400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ауылым алтын бесігім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан обылысы Семей қаласы
Шәкәрім мемлекеттік университері










Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы:Ауылым-алтын бесігім







Орындаған:Семей қаласы Шәкәрім мемлекеттік университетінің бастауыш оқыту мамандығының 2-курс студенті Сейтан Лаура Рахымжанқызы.


















Семей-2018


Сабақтың тақырыбы:Ауылым-алтын бесігім.
Сабақтың эпиграфы:Туған жерді сүю-парыз
Сүю үшін біліу-парыз
Қасиетін ұғу-парыз
Күзетінде тұру-парыз


Сабақтың мақсаты:
а)Балаларға туған ауылының тарихы туралы мәлімет беру.
ә)Туған жерді сүюге,оның табиғатын аялауға үйрету.



Сабақтың түрі:Сайыс сабақ.




Әдіс-тәсілі:Сайысу,сұрақ-жауап,өлең,ән орындау,мақал-мәтелдер айту.

Көрнекілігі: «Ауылым-алтын бесігім»-ауыл көрінісі салынған үлкен сурет,кітап көрмесі,домбыра.




Сабақтың барысы:Ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранан орындау.


Мұғалім сабақты эпиграфты оқып бастайды.
Сынып оқушыларын үш топқа бөліп,сайыс шарттарымен таныстырады.



1топ- «Жер-ана» тобы
2 топ- «Талбеск»тобы
3 топ – «Табиғат» тобы



Таныстыру:Әр топ өздерінің төсбелгісімен,мүшелерімен таныстырады.
«Мақал-сөздің атасы»Мақал –мәтел айту сайысы.
«Ауылым әнім» ән сайысы
«ойлан тап»Жүргізуші мен топтар арасында сұрақ жауап сайысы
«Ауылымның әсем көрінісі» әр топ өз ауылдарының табиғатын көркемдеп сурет салады.

Мұғалім: О,туған жұртым,босағам
Жусаны жерді жасырған.

Құдіретті қолдар қашаған.
Жаралғандайың асылдан.




Сан қилы құстар асылдан
Салатын әнді Оңтүстік.

Бір көрген жанның есінде
Қалатын мәңгі Оңтүстік.

Жаныңда ойнап сағым жай,
Шалқиды қырың Оңтүстік.
Тынымсыз менің жанымдай.
Толқиды сырың Оңтүстік,

-деп ақын ағамыз Әмзе Қалмырзаұлы жырлағандай, туған жеріміз –Оңтүстік өңірінің жері шұрайлы,суы дертке шипалы,астығы да,ақ мақтасыда бар.өнерліде өнегелі халқы бар қазыналы қара шаңырақ.

1-шарт:Таныстыру.


«Жер –Ана» тобының таныстыруы

Ауылымыз көркейсе мақтанамыз
Жыр сандығын көңілдің ақтарамыз.

Тобымызды атадық «Жер-Ана» деп,
Өлең оқып,ән айтып шаттанамыз
«Талбесік» тобының таныстыруы.

Ауылым –алтын бесігім,
Әлдилеп бізді өсірген
Тобымызды қорғаймыз.

«Талбесік»деген есімін

«Табиғат»тобының таныстыруы

Табиғаттын тартылмасын тынысы
Арта берсін-құт береке ырысы
«Табиғат»топ әнімізді бастаймыз
«Жеңісті бол»ұранды біз тастаймыз.

«Мақал-сөздің мәйегі»демекші.сайысымыздың келесі қызықты шарты әр топ туған жер туралы төрт мақал-мәтелден айтуы қажет.

«Жер-Ана» тобы
Отансыз адам-Ормансыз бұлбұл.

Кісі елінде сұлтан болғанша,Өз еліңде ұлтан бол.

Туған жердің жуасы да тәтті

Туған елің болмаса,Тумай-ақ қойсын күн мен ай.
«Талбесік»тобы
Жат елдің жақсысы болғанша,Өз еліңнің сақшысы бол.

Аққу көлін аңсайды,Адам туған жерін аңсайды.
Туған үйдің түтіні жылы,Туған ананың күтімі жылы.

Отанды сүю-отбасынан басталады.

«Табиғат»тобы

Сұңқар қиясын аңсайды,Торғай ұясын аңсайды.

Туған жер-тұғырың,Туған ел-қыдырың.
Адамзат өске елінде,Арша өске жерінде.

Атамекен-анаң екен,Қысылғанда-панаң екен,
Мұғалім:
Пай!Пай!Пай!
Киелі нетке жер!
Батырлар дүбірлеп өтке жер
Түлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бі бірін өпкен жер
Сарылып Сал-сері кетке жер

Бас иіп,иіскеп топырағын
Тағызым жасамай өтпеңдер
-деп Мұқағали ақын жырлағандай Туған жерін жырына қоспаған ақын,әнге қосспаған сазгер жоқ.Ендеше келесі шарт «Ауылым-әнім» деп аталады.

«Жер-Ана тобы»

Ауылым әнім
Өлеңі : Е Таәжібаевтікі
Әні : Е . Қасанғалиев

Қайда жүрсем туған жері
Сен есімнен шығармысың ?
Жастық дәурен құрған жерім
Көз алдмда тұрармысың!
Ғашық едім қыр гүліне ,
Қызық тойым сенде өтеді ,
Сенде өткізген бір күніме ,
Дүниеде не жетеді!
Сүйем таныс жолдарыңды ,
Саған бастап әкелетін ,
Сүйем жасыл талдарыңды ,
Жанға ләззат әперетін .
Сүйем айна көлдеріңді
Мөлдіреумен қарайтұғын,
Сүйем белес белдеріңді
Таң сәулесі қарайтұғын .

«Талбесік» тобы

Ауылым

Әні : Ж. Бейсенов .
Өлеңі : М. Сағатов .

Кіндігімің жасқаны
Тамғаны жері ауылым
Шабытымның асқары
Самғаушы еді ауылым
Жастығымның куәсі ,
Шырқұраған ауылым .
Жусаны мен жуасы
Бұрқыраған ауылым .
Биік – биік шың құзға ,
Құмар қылған ауылым .
Бүлдіршіндей бір қызға ,
Сыңар қылған ауылым .
Әнмен таңды атырып ,
Ән салдырған ауылым ,
Сары қымыз сапырып ,
Тамсандырған ауылым .



«Табиғат» тобы

Атамекен
Өлеңі : Қ . Мырзаалиев .
Әні : Е. Хасанғалиев .

Жасыл жайлау - түкті кілем көк кілем ,
Көк кілем де көп ойнаймын кө күлемін,
Айдарымнан сипап өткен самалды ,
Қазағымның алақаны деп білем .
Қ-сы
Қайда жүрсең , атамекен .
Көкейің де жатады екен,
Күннің көзі қимай оны ,
Ұясына батады екен .

Жасыл жайлау - түкті кілем көк кілем,
Асқар тауын аспанымен астасқан
Қазағмның мәртебесі деп білем .

Қ-сы .



Мұғалім : Жырлары оқырманның жігерлендіре түсетін ғаламатттығын орындап тұратын Мұқтар ағаның «Төрт ана» атты өлеңін бүгінгі әңгімеміздің мазмұнын аша түссін деген ниетпен мен сіздерге оқып берейін .

Төрт ана

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келе ортаға ,
Әр адамда өз анасынан басқада ,
Ғұмырына етер мәңгі астана .

Демеп жүрер жебеб жүрер арқада ,
Болу керек құдыретті төрт ана .



Сайысымыздың келесі шарты « Ойлан тап» деп аталады . Әр топқа бес сұрақтан беріледі .

«Жер-ана» тобына
Еліміз тәуелсіздік алған уақытты атаңдар ?
(1991 жыл 16-шы желоқсан
Ұлттық валюта туған күні қашан ? (1993 15-ші қараша )
Нәрестеге арналап жасалатын той қалай аталады ? (Шілдехана той )
Қазақтың қандай билерін білесіңдер ? ( Қазыбек би , Төле би , Әйтеке би )

Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды ? (1986 16-шы желтоқсан )

«Талбесік» тобына
Мүшел қай жастан басталады ?( 13)
Жетіқазынаны атаңдар ? ( қыдыр , бақ , таз , ит , тұз)
Қазақша ай аттарын атаңдар ?( қаңтар , ақпан...)
Қазақтың ұлттық тағамдары ? ( сүт тағамдары : айран , сүт , қымыз. Ет тағамдары : әсіп , қазы , мипалау . Ұн тағамдары : бауырсақ ,жайма , нан. Дән тағамдары : майсөк , тары , тарыкөже жарма .)

«Табиғат» тобына
Қазақтың ұлттық спорт ойындарын атаңдар ?( ақсүйек , алтыбақан , аттамақ , арқан тарту , асық , қыз қуу т.б.)
Ораза айында айтылатын ән ? ( жарапазан )
Төрт түлікке нелер жатады ? ( жылқы , түйе сиыр , қой, ешкі)
Тіл мерекесі ашан тойлаймыз? (21-қыркүйек)

Мұғалім : міне, балалар сендер танымдық сұрақтарға жауап беріп болдыңдар. Келесі сайысымыз шарты ауылымның әсем көрінісі деп аталад . Әр топ мүшелері өз ауыл көріністерін суреттеп салады .

Шықшы тауға,
Қарашы кең далаға ,
Мәз боласың ұқсайсың жас балаға.
О шетімен бұл шетіне жүгіресің ,
Шаршайсың ба құмарың бір қанама .
Уа дариға алтын бесік туған жер ,
Қадіріңді кетсем білмей кеше гөр ...

Балалар сурет салып болғанға дейін Құрманғазының «Балбырауын» күйі тыңдалады .

Балалардың сайыс шарттарын орындауда жеткен жетістікерін жеке-жеке айтып бағалаймын . Әр топтың ұпайларын есептеп жеңімпаз топқа сыйлық беріледі .

Мұғалім ; Ал балалар болашақта ауыл қамын ойлайытын ел абыройын ардақтайтын өнегелі өмірлі азамат болыңдар !!!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
741
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі