жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Аюдың қарағайлы орманында. Ашық сабақ.
МКҚҚ №13 « Золотой ключик »бөбекжайы «Гүлдер» ІІ – кіші
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Касангалиева Айнұр Нұржанқызы Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: «Аюдың қарағайлы орманында»
Мақсаты:Табиғат туралы және экологиялық түсініктерді қалыптастыру, қарағайлы орманда өсетін жидек түрлерімен таныстыру.Табиғатты сүюге баулу.Ойын мен көркем сөз арқылы сөздік қорын байыту. Қолданылатын көрнекі құралдар:Жидектер, аюдың, қарағайлы орманның
суреті.
Слайд Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,
көрсету,түсіндіру.ойын
Қостілдік
құрам: Аю-медведь - bear,
жидек-ягода - berry, құлпынай - клубника –
strawberry, таңқурай - малина -
raspberries, бүлдірген – ежевика -
blackberry.
|
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
1.Кіріспе бөлім. -Балалар, біз бүгін аюдың қарағайлы орманына қонаққа барамыз. Аю қарағайлы орманда тіршілік етеді. Бұл орманда қарағайлар көп өседі. Сондықтан қарағайлы орман дейді. Орманға баруға сиқырлы қолшатыр көмектеседі. 2. «Орман дыбысы» үнтаспасы қойылады. Балалар, қане, отырып, әуенді тыңдайық. |
Қуаныштарын көрсетеді. |
|
Ізденушілік-ұйымдастырушылық |
3.Білімді өзеектендіру. (слайдтар көрсетіледі). -Балалар, қандай керемет алаңқай! Алаңқайда не көріп тұрсыңдар? Алаңқайда жидектерде көп, ал қасында аю жидек теріп жүр. Аюға орманда өсетін өсімдіктер туралы айтып берейік. Ол үшін өздеріңде біліп алыңдар.(Аюдың суретін немесе ойыншық аюды үстел үстіне отырғызып қояды). -Орман-тоғайларда қарағай, шырша және т.б өсімдіктер көп өседі. Мәңгі жасыл ағаштардың, мысалы, шырша, қарағайдың қыста да жапырақтары түспейді. Орманда таңқурай, бүлдірген, орман жаңғағы, мүк, қына, саңырауқұлақ өседі. Мынау-бүлдірген! Қандай жидекке ұқсайды? Иа, құлпынайға ұқсайды. Бүлдірген орманда өседі. 4.Қостілдік бөлім: Аю-медведь, жидек-ягода, таңқурай-малина, бүлдірген-ежевика, құлпынай - клубника. -Ал мынау-таңқурай. Таңқурай да орманда өседі. Тағы да қай жақта өседі? Міне, аюдың қарағайлы орманында қаншама жидектер өсетініне көз жеткіздік. -Орман-тоғайға серуендеу кезінде адам өзін қалай ұстауы керек 5. «Аюдың қарағайлы орманында» қимылы аз ойыны. Тақпақты хормен айтқызып, қимылмен келтірткізеді. Ормандағы аюдың, Жидектері көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. 6.Үлестірмелі материалдармен жұмыс. 7.Бірнеше баладан сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінен алған білімдерін пысықтап сұрайды. |
Балалардың жауаптары. Құлпынайға ұқсайды. Қайталайды. -Бақта, саяжайда өседі. -Айғайлап жануарларды шошытпау керек. Қимылдар жасайды. Тапсырманы орындайды. |
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Оқу іс-қызметін қорытындылау. -Қарағайлы орманда қандай жануар тіршілік етеді екен? (Аю) -Аю немен қоректенеді? -Дұрыс, аю жидектермен қоректенеді, сонымен қатар аю балықты, балды да ұнатады екен. -Орманда өсетін жидектерді атаңдар? -Жарайсыңдар! Сендердің арқаларыңда аю қарағайлы орманның жидектер туралы біршама мәліметтерді білді. |
Сұрақтарға жауап береді. - Аю тіршілік етеді. -Аю жидектермен қоректенеді. - Бүлдірген,таңқурай, құлпынай Бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені
біледі:Қарағайлы орманда өсетін жидек
түрлерін атауға берілген тапсырманы.
Түсінеді: Табиғат аясында өздерін қалай
ұстау керектігі туралы ережелерді.
Қолданады: Орманда тіршілік ететін
жануарлар мен өсетін өсімдіктер туралы сұрақтарға толық жауап бере
алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және
ақпаратты талдай білу дағдыларын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген