400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ауырлық күші. 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауырлық күші туралы біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы

Ауырлық күші дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.5.1.2 ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіреді.

Көптеген оқушылар: ауырлық күші туралы біледі.

Кейбір оқушылар: ауырлық күші туралы білімге мысал келтіреді.

Бағалау критерийлері

ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіреді.

ауырлық күші туралы біледі.

ауырлық күші туралы білімге мысал келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ауырлық күші, тірек.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ауырлық күші туралы не білесің?

Ауырлық күші дененің массасына қалай бағынады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Табиғат физикасы. Күш және қозғалыс туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Оқушылар «қозғалыс», «жылдамдық» ұғымдарын түсінеді, қозғалыс тудыратын күштердің болатынын біледі, қозғалыстың траекториясын көрсете алады және жылдамдықтары әр түрлі болатын қозғалыс денелеріне мысал келтіре алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Гүлмен тілек»

(сергіту және топқа біріктіру) Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

1-топ «Сары гүлдер»

2-топ «Көк гүлдер»

3-топ «Қызыл гүлдер»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Барлық оқушылармен жұмыс»

Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.

  • Неліктен дене өз пішінін өзгертеді?

  • Бастапқы пішініне қайта келе алатын денені қалай атайды?

  • Дене серпімділік қасиетін жоғалта ма?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау



«Гүлмен тілек» сергіту жаттығуы.




Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Барлық оқушыларға арналған сұрақтар

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

«Баяндама»

Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.

  • Ауырлық күші туралы не білесің?

  • Ауырлық күші дененің массасына қалай бағынады?

Кез келген зат: көлденең бағытта лақтырылған доп, тас, жоғары секірген адам және т.б., жоғарыдан төмен Жерге қарай ауырлық күшінің әсерінен құлайды. Ауырлық күші дегеніміз – Жердің өзінің маңайындағы не үстіндегі барлық денелерді, яғни адамдарды, ағаштарды, суді, үйлерді, Айды және т.б. өзіне тарту

күші. Жерден ұшырылған жасанды серік те ауырлық күшінің арқасында Жерден алыстап кете алмайды, оны айнала қозғалады. Ауырлық күші дененің салмағына және Жердің кіндігіне қарай бағытталған. Суреттерде ауырлық күші төменге қарай бағытталған

нұсқарлармен көрсетілген. Ауырлық күші дененің массасына тәуелді. Бірақ бұл дененің құлау уақытына әсер етпейді. Жер бетіндегі барлық дене массасына қарамастан бірдей құлайды, олардың жылдамдығы әр секунд сайын шамамен 9,8 м/с-ге артады. Дүниежүзілік тартылыс күшін ағылшын физигі Исаак Ньютон

ашты. Аңыз бойынша, ол бұл жаңалықты бақшадағы алманың құлауын бақылай отырып ашқан

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

1-топ «Сары гүлдер»

2-топ «Көк гүлдер»

3-топ «Қызыл гүлдер»

Дескриптор:

ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіреді.

ауырлық күші туралы біледі.

ауырлық күші туралы білімге мысал келтіреді.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмаларына арналған сұрақтар.




Сергіту сәті

2мин

Сергіту сәті. Мен қазақпын.






Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Т оптық жұмыс.

«Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, сұрақ қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Былғары қолғап»

Ойын шарты: үш адамнан тұратын топтарға бөлініңдер: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласың тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар «Тазалық» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.












Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.







«Тазалық» кері байланыс парағы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
27 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
8898
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі