Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ауыл мектептерінде білім сапасын арттырудың жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл "Ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттырудың жолдары" атты мақалада қазіргі кездегі білім алу үрерісіндегі жаңвртылған технология бағыттары сөз болады. Автор мақаласында қандай әдіс-тәсілдер ауыл мектебіндегі білім сапасын арттыруда қажетті және қолайлы екендігіне назар аудартады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға көмектесетін тәсілдер

Подходы, помогающие повысить качество образования в сельских школах

Approaches to help improve the quality of education in rural schools


Умерджанова Жанар Тоқтарбайқызы

Алматы облысы, Талғар ауданы

«NNEF» ҚҚ филиалы «Арыстан» мамандандырылған лицейінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы, ф.ғ.кандидаты.

Аңдатпа

Берілген мақалада автор ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтеруге жәрдемдесетін әдіс-тәсілдер туралы жазған. Автор сапаны арттыру үшін, біріншіден, мектептер заманауи оқу құралдарымен жабдықталуы тиіс, екіншіден, мұғалімге интерактивті тақта, интернет қолжетімді болуы қажет деп есептейді. Қазір мүлде жаңа жасанды интеллект өмірге қосылды. Мынадай оқыту технологиялары өзекті: дамыта оқыту, модульдік оқыту , деңгейлеп оқыту, проблемалық оқыту, жобалық оқыту, көп деңгейлі оқыту технологиясы, қашықтықтан оқыту технологиясы.

Түйін сөздер: әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары, заманауи оқу жабдықтары, жасанды интелект қолжетімділігі.

Аннотация. В статье рассматриваются методы, направленные на повышение качества образования в сельских школах. Автор подчёркивает, что для улучшения образовательных результатов, во-первых, необходимо обеспечить школы современными учебными пособиями, а во-вторых, предоставить учителям доступ к интерактивным доскам и сети Интернет. Особое внимание уделяется внедрению в образовательный процесс технологий искусственного интеллекта. Актуальными являются такие технологии обучения, как развивающее, модульное, уровневое, проблемное и проектное обучение, а также многоуровневые и дистанционные образовательные технологии.

Ключевые слова: методы, технологии обучения, современное образовательное оборудование, искусственный интеллект.

Abstract

In this article, the author examines methods for improving the quality of education in rural schools. The author believes that to improve the quality of education, firstly, schools must be equipped with modern teaching aids, and secondly, teachers must have access to interactive whiteboards and the internet. Currently, a completely new type of learning has entered the mainstream – artificial intelligence. The following learning technologies are relevant: developmental learning, modular learning, level-based learning, problem-based learning, project-based learning, multi-level learning technologies, and distance learning technologies.

Keywords: methods, learning technologies, modern educational equipment, accessibility of artificial intelligence.

Қазақстан Республикасы көлемінде ұсынылып отырған «Ауыл мектебі ­сапа алаңы: идеядан нәтижеге дейін» атты бұл семинардың ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру жолдарына бағыт берудегі рөлі жоғары. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері­ – бұл дәстүрлі білім беруден ерекшелігі бар заманауи тәсілдер, бірақ бұрыннан бар тәсілдерді жоққа шығармайды, оларды дамытады, өңдейді, жетілдіреді, жаңа заманға сай түрлерін ұсынады. Себебі дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бұрынырақ білім алған алдыңғы буынды қазіргі буынмен салыстыра алмаймыз, ақ бор, қара тақтамен-ақ әлемді бағындырған талантты адамдар ғылым мен техниканың сан саласында жұмыс істеп келеді, мәселен, математика ғылымдарының докторы, академик Асқар Жұмаділдаев. Білім беру әдісінің қазіргі кезден айырмашылығы –ол кездегі оқушылар қайтсек жақсы оқып, институт бітіріп, жақсы өмір сүреміз деген сезімнің арқасында, тырысу мен жан қинап оқудың нәтижесінде биік дәрежелерге жетті. Бірақ қазіргі заманмен ол кездегі құндылықтар арасында айырма бар. Білім алуға деген көзқарас өзгерді, алған білімді қажет ететін сұраныс азайды, өмірге нарықтық заман мен бәсеке енді. Қоғамдық қажеттіліктер өзгерді. Қазіргі заманауи білім беруде сыни ойлауды, шығармашылық дағдыларды, сондай-ақ топта жұмыс істеу және өзін-өзі жетілдіруді жүзеге асыруды дамытуға ықпал ететін жаңа технологияларды, идеялар мен тұжырымдамалар басшылыққа алынады. Алдымыздағы жылдары жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер мен ИКТ десек, қазір мүлде жаңа жасанды интеллект өмірге қосылды, қоғам дамыған сайын, әдіс-тәсілдер де өзгеріп, түрленіп жатыр. Ал оқыту жүйесіндегі әдіс-тәсілдер қоғамдағы өзгерістер мен оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беру арқылы үнемі дамып, жетілдіріліп отырады.

Ауыл мектептерінде қандай әдістер тиімді, нәтижелі деп ойласақ, бірден жобалық оқыту ойға оралады. Оқушылар белгілі бір нақты жобамен жұмыс істеп, ізденіске түседі. Екіншіден, бұл дарынды балалардың ізденімпаздығын дамытуға жол ашады.

Тағы бір әдісіміз – ойын жаттығулары – оқытуда ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттырады, әрине, бұл әдістер қала мектептерінде де кеңінен қолданылады, тіпті ауыл-қала деп бөлудің қажеті шамалы. Бұдан соң кері байланыс – алдымен пысықтап, содан кейін сабақта кері байланыс беру – бұл оқушыларға өз қарқынымен үйренуге, есте сақтауға, алған білімін қолдануға мүмкіндік береді. Төртіншіден, аралас оқыту–дәстүрлі және жаңа технология әдіс-тәсілдерін қатар қолдану оқытудың үйлесімі мен материалдың икемділігі мен қолжетімділігін арттырады. Мысалы, оқулықты пайдалану, мәтінді оқыту, мәтінмен жұмыс, дауыстап оқу, топқа бөлініп талдау, негізі ой мен қосымша ойды ажырату, сабақ материалымен танысу–бәрі де алғашқы түсінікті қалыптастыру үшін қажетті әдістер.

ХХІ ғасырдың негізгі дағдыларын дамытуға, таным үрдісін қызықты әрі мағыналы етуге жаңа әдіс-тәсілдер көмектеседі. Бірақ олар қосымша ресурстар мен оқушылардың белсенділігін қажет етеді. Бұрынғы проекторлардың орнын интербелсенді тақта, интернет басу керек. Мектептер заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс. Егер кей ауылдарда интернет желісі дұрыс істемесе, электронды «Күнделік» пен «Білімкласты» толтырудың өзі біраз күшке түсері анық.

Жаңа әдістерді тиімді пайдалану мұғалімнен оқуға, тәжірибеге, икемділікке, шығармашылыққа және оқушыға қолайлы психологиялық жағдай қалыптастырып, жайлы қарым-қатынас жасауға дайындықты талап етеді. Жаңа технологиялар оқушыларды заманауи әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауға көмектеседі, ой қорытуға үйретеді және қолжетімді және тиімді бола отырып дамуын жалғастырып, түрлене береді.

Оқытудың тиімді әдістері білім беру үрдісіне айтарлықтай үлес қосады, бұл оны икемді етіп және оқушылардың жеке ерекшеліктерін дамытуға көмектеседі. Олар мұғалімдерге оқушылардың жетістіктері мен қажеттіліктерін нақты бағалауға мүмкіндік береді, сонымен қатар мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз қарым-қатынасқа ықпал етеді, жетілдірілген технологиялар инновациялық әдістерді жүзеге асыруда өте тиімді құрал.

Жаңа технологиялар оқу материалымен өзара әрекеттесудің жаңа тәсілдерін ұсынып, оқу сапасын арттырады. Енді осы жаңа технология түрлеріне назар аударайық. Олар төмендегідей:

Дамыта оқыту технологиясы. Модульдік оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясы. Жобалық оқыту технологиясы. Көп деңгейлі оқыту технологиясы. Қашықтықтан оқыту технологиясы. Қай технологияны алсаңыз да оқушы білімін тереңдету мен жетілдіруге ықпалы бар, тек мұғалімнің шебер де тиімді түрде меңгеруі мен қолдануы шарт.

Ауылдық жер мектептерінде интерактивті тақталардан басқа, мектептер цифрлық өткізу жүйелерімен жабдықталуы қажет. Ата-аналар баланың мектеп ғимаратына қай уақытта кіргенін және қашан шыққанын бақылай алуы қажет. Қазір институт пен қала мектептерінде студент пен оқушыға турникетке рұқсат беру жеткілікті болса, ал біраз жылдан кейін оны биометрия алмастыруы мүмкін Apple құрылғыларындағы Touch ID сияқты саусақ іздері және көз торын сканерлеу сияқты жетілген технологиялық құралдар қолданылуы мүмкін. Бізде қазірде жоғары деңгейде дамып тұрғаны банктік жүйе қызметтері мен хакерлер, көшедегі «Сергек» камералары мен телефон, гаджет қолдану, әлеуметтік желіні жаппай қолдану, жарнама жасау.

Қазақстанда жаһандану үрдісімен байланысты онлайн білім беру өте қарқынмен дамып келеді. Он шақты жылдарда, жасанды интеллекттің басшылығымен де қашықтықтан сабақ өткізуге болады. Қазірде Microsoft ағылшын, қытай тілін үйренуге арналған оқу бағдарламасын шығарып, таратуда. Онда тұтынушы, яғни оқушы не студент чаттағы оқытушы-боттың қысқаша аудио хабарламаларына жауап береді. Жасанды интеллект жауаптарды талдайды және қажетті жүктемені таңдайды. Заманауи онлайн оқыту технологиялары интернеті бар кез келген адамға білім беруді қолжетімді етеді және болашақта дәстүрлі бетпе-бет сабақтар толығымен ескіріп, оқытушы чат-боттардың алатын үлесі артуы мүмкін. Бұрын қолданбақ тұрмақ, түсімізге де кірмейтін chatgpt нейрондық желілері қазірдің өзінде оқытушы мен оқушыларға баға жетпес көмек көрсетуде. Мысалы, олардың көмегімен балаға түсініксіз материалды түсіндіріп, оқу кестесін жасап немесе шет тілінде хат алмасуға машықтана аласыз. Әрине, нейрондық желілердің пайдасымен қатар зияны да орасан: олардың арқасында балалар өз миымен ойлауды, шешім шығаруды ұмытуы да мүмкін, ми саналы түрде жұмыс істемесе, дайын мәліметті пайдалана берсе, ол да ми талшықтарына зиян. Бірақ егер сіз оларды дұрыс қолдансаңыз, онда нейрондық желілер оқушы үшін пайдалы құрал болады. Қалаларда еркін қолданылатын жасанды интеллект әлемімен таныс болса, ауыл мектептерінде осы нейрондық желілерге қолжетімділік болуы мүмкін: яндекс chatgpt және гугл chatgpt. Бұлар берілген тақырыптар бойынша мәтіндер жасай алады, код жаза алады, пайдаланушылармен сөйлесе алады, ғаламтордан ақпарат іздей алады, мәтіндерді аудара алады. Writefull-мәтіндегі қателіктерге, қайталануларға тексеруге қабілетті нейрондық желіні де көпшілік жақсы қолданады. Ол сондай-ақ мәтін құрылымын жақсартуға, сәйкес сөздерді табуға және тақырыптарды ұсына алады. MathGPT-математикалық есептерді шешуге арналған нейрондық желі кеңінен қолданыста. Ол тіпті күрделі мәселелерді тез және тиімді шеше алады.Көбіне ағылшын тіліне қатысты аударма жұмыстарын тексеретін де түрлі бағдарламалар бар, ағылшын тілін үйрететін бағдарламалар жеткілікті. Бірақ оқушы бұл желілерге сүйеніп алса, еңбектеніп жұмыс істеуге, қабілетін жетілдіруге мотивациясы болмай қалуы мүмкін, «Дайын асқа тік қасық» демекші, ойлау үрдісі шектеліп, өз бетімен қарапайым тапсырмаларды орындауға жалқаулық танытуы мүмкін. Бұл жағдайда мұғалім сол чат chatgpt нейрондық желілері жазып берген мәтіндерді, шығарып берген есептерді оқушылармен бірге қарап, өзіндік нұсқаларын жасатса дұрыс болады.

Қазірде біз белгілі бір пандемия, ауа райының қолайсыздығына не аудитория жетіспеушілігіне қатысы «ZOOM» сияқты платформаларды жиі қолданамыз, бұл ауыл мен қала оқушыларына кеңінен таныс.

Осындай дамыған технология заманында адами құндылықтар сапасы тиісті деңгейде дамып, балаға саналы адамгершілік тәрбие беру ісі қатар жүргізілуде. Биылғы мектеп оқу бағдарламаларына құндылықтарды енгізу жоспарланды, бұл білім мен тәрбиені қатар алып жүруге бағыттайды. Орта ғасырлық әлемге әйгілі ғұлама ғалым әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» демекші, әлемді ізгілендіру үшін білім мен бірдей қажетті нәрсе –адамгершілік тәрбиесі. Сондықтан Қазақстанда «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» құндылықтарға негізделген білім берудің маңызына ерекше тоқталған. Бұл құндылықтарды қазірде бар Қазақстан мектептері өз бағдарламаларына енгізіп, балаларды тәрбиелеуде. Мына біз құнды пікірге назар аударсақ: «Құндылықтарды тек кітаптар мен оқулықтардан үйрену мүмкін емес, ол көбіне адамнан адамға дариды. Сондықтан біз мұғалімдерді оқушылардың мінез-құлқы мен мәдениетін қалыптастыратын өзгеріс агенттері ретінде қарастырамыз. Әсіресе қазіргі таңда мұғалімдер балаларға тек академиялық білім берумен шектелмей, оқушылардың бойында әртүрлі өмір жағдайына тез бейімделе алатын машықтарды ды дамыта білуі керек».  Санамаласақ, әдістердің түрі көп: Олар: жұптасып жұмыс істеу; ротациялық (ауыспалы) үштік; карусель; шағын топтармен жұмыс; рөльдік (іскерлік) ойын; дискуссия; дебат; жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг; білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс. Бұдан өзге сабақты пысықтауда пайдаланылатын викторина, Studio D-ID, OnlineTestPad, Wordwall, QuizGPT, Quizizz , Educaplay, Classroomscreen т.б. бар. Бұған міндетті түрде ауылдық мектепттерде интернет желісі жақсы істеп тұруы қажет. Мұның бәрін қажетіне қарай таңдап қолдану – мұғалімнің шеберлігі. Қорыта келгенде, қала баласы болсын, ауыл баласы болсын, біздің болашаққа ұшар қос қанатымыздың білім мен тәрбие арқылы жетілуіне бүгінде мектептің жүрегі –мұғалімнің қосар үлесі мол. Мұғалім терең білімді болып, заманауи оқыту технологияларын тиісті деңгейде меңгеріп, оны тиімді пайдалана алса, оның алдынан шыққан шәкірттердің қашанда өз жолын табары анық. Сондықтан «Дипломмен–ауылға» бағдарламасының берері мол. Себебі «алдыңғы толқын–ағалар» демекші, терең білімі мен тәрбиесін жас ұрпаққа беріп, зейнет жасына жетіп, құрметті демалысқа шыққан қарт мұғалімдерді оқытудың жаңа технологияларын меңгерген, білімді, жас мұғалімдердің ауыстыруы заңды. Ауыл мектептерін қазіргі заманауи оқу құралдарымен жабдықтап, тиісті дәрежеде ұстаздарды материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз етіп отырса, білімдерін көтеруге жағдай жасалып тұрса, ауыл мектебінің білім деңгейі жылдан-жылға жоғарылай береді. Оның үстіне жыл сайын ЖОО оқушылар оқуға тапсырар кезде, кейбір мамандықтарға бөлінген ауылдық квота ауылдық жерден келген оқушылардың оқу грантын ұтуына көп мүмкіндік береді. Ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға мемлекетіміз терең назар аударып отырғаны болашақтың жарқын екендігін көрсетеді, өйткені ұлттық тәрбие мен сапалы білім – жалпы білім беретін ізгі қоғамның негізі.

Пайдаланылған материалдар:

1. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлтық білім академиясы. 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты, 2025.

2.https://bilim-all.kz/article/17725-Tiimdi-adis-tasilder---sapaly-bilim-kepili

3. https://informburo.kz/kaz/kogam/qundylyqtarga-negizdelgen-bilim-beru-zane-ol-qazaqstanda-qalai-zuzege-asyp-zatyr.



Умерджанова

Жанар Токтарбайқызы

Тел:87770224040

Қазақ

стан

Республикасы

Алматы облысы

Талғар ауданы

« NNEF» ҚҚ филиалы «Арыстан» мамандандырылған лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы


Ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға көмектесетін тәсілдер


1педагогика

лық инновациялар және сапалы білім беру




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12