400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ауылға қонаққа бару"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Ауылға қонаққа бару»

Мақсаты: Балаларды ауылдың тұрмысымен таныстырып, ұлттық тағамдар туралы түсінік беру. Үй жануарымен таныстыру. Адамгершілік, сыйластық тақырыбындағы ойларын дамыту.

Көрнекіліктер: асық.

Сөздік жұмыстар: саяхат, автобус, ауыл.

Полингвальді: ауыл-деревня, саяхат-путешествие.


Ұйым кезеңі:

Тәрбиеші балаларды топтастырып, саяхатқа шығатындары туралы әңгімелейді де, саяхатқа көліктің қай түрімен барған дұрыс?-деп сұрайды.

Балалар: -Автобуспен

Тәрбиеші: -Онда кәне, отырайық.

-Кім жүргізуші болады?

Бір бала рулге отырады. Автобус ішінде келе жатып тәрбиеші балалармен әңгіме құрады.

-Балалар, сыртқа қарайықшы.

-Не көріп отырсыңдар.

Балалар оң жағында ағаштар (шырша, ақ қайың, таулар)

Тәрбиеші: Жол ұзақ болғандықтан әнші Жұбаныш ағамыздың ауыл туралы әнін тыңдайық.

-Ой, балалар, тыңдай отырып, келіп қалғанымызды байқамай қалыптық қой. Түсейік, ауылға келдік. (Автобус тоқтайды, бәрі түседі)

Балаларды әже мен ата қарсы алады.

Әже: Сәлеметсіңдер ме, балаларым?

-О қандай тамаша болды, қарақтарым. Келгендерің қандай жақсы болды. Төрлетіңдер.

Алыстан шаршап келген шығарсыңдар? Айран ішіп алыңдар.

Балалар: -Рахмет әже, айраныңыз өте дәмді екен. Әже ұлттық тағамдар туралы қысқа мерзім береді.

Тәрбиеші: -Сізге біз өзіміздің өлеңімізді, тақпақтарымызды айтып береміз.


1-бала: «Ауылға» өлеңін айтып береді.


2-бала:

Әжемдей данадан,

Ертекке қанамын.

Шақырса даладан,

Жүгіріп барамын.


3-бала:

Аппақ күміс саққалды,

Жақсы көрем атамды.

Шахматтан ол бүгін,

Менен тағы мат алды.

Тәрбиеші: Балалар, өткен оқу іс-әрекетінде үй жануарларымен танысқан болатынбыз. Ендеше атамыздың ауласындағы үй жануарларын көрейік.

Ата: Балаларды үй жануарларымен таныстырады.

Тәрбиешінің балаларға ұсынысы: тақпақ үй жануарлары туралы айтып береді:


4-бала:

Шөре-шөре, лағым

Тентек болма шырағым.

Секектеме, деміңді ал

Селтеңдемей құлағын.


5-бала:

Әукім-әукім, әукешім,

Қашыншы әукенін

Енең, әне келеді

Ақ мамасын береді.


6-бала:

Құлыншағым-құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.


Ата мен әже балалардың өнеріне ризашылығын білдіреді.

Атаның ұсынысы: -Балалар мен бала кезімде ойнаған ойынды ұсынамын.

Ол ойынның аты-өз төліңді тап.

Ата ойын шартымен таныстырады: Белгіленген төрт төлдің бейнесіне, топқа бөлінген балалар белгі бойынша жүгіріп барып, топтасады. Ата алғысын айтады. 1-2 рет ойналады.

Әже келіп, балаларға «Қара жорға» биін ұсынады.

Ал енді балалар, ұлттық ойынымызды ойнайық.

«Хан алшы» ойыны.

Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін қызыл түске бояйды. Осы асық «Хан» болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағаындап алады. Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар «Ханның» қалай түскенін байқап отырады. Егер «Хан» бүк, шік, тәйкі түссе ойын бастаушы бала «Ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршытып, біріне бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне алады. Осы арада «Ханды» тек ең соңғы өзі сияқты жатқан асықпен алып алуға болатынын ұмытпаған жөн. Ойын бастаушы басқа асықтарға қолымен не асықпен тиіп кетсе, ойынды басқа бала жүргізеді. Ал егер «Хан» алшысынан тұрса, «Ханды» әрқайсысы өз қолдарына түсіруге әрекеттенеді. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жетеді. Ойынды да сол жеңген бала бастайды.

Тәрбиеші: Сабаққа қорытынды жасайды, қайта қалаға кетуді ұсынады.

-Бүгін біз қайда саяхат жасадық?

Балалар: -Ауылға.

Тәрбиеші: -Не көрдік?

Балалар: -Ағаштарды, үй жануарларын.

Тәрбиеші: -Қонаққа барған ұнай ма?

Балалар: -Иә.

Тәрбиеші: -Ауылдың сәні-қонақтар, мол дастархан.

Әже, Ата енді балабақшамызға қайтатын уақыт болды. Сіздерге көп рахмет. Сау болыңыз!


Күтілетін нәтиже:

Жаңғырады: қазақ халқының салт-дәстүрлерін сахналайды.

Түсінеді: ата-бабаларымызды, олардан қалған салт-дәстүрді құрметтеуді.

Қолданады: үлкендерге деген құрметті, жануарларға деген мейірімділікті.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
826
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі