400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ауылдағы адам еңбегі. Фермер қожалығы."

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ермаганбетова К. А.

Жаңажол орта жалпы білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы,Жаңажол ауылы


Сабақтың атауы

Ауылдағы адам еңбегі. Фермер қожалығы

Мақсаты

Сабақтың мақсаты:

1. Жаз бен күз мезгілдеріндегі адам еңбегі туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

3.Еңбексүйгіштікке баулу, адам еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім игеру

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі адам еңбегінің суреттері, оқулық.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні кино көрдік клубта.

Жексенбіде үйде болып дем алдық,

Осылайша өте шықты бір апта.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту














І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, құралдарын түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Адамға пайдалы өлі табиғат заттарын ата.

2. Адам, жануар және өсімдіктер тіршілігі үшін судың маңызы қандай?

3. Біз тұратын аймақтағы өзеннің қандай пайдасы бар?

4. Өз жерімізде қандай жануарлар қорғауға алынған деп ойлайсыңдар?

5. Оларды қорғауға біз қандай үлес қосуымыз қажет?

Психологиялық дайындық.

Сұрақ.

  • Адам не үшін еңбек етеді?

  • Енді көзімізді жұмып, бір сәт «Ешкім не жаз мезгілінде, не күз мезгілінде еңбек етпесе ...» деп ойланып көрейік. Онда не болар еді?

Пікірталас.

«Адам міндетті түрде еңбек ету керек» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырылады.Пікірталас барысында оқушылар еңбектің арасында адамның көп жетістіктерге жететіндігіне көздерін жеткізеді. Адам тамақтанады, киінеді, баспана салады.Еңбек адамды ақылды, мейірімді, қамқор болуға баулиды.

Қорытынды.

Адам төрт мезгілде еңбек етеді.

Бақ, егістік, бақша, гүлзарларда еңбектенеді.

Көкөністер мен жемістерді өсіреді.

Баспаналарын жөндейді.

Малға азық дайындайды.

Қыска азық дайындайды.

Табиғатқа қамқорлықпен қарайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

1. Балалар мәтінді қарындашпен белгілеп отырып оқиды және қарындашпен кестені толтырады. Мәтінді оқу барысында балалар білетіндерін түрті белгісімен, білгісі келетіндерін «?» белгісімен, жаңа ақпаратты «+» таңбасымен белгілейді. Содан кейін кестенің бөліктерін толтырады.


Білемін

Білдім

Білгім келеді








2. Мәтін мазмұны бойынша жұмыс.

а) Адам жаз мезгілінде бақ, бақша, егістік пен саябақтарда қандай еңбек атқарады?

ә) Ал күзде ше?

б) Бақшадағы күзгі жұмыс басқа жұмыстардан қалай ерекшеленеді?

Сабақты қорытындылау.

1. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру.

2. Сергіту жаттығуы.

3. Қорытынды. Еліміздің эконоимкасының өркендеуі үшін көптеген адамдар ауылда, қалада аянбай еңбек етеді. Сондықтан біз олардың еңбегін құрметтеуіміз керек.Біз де сапалы білім алып, алдағы уақытта Отанымыздың өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз.

Мағынаны тану
















Сергіту сәті














Ой толғаныс












Үйге тапсырма

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
539
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі