жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ауыл шаруашылық мелиорациясы" пәнінен нұсқау картасы
Нұсқау карта №1
СУҒАРУҒА ЖҰМСАЛАТЫН СУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
Тақырып маңызы: Су – аса бағалы табиғи ресурс. Судың үлкен тұтынушыларының бірі – суармалы егістік. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін әр гектарға шаққанда 600-1000, 1 тонна мақтаға – 3000-4000 м3 су жұмасалады. Ал судың қоры шексіз емес. Оны үнемдеу керек.
Сондықтан егістікке берілетін суды қатаң есепке алу негізінде үнемдеп тиімді пайдалану қажеттігі туындайды. Бұл суармалы алқаптардың өнімділігін арттыру ғана емес, Арал теңізі мен Балхаш көлін құтқарудың қажетті шарты.
Суармалы егістікке берілетін суды қатаң есепке алу мәселелері геометрия курсында қаралады.
Геометрияның негізгі төмендегілер: су көзінен алынатын және жүйеге берілетін суды есепке алу және бақылау; жүйенің жеке бөліктері арасында судың дұрыс бөлінуін қатаң есепке алып, қадағалау. Бұл жұмыстармен суару жүйесінің басқармасы айналысады.
Ал агрономдар мен гидротехниктер және есепші мамандарының міндеттері мыналар: шаруашылық территориясында судың ысырап болуына жол бермей, егістіктің сапалы суарылуын қамтамасыз ету, суға қатаң есеп жүргізу.
Тақырыптың мақсаты – каналдар мен өзендердегі суды есептеудің ең қарапайым әдістерін болашақ мамандарға үйрету.
СУДЫҢ КАНАЛ ЖӘНЕ ӨЗЕНДЕРМЕН АҒУ ӨТІМІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ
Егін суаруға арналған су мөлшері, каналдар мен өзендер арқылы белгілі бір уақыт ішінде ағып өтетін көлемін анықтау негізінде есепке алынады.
Сонымен канал немесе құбырдың кез келген көлденең қимасы арқылы бір секундта ағып өтетін судың көлемін (м3/с немесе л/с) – су өтімі деп аталады. Су өтімі мына төмендегі теңдеу бойынша есептеледі:
Q=W*V; м3/с (л/с),
Мұндағы: W - көлденең қиманың ауданы немесе су ағымы көлденең
қимасының ауданы, м2;
V – осы қимадағы су ағымының орташа жылдамдығы, м/с
Шаруашылық суару жүйесінде су өтімін су өлшегіш құралдармен анықтайды:
Арналық әдіс. Бұл әдіс – каналдың сумен көлденең қимасының ауданын (W) және ағыстың орташа жылдамдығын (V) анықтап, одан кейін жоғарыдағы теңдеу арқылы есептеуге негізделген.
Канал пішініне байланысты оның ылғалданған көлденең қима ауданын (W) төмендегі теңдеу бойынша есептейді:
1. Трапеция пішінді W=a+b*h/2, м2

а – су беті бойынша каналдың ені, м; һ – каналдағы су тереңдігі, м; в – канал табанының ені, м; СД – су деңгейі; ЖБ – жер беті.
2. Парабола пішіні W=2/3ah, м2

3. Үшбұрыш пішінді W=1/2ah, м2

4
. Тікбұрыш пішінді W=ah, м2
5. Сақина пішінді W=πr2, м2

r – құбырдың ішкі радиусы, м.
Су ағымының көлденең қимасын анықтап болған соң, судың ағу жылдамдығын өлшеуге кіріседі. Ол үшін төмендегі әдістер қолданылады: а) қалытқы көмегімен; гидрометрлік зырылдауық көмегімен; в) батометр көмегімен. осы әдістердің ең қажеттілерін қарастырайық.
Нұсқау карта №2
СУ ӨТІМІН ГИДРОМЕТРИЯЛЫҚ ЗЫРЫЛДАУЫҚ КӨМЕГІМЕН АНЫҚТАУ
Жалпы мағлұматтар. Гидрометриялық зырылдауық – каналдың немесе өзеннің әртүрлі тереңдігіндегі су ағымының орташаланған жылдамдықтарын өлшеуге арналған құрал.
Гидрометриялық зырылдауық

1 – қалақшалары бар доңғалақ; 2 – қабырғасы; 3 – бағыттаушы; 4 – штанга
Зырылдауықтардың әртүрлі түрлері болады. Ең көп тарағандары мыналар:
Ж-3 зырылдауығы. Штанга (сырық) көмегімен 3 м, ал трос арқылы 25 м тереңдікке түсіріледі. Ол судың 0,04-тен 5 м/с-ке дейінгі ағу жылдамдығын анықтауға арналған.
Гр-21 зырылдауығы. Оның көмегімен 0,1-ден, 2 м/с-ке дейінгі ағу жылдамдығын анықтайды.
Гр-11 зырылдауығы. Бұл зырылдауықпен 0,6-дан 10 м/с-ке дейінгі ағу жылдамдықтарын табады.
Аталған зырылдауықтарың ақаулығы – 3%-дан аспайды.
Дайындық жұмыстары: зырылдауықтардың дұрыстығын тексеру; каналда өсімдіктердің жоқтығын байқау; канал жағдайын және жұмыс жағдайын суреттеп жазып алу.
Су тереңдігі вертикаліндегі зырылдауық орналасатын нүктелер саны мынадай: а) біреу – 0,6Н тереңдікте Н – судың вертикаль бойынша тереңдігі; б) екеуі – 0,2 және 0,8 Н тереңдікте және судың беткі қабатында – 120 с.
Каналдардағы судың жылдамдығын өлшеу үшін 1 немесе 2 нүктелі әдістер қолданылады.
Керекті нүктеге (тереңдікке) дейін зырылдауықты штанганың көмегімен батырады. Жұмыс кезінде зырылдауық қалақшасы судың бетіне шықпауы және канал табанына жанаспауы шарт.
Су ағысының жылдамдығын әртүрлі тереңдікте өлшеу:

а – бір нүктеден өлшеу; б – екі нүктелі; в – үш нүктелі; 1 – зырылдауық; 2 – штанга; 3 – канал табаны.
Зырылдауықты орнатқан соң, бір-екі сигнал бойынша оның жұмысқа дайын екендігіне көз жеткізу қажет. Одан кейін секунд өлшегішті қосып, сигнал санын өлшей бастайды. Ең алғашқы сигнал есепке кірмейді. Есепті уақыт өткеннен кейінгі бірінші сигнал есептелген кезде секунд өлшегіш тоқтатылып, өлшеу доғарылады.
Жылдамдық анықтау графигі

1 - аз жылдамдық үшін, 2 – қалған жылдамдықтар үшін.
Жұмыс кезінде бақылаушы сигналдарды санап, жазып отырады. Зырылдауықпен жұмыс аяқталған соң қалақшалы доңғалақтардың барлық айналым саны анықталады:
nбар=nс 20, айн.
одан кейін қалақшаның айналу жылдамдығын есептейді (п, айн/с)
п= nбар /t; айн/с
мұндағы: t – нүктедегі жұмыс істеу уақыты, с. n-ді біле отырып, арнайы
график көмегімен судың жылдамдығын табады.
Абцисса сызығы бойынша алынған зырылдауық қалақшасының айналмалы жылдамдығын табады, сол нүктеден түзумен қилысқанға дейін перпендикуляр тұрғызады. Осы нүктенің ордината сызығындағы проекциясы – судың жылдамдығы (V) м/с болып табылады, осыдан кейін су ағымының орташа жылдамдығын табады.
Бір нүктелі әдіс қолданған кезде Vорт=0,6Н;
Екі нүктелі әдіс қолданған кезде Vорт=0,2Н+0,8Н/2.
Нұсқау карта №3
Судың сапасын анықтау
Суармалы жерден сапалы өнім алу судың сапасына көп байланысты. сондықтан суаруға пайдаланатын судың химиялық құрамына белгілі талаптар қойылады.
Бұл жұмысты орындау кезде әр студентке белгілі бір су көзінің химиялық құрамы беріледі. Осы химиялық құрамға қарап оның егістік суаруға жарамдылығы төмендегі ұсыныстар бойынша анықтап талдау жасалады.
-
Судың тұздылығы 1-1,2 г/л-ден аспауы керек.
-
Хлордың мәні (Сl) мг-экв/л 2-10 шамасында.
-
Са : Na = 0.5 – 2.0
-
Ca : Mg = 0,4 – 1,0
Судағы тұздар қауіпті және қауіпсіз болып 2 топқа бөлінеді. Академик А.Н.Костяков бойынша қауіпті қауіпсіз тұздарды бөлу үшін төмендегі схеманы пайдалану керек.
-
-
-
NaCl
MgCl2
CaCl2
NaSO4
MgSO4
CaSO4
Na2CO
MgCO3
CaCO3
-
-
Сызықтың үстіне орналасқан тұздар қауіпті тұздар, ал төменгі жағындағылар қауіпсіз тұздар бөліп бөлінеді.
Осымен қатар суға ирригациялық баға берілуі керек. Мысалы, И.М.Антипов-Каратаевша суаруға пайдалатын суларда Са + Mg/Na ≥ 0,23 С шамасында болуы керек.
Бұл жерде С – судың жалпы тұздылығы.
Егерде бұл есеп бойынша шыққан мән 0,23 С-тен төмен болса су егісік суаруға жарамсыз деп табылады. Оның құрамы сәлде болса Са элементін қосып жақсарту керек.
АҚШ департаменті ұсыныс бойынша
SAR=Na√ (Ca+Mg) / 2 ≤8
болуы қажет.
Егерде SAR<болса – су құрамы жақсы;
SAR=8-18 болса – су құрама орташа;
SAR=18-25 болса – су құрамы нашар;
SAR>25 болса - өте нашар су.
А.М.Можейко және Т.К.Воротник суды суаруға жарамды деп Na/Σ катионов * 100 < 65% , болғанда айтады.
Ал М.Ф.Буданов суға мынадай шектеу кояды Na/Ca≤1 немесе Na/Ca+Mg<0.7.
ТМД елдерінде пайдаланып жүрген ГОСТ бойынша суаруға пайдаланатын судағы РН мөлшері 6-8 арасында;
Na + Mg + Ca + К мг экв/л = 75 шамасында болуы қажет.
Азот, фосфор және калий мөлшерінің шектеу мәні мына теңдеумен анықталады:
Сш = (100*В) / (М*К) кг/м3.
бұл жерде: В - өніммен шығатын азот, фосфор, калий кг/га;
М – суармалау нормасы, м3/га;
К - өнімнің осы элементтерді бойына сіңіру коэффициенті.
Нұсқау карта №4
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫНЫҢ СУАРУ РЕЖИМІН ЖОБАЛАУ
Алпатьев тәсілімен.
Суару режиміне – ауыл шаруашылық дақылдарының суару нормасы, мерзімі, саны жатады. Ол дақылдардың биологиялық ерекшелігіне, топыраққа, климатқа және суармалы танаптың гидрологиялық жағдайына байланысты есептеледі.
Суару режимі дақылға тек қолайлы жағдай жасап қана қоймай, сондай-ақ топырақ режиміндегі ауа қуыстылығына, тұздыққа, су сіңімділігіне де тығыз байланысты болады.
Суару режимін анықтағанда жалпы қолданылатын су көлемі, суару нормасы мен мерзімі анықталады.
Жұмыстың мақсаты – ауыл шаруашылық дақылының биоклиматтық әдіс бойынша оптималды суару режимін есептеу.
1. Су пайдалану жиынтығын есептеу. Су пайдалану жиынтығы деп – дақылдың өсіп өну кезеңіндегі 1 га егістіктен транспирация мен физикалық булануға кететін судың мөлшерін айтады.
а) Суару режимін жасаудың бірнеше әдістері бар. Соның бірі – А.М.Альпатьев биоклиматтық әдісі. Ол жалпы буланудың ауа ылғалдылығы тапшылығына тікелей байланысты екеніне негізделген.
Еv = Kб * Σd * 10 (м3/га)
Мұндағы: Еv – су пайдалану жиынтығы;
Σd –

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген