АУЫЛ БАЛАСЫ МЕН ҚАЛА БАЛАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

АУЫЛ БАЛАСЫ МЕН ҚАЛА БАЛАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала, психология - педагогика саласы бойынша. Баланың даму ерекшелігі туралы жан - жақты баяндау. Педагогика - психология саласындағы зерттеу бойынша қала мен ауыл балаларының ерекшеліктеріне тоқталу
Материалдың қысқаша нұсқасы

АУЫЛ БАЛАСЫ МЕН ҚАЛА БАЛАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ


Оспанова Айсұлу Алдашевна

Қарағанды облысы білім басқармасының

Жезқазған қаласы білім бөлімінің

Малшыбай селосының №15 негізгі орта мектебі КММ

Педагог – психолог

Aisulu_ospanova@mail.ru


Баланың дүниені тануға деген қызығушылығы, даму ерекшелігі мен психологиясының қалыптасуы үздіксіз жүретін үрдіс. Олар қоршаған ортадағы құбылыстарға мән бере отыра өзінің мінез – құлығын қалыптастырып, бойдағы тәрбиесін ұштастырады. Осы орайда ауыл баласы мен қала баласының ой – өрісінің қалыптасуы мен ерекшелігі біршама ерекшеленетіні жасырын емес.

Ең алдымен бала ойын арқылы өсіп, өзінің бойындағы бар энергиясын, күш – жігерін ойнау арқылы шығаратынын есерсек, ауыл балалары осы орайда еркін көсіліп өсіп, желмен бірге жарысып, барынша құмарлары қанғанша ойнауына мүмкіндік бар. Ал, қалада асқан қырағылық пен ата – аналар тарапынан үлкен қадағалау болмаса, баланың өз бетімен жүруіне де қорқыныш бар. Сондықтан, олар жіті назарда, үнемі бақылауда, тіпті кейбір бұзақылық әрекеттері де назардан тыс қалмайтын жағдайда болады. Бала болғаннан кейін олардың кең дүниені тануға деген ынталары, қиялындағы дүниені өзінше жүзеге асыруға тырысатындығы белгілі. Олай болса, әр әрекетке тосқауыл қойып, ескерту айтып, дамуына кедергі келтіруге де болмайды. Бұл енді ғана жетіліп келе жатқан бүлдіршіннің өз – өзіне деген сенімділігін азайтып, үнемі біреудің пікіріне мән беріп, жеке бастың ұстанымын ұмытуға негіз болмақ. «Қаладағы бала – қамаудағы бала» демекші, төрт қабырғаға телміріп, күн ұзақ зерігетін балалардың энергиясы қалай жұмсалсын? Оған қоса көпқабатты үйде күн ұзақ шулап, тар пәтерде жүгіруге де болмайды. Тығырықтан шығатын бірден бір жол, түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар. Алайда, оны барлық ата – ананың қалтасы көтере бермейді. Бір отбасында бірнеше бала тәрбиеленсе, онсыз да айлығы шайлығына жете бермейтін жандар, еріксіз баланы тек негізгі мектепке жіберумен ғана шектеліп жататыны жасырын емес. Еріксіз сенімді серігі ғаламтор мен түрлі гаджеттерге айналып, баланың барлық ойы виртуалды әлеммен бірге өмір сүре бастайды. Бұл әрине баланың тұйықталып, қоршаған ортамен байланысын азайтуына негіз болмақ. Әрине, психология тұрғысынан бұл мүлде дұрыс емес. Себебі, адамдардың ең басты құндылығы қарым – қатынас екенін ескерсек, баланың бойындағы сезімді, эмоцияны, көңіл – күйді, сырды бүкпесіз жеткізетін, бар ойын ашып айтатын жағдай болуы тиіс. Ол ата – анасымен, өзінің қатарлас достарымен, кез – келген таныс адамдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ауылдық жерде кең етек алған. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсету тәрізді құндылықтар ең алдымен амандасудан бастау алып, ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналардың балалармен тілдесуі, өздерінің ақылдарын айтып, ақ баталарын беруі де балғын бүлдіршіндерді бақытқа бөлеп, ауылдың барлық адамдарымен қысылмай қарым – қатынас жасауына негіз болады. Осыған қарап – ақ, «Ауыл – тәрбие бесігі» деп айта аламыз.

Баланың психологиясы мен физикалық дамуы біте қайнасып, өз – ара әрекеттесіп жататыны анық. Оның даму деңгейі денсаулығына тікелей әсер ететіні анық. Бұл орайда да қаланың ақ саусақ балаларына қарағанда, ауылдық жерде өскен бүлдіршіндер шымыр келетіні тағы бар. Ауылдың қым – қуыт тіршілігіне күн сайын төселіп, шаруаны дөңгелетіп әкететін бүлдіршіндер дене бітімі жағынан, оған қоса психология тұрғысынан анағұрлым сабырлы, ашуға ұстамды және байсалды келеді. Олар жұмыс жасай отыра бөгде дүниені ойламай, бар ынталарын еңбекке аударатын болғандықтан, мидағы сезім мүшелері де жағымсыз факторларды қабылдамайды. Бұл әрине ұйқы барысында да өз әсерін тигізіп, жеткіншектердің дұрыс жетілуіне ықпал етпек.

Әрине, заман ағымы дамыған сайын қалалық жердің мүмкіншілігі басым тұрғаны жасырын емес. Ол жаңашылдықтың жаршысы болып, үлкен өмірге есігін кең ашуда. Сол себепті таразының екі ұшы бар демекші, қалалық жердің балалар үшін беретін біраз артықшылығын айтпай кетпеуге тағы болмайды. Алайда, ең бастысы ол отбасындағы тәлім – тәрбие мен мектепте жүргізілетін үздіксіз жұмыс екені баршамызға аян. Әр бала бөлек әлем. Оның жан – дүниесіне үңіліп, барынша мән бергеніміз абзал. Тың технологиялар тамырын тереңге жайып, кең қолданысқа енген уақытта, оның балаларға зардабы тиіп кетпеуін абайлағанымыз жөн.

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», дейді дана қазақ, олай болса қалалық жерде де, ауылдық мекенде де оқушылардың ой – өрісінің жан – жақты болуын, психологиялық дамуының дұрыс жетілуін, қандай да бір мәселе орын алғандығын бақылайтын педагог екені анық. «Сақтансаң - сақтайды» дегендей, әр маман өз шәкіртінің бойындағы құндылықтарға мән беріп, өзгерістерді бірден аңғарып, сынып бойынша жұмыстарды жетілдіруі шарт.

Қаймағы бұзылмаған ауылдың тамаша үрдісі болсын, заманауи үлгідегі жаңа әлемге ұмтылған қаланың тыныс – тіршілігі болсын, ең бастысы бүлдіршіндеріміздің барынша дамуына ат салысып, әрқашан қолдау көрсетуге тырысқанымыз дұрыс. Балалар біздің болашағымыз. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар, ертеңгі күні ел іргесін тізгіндейтін, мемлекетіміздің мерейін асқақ ететін азаматтар мен азаматшалар екені айқын. Олай болса, ұлт қамын ойлайтын ұландарды тәрбиелеу біздің басты парызымыз. Өзіне сенімді жас ұрпақ қатары көп болсын!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2021
642
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі