жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ауысым ашылуы

ҚАЗАҚСТАН «БАЛДАУРЕН - ҚАПШАҒАЙ»
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ - САУЫҚТЫРУ
МИНИСТРЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ
ТӘРБИЕ КЕШЕНІ
_____________________________________________________________________________
2018 жылғы
"Тезірек! Жоғары! Күштірек!"атты
12 ауысымының ашылу салтанатының сценарийі.
Іс-шараға жауапты:
Бахытов Аслан
Сламғали Аяулым
ұйымдастырушы-ұстаздар
Өткізілетін күні: 10.09.2018 ж.
Өткізілетін уақыты: сағ. 16:30
Өткізілетін жері: «Балдәурен-Қапшағай» РОСО, open air
Қатысушылар: 2018 жылдың 12 ауысымына қатысушы балалар, қонақтар және
педагогикалық ұжым.
Іс-шара түрі: салтанатты жиын.
Мақсаты: Балалардың ішкі әлеуетін қалыптастыру үшін жағдай жасау, әлеуметтік маңызды және жеке тартымды іс-шаралар енгізу негізінде балалардың құзыреттілігін дамытуға ықпал ету.
Міндеттері:
-
Балалардың бойындағы қызығушылығын дамыту;
-
Жазғы демалысын патриоттық бағытқа насихаттау;
-
ұжымшылдыққа жағдай туғызу, көшбасшылық және белсенділік қасиеттерін тәрбиелеу;
Қажетті құралдар: музыкалық сүйемелдеу, ҚР гимні, микрофондар,
Жүргізушілер: Жәнібек Мұрат - ұйымдастырушы-ұстаздар, Борисова Алина - 10 отр. Алм обл.
Іс-шараның барысы:
Сахна сыртындағы дауыс
Қазақстан Республикасы, Индонезия мемлекетінде өткен 18 жазғы Азияда ойындарында әр түрлі спорт түрлерінен жүлделі 76 медальды қанжығаларына байлады. Оның ішінде – 15 алтын, 17 күміс және 44 қола. Жалпы есеп бойынша еліміз 37 мемлекеттің ішінде 9-орынға табан тіреді. Бұл жазғы Азияда ойындары еліміз үшін өте табысты жыл болды. Жеңімпаздарымыз алдағы әлемдік олимпиадаларда да өз бақтарын сынап, еліміздің туын әлемдік дәрежеде көкке көтеріп, әнұранымызды әлемге естіртеміз деп сенім білдірді.
Бокс: Біз қазақстандықпыз! Бұл біздің жеңіс емес сіздердің жеңістеріңіз! Біздің әрбір жеңіс сіздердің қолдауларыңыздың арқасы!
Теннис: Спорт – это не только увлеченье, Но еще и долгий, тяжкий труд. Никогда не сдавайтесь! Только вперед!
Күрес: Қыран құсты қыран етіп, аспанға самғытқан екі қанаты, ал адамды адам етіп, қырандай самғaтатын, арманы мен мақсаты.
Гандбол: Знаете этот вид спорта? Умеете? Уметь это одно, надо любить! Если делаешь все любя, то у тебя не будет никаких проблем.
Гимнастика: Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады.
Армреслинг: Это один из самых жестких видов спорта, больше всего похож на жизнь, там побеждаешь либо ты, либо тебя!
Мұғалім: Балалар, міне біздің спортшыларымыздың жетістіктерінің нәтижесі, еліміздің абыройын бар әлемге таныта білді. Келешек еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда! Осындай биік белестерді бағындыру үшін алдымызға қандай мақсат қоюымыз керек?
1 бала: Арманымыз айқын болып, мақсатымызға жету үшін талмай еңбек етуіміз керек!
2 бала: Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл. Осы екеуін тең ұстай білсе, мақсатын орындау жолы жеңіл болады!
3 бала: Негізі ең күшті адамдар - сабырлы, салмақты адамдар. Асығыс шешімге бармай, сабырмен ойланып, ақыл таразысына салып ойланған адам мақсатын адаспай орындайды.
Мұғалім: Ал балалар, мінекей өздерің көргендей еңбектің біздің бірлігімізде, Қазақстанның болашағы, жаңа толқындар! Біздің бейбіт ел - Қазақстан Республикасының болашағы жарқын да, жайдарлы болуы сіздердің қолдарыңызда! Алдымызда тұрған еліміздің намысын қолдан бермей, тек алға ұмтылып келген чемпиондардың жолын жалғастыру, олардың бағындырған белестерін екі есе бағындыру сіздердің өз қолдарыңызда.
Жүргізушілер шығады
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірлі қонақтар мен ауысымға қатысушылар! Қызыл құмды Қапшағай жері мен «Балдәурен» атты бақыт ордасына қош келдіңіздер!
Ведущий: Мы рады приветствовать вас на торжественной церемонии открытия 12 смены 2018
года под названием "Быстрее! Выше! Сильнее!"
Жүргізуші: Балдәуреннің өнерлі де досы бар,
Таланттардың басы осылай қосылар
Балдәуренді тек сағынып келгесін,
Шын таланттар міне енді осылар.
Осы ауысымда барлығымыз бірге талантымызды жаңғыртып, кереметтей балалық шақтың ордасында достық бәсекеде бір кемеде бірге жүзгелі отырмыз.
Ведущий: Спорт это – биение твоего сердца, твое дыхание, это твой ритм жизни. Золотые медали делаются не из золота, они делаются из пота, решительности и очень редкой смеси которая называется «сила воли».
Жүргізуші: Құрметтi достар, 2018 жылдың 12 ауысымының ашу мәртебесi және құттықтау сөз
«Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры
Баржақсымов Бірлік Қадырбекұлына беріледі.
«Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Каппасова Сандуғаш Елтайқызына беріледі
-
Құттықтау сөз
-
ҚР ГИМНІ
-
"Балдәурен" РОСО жалауы көтеріледі
-
Олимпия ойындарын ашу мәртебесі спорт нұсқаушысы
-
Әлекбаев Бауыржан Мұқатайұлына беріледі
-
Олимпия жалауы көтеріледі
-
( «Балдаурен» РОСО ГИМНІ)
-
«Қапшағайым - бақ сарайым» әні, Исабеков Нұржан, Бақытнұр Думан
Ведущий: Мы желаем вам творческого полета и новых идей в этой смене. На этом наша
торжественная церемония открытия 12 смены подошла к своему завершению.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген