ашық әңгімеге шақырса, әлеуметтік желідегі ойындар бізге қауіп төндірмейтін еді. Суицидке апаратын жол өте көп, әлеуметтік желідегі ойындар – себеп қана. Әке-шеше баласына жақсы көретінін айтуы керек. Баласымен отбасында көп көңіл бөліп, ішкі жан дүниесіне үңіліп, көбірек баланың мәселесіне төңірегінде сөйлессе ешқандай мәселе туындамас еді. Сондықтанда құрметті ата-аналар баламыздың материалдық жағдайын ғана қамтимай, ішкі әлеміне де көңіл бөліп, оның ұялы телефонындағы әлемін бақылауда ұстасаңыздар ешқандай ойын бізге кедергі жасамайды.

Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан да бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Қалай болғанда да әлеуметтік желінің пайдасы да, зияны да бар. Біз тек пайдалысын алып, зиянынан алыстап отырғанымыз абзал.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
1736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі