
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Білім беру саласы: « Коммуникация»
Тақырыбы: Ауылда.Үй жануарлары мен үй құстары.
Пәні: Сауат ашу негіздері
Мақсаты: Ауыл туралы түсінік беру.Үй жануарлары мен үй құстары
туралы білімдерін кеңейту, сабақ барысында сұрақтарға
жауап-сөздік қорларын толықтыру,сөйлеу мәдениетіне
тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Сана- сезімге түрткі
болатын,жетелейтін
бөлім
Балалар қызығушылықпен орындайды.
Бір-біріне қарайды.
Қолдарын бұлғайды.
Маңдайларынан сипайды.
Жүректерін силайды.
Қолдарын қысады.
Бір-бірімен құшақтасады.
Күлім қағып жанары,
«Бір,екі,үш»деп соғайық.
Қарап тұрған көршіме
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен
Маңдайынан сипайын.
Жылы-жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын.
Амандасып сенімен
Құшақтасып алайын.
Сәлем беріп бәріне
Амандасып алайық.
Ұйымдастыру-нәтиже
бөлімі
-Балалар біздің топта бір зат екен. Соны
тауып беріңдерші.
-Сендер жұмбақ шешкенді жақсы
көресіңдер ме?
1.Басында таяғы бар,
төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
2.Аяғында таяғы бар,
Мойында жағасы бар.
Мінсе көлік болар,
Сауса қымыз болар.
3.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
4.Үстінде екі тауы бар,
кезекті бір жануар.
5.Басында айдары,иекте
сақалы бар.
6.Алшаң-алшаң басады,бірін-
бірі көрсе қаңқылдасады.
-Жарайсыңдар.
-Балалар сендер жұмбақтарды
шештіңдер.
-Осылардың барлығын бір сөзбен қалай
айтамыз.
-Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар үй жануарлары мен үй
Балалар хатты тауып алады.
Жұмбақты шешеді.
Ешкі
Ат
Қой
Түйе
Әтеш
Қаз
Үй жануарлары мен үй құстары
деп айтамыз.
Жауаптары тыңдалады.

құстарының қандай айырмашылығы
бар?
-Үй құстарының адамға қандай пайдасы
бар?
-Құстар немен қоректенеді?
-Қайда және қалай ұйықтайды?
-Адамдар құстарға қалай қамқорлық
көрсетеді?
-Үй жануарларының адамға
қандай пайдасы бар?
-Ойын: «Төлдерін тап»
Жануарлардың төлдерін табады.
Сиыр-бұзау.
Қой –қозы
Ешкі-лақ
Түйе –бота
Тауық-балапан
Түйе - сүтінен шұбат дайындайды.Түйе
адамға жүк тасуға көмектеседі.
Сиыр- Сүт береді,сүттен
ірімшік,май,қаймақ,құрт
жасайды.Жүнінен жылы киімдер
тоқиды.
Биенің сүтінен қымыз дайындайды.
Қой-ет,сүт,жүн,көрпе,жіп,шұлық,бас
киім,киім.
Тиым сөздер:
-Қойдың сүті-қорғасын,
қойды соққан оңбасын.
-Сиырды теппейді,
ақты төппейді.
-«Төлді қалай шақырады?»
Қошақанды-«пұшайт,пұшайт!»
Лақты «Шөре-шөре!»
Құлыншақты «құрау-құрау!»
Бұзауды «аухау-аухау!»
Ботақанды «көс-көс!»
Тауық қалай шақырады?
Сергіту сәті
Тауық тары жинапты,
оны ешкіге қиматы.
Бөтекесін толтырып,
Қамбасына құймапты,
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп жүр тақылдап.
-Тілге жаттығу:
Ой-ой-ой-қорада тұр қой.
Ай-ай-ай-жайылып жүр тай.
Ақ-ақ-ақ –секеңдейді лақ.
Зы-зы-зы –ойнақтайды қозы.
Жұмыртқасын
пайдаланады,етін жейді.
Бидаймен.
Оларды күтеді,жем береді.
Төлдерін атайды.
Тыйым сөздердіі жаттайды.
Төлдерді айтады.
(Тары теру қимылын жасау)
(Қолдарын айқастыру)
(Бүйірлерін ұстау)
(Бастарын шайқау)
(Тауық сияқты дыбыс шығ)
(Тауыққа ұқсап жүру)
Тілге арналған жаттығуды
айтады.
Бие-кісінейді.
Сиыр- мөңірейді.
Ит-үреді.
Тауық-қытқыттайды.

«Қайсы дұрыс,қайсы бұрыс?»
Түйе-мөңірейді.
Сиыр-қытқыттайды.
Ит-кісінейді.
Тауық бақырады.
Мысық – боздайды.
Бие –мияулайды.
Ойын «Үй жануарларын тап»
- Балалар, мен сендерге үй
жануарларының аттарын айтады.
-Балалар сендер ауылға барғанда қандай
жануарларды көрдіңдер?
Мысық-мияулайды.
Түйе- боздайды.
Үй жануарларына қолдарын
шапалақтайды.
«Үй жануарын» естігенде қол
шапалақтайды.
Мысалы:жолбарыс,түйе,
жылқы,кірпі,аю,ешкі,лақ,
қоян,тиін,қой,қасқыр,сиыр,елік,
барыс,
т.б.
Жауаптары тыңдалады.
Рефлекстік нәтиже бөлімі Қандай үй жануарларымен таныстық?
Үй жануарлары мен үй құстарының
қандай айырмашылығы бар?Мадақтау.
Сұрақтарға жауаптарын айтады.
Күтілетін нәтиже: Үй жануарлары мен үй құстары туралы түсініктері
қалыптасады.
Білу: Үй жануарлары мен үй құстары
туралы білу.
Орындай алу: Ауыл суреттер бойынша әңгіме жүргізеді.
Істеу,істей білу: Үй құстары мен үй жануарларының айырмашылығын
ажырата білу.
Тексерді:________________Әдіскер