Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп -гимназия

Ауызша журнал
Тақырыбы: «Алтын Жұлдызды ұстаз»
5
«Г» сыныбы
Алматы 2018
«Алтын Жұлдызды ұстаз»
Амиржанова М.А
Қожа Ахмет Яссауи атындағы
№123 мектеп –гимназияның
жоғары санатты ағылшын тілі мұғалімі
Мақсаты:
Оқушыларды Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын Жұлдыз» орденінің иегері Аягүл Төреқызы Миразованың өмірі, қызметі және шығармашылығымен таныстыру.
ерен еңбегін насихаттай отырып ұрпақты патриотыққа тәрбиелеу, ұстаздың өміріне деген қызығушылығын ояту, оқушыларды ұшқыр ойлы, терең білімді, жан-жақты дамыған болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының формасы: танымдық
Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері : әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап.
Тәрбие сағатының құрал-жабдықтары мен көрнекіліктері: тақырыптың аты мен нақыл сөздер жазылған баннер, Аягүл Төреқызы Миразова өміріне байланысты слайд, бейнеролик және журнал.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Жұмыс түрі: топтық.
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы әнұранын айту
Ұстаз сөзі: Құрметті әріптестер, қымбатты оқушылар, Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын Жұлдыз» орденінің иегері Аягүл Төреқызы Миразова ның 70-жылдық мерейтойына арналған ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Шаттық шеңбері
«Бүгінгі шаттық шеңберіміз ерекше болсын, ұстаздарды қуантып , біз де шаттанайық. Қане ұстаздарымызға не тілейміз? Керемет тілектеріңе мың да бір рақмет.
Біз сынып сағатымызды ауызша журнал ретінде өткізуді ұйғарып, журналымызға редактор сайладық .
Журналымыздың кезекші редакторлары Қамал Темірлан және Жаппарберген Жанерке.
1 топ Аягүл Төреқызы Миразованың балалық шағы.
2 топ Ұстаздыққа қадам басуы және соқпақтары.
3 топ Аягүл Төреқызы Миразованың отбасы.
2. Негізгі бөлім
1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар? Қош келдіңіздер, құрметті де аяулы ұстаздар және сыныптастарым.
2-жүрг. Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін біз Ұлы ұстаз Аягүл Төреқызының 70 жылдық мерейтойына арналган ауызша журналымызды сіздердің назарларыңызға ұсынбақпыз. Ұстаз -ұлағатты есім екенін барлығымыз білеміз, қане ұстаз туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?
1 оқушы :Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
2 оқушы: Ұстазыңды түсінсең сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
3 оқушы. Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
1- жүрг Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз да шәкірттерге сондай жарық береді.Сол ұстаздық әлемнің шоқтығы биік жұлдызы Аягүл Төреқызының өмір соқпағын тамашалауға сіздерді шақырамыз.
2- жүрг. Сіз-Ұстазсыз, барша жан ардақтайтын,
Қанша жас Сізге ұқсауды армандайтын.
Еткен еңбек, төккен тер жемістерің,
Көретін кезде келді ұлықтайтын
-
жүрг. Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған Аягүл Төреқызына қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.
2- жүрг.Темірлан, екеуіміз тым көп сөйлеп кетпедік пе? Кәне журнал беттеріне үңілейікші.
1- жүрг.Әрине шығармашыл топтар бізді асыға күтіп отыр.Журналдың бірінші бетін таныстыруға 1 топты ортаға шақырайық.
1 топ: Адам-өз өмірінің сәулетшісі.Даралар да,қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды.Оның мәнді де сәнді, мағыналы да мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты.Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан ұстаздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі.
Біз сіздерді Аягүл Төреқызының балалық шағына арналған бетке бірге саяхат жасауға шақырамыз.

Аягүл Төреқызы1948 жылы 15 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қарабастау ауылында дүниеге келген.Ата-анасының тұңғыш қызы. Аягүлден кейін 10 жылдан соң інісі өмірге келді.Өзінен кейін 5 інісі және 1 сіңілісі бар, үлкен жанұя мүшесі.Анасы қарашай-балқар ұлтынан болған,сымбатты, сыпайы сонымен қатар балаларының тәртібіне өте қатал қараған.
Әкесі Ұлы Отан соғысының ардагері болған.Өте балажан, сөзге шебер, жомарт және кітапқұмар болған. Аягүл Төреқызын тек «Аяш» деп атайтын болған.
Аягүл Төреқызы мектепте өте белсенді оқушы болды, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, ән айт десе ән айтатын, би биле десе би билейтін оқушы болған.
Сіздерге Аягүл Төреқызының балалық шағынан бір көрініс көрсетуге рұқсат етсеңіздер.
Ақниет:Аяш, сенің әдеби тіліңе таңқалам,сөйлеген кезде тыңдай бергім келеді,сен оқыған шығармаларыңды маған бере аласың ба?
Арай (Аяш рөлінде):Оның бәрі әкемнің арқасы,білесің ғой,менің әкем кітапқұмар кісі.Менің оқығанымның бәрі әкемнің жастық шығынан жинаған шығармалары.Мен үйдегілерден сұрап көрейін.
Қызының сыныптарымен көшеде сөйлесіп тұрғанын көрген анасы айтқан екен.
Айым (анасының рөлінде): Екінші рет көшеде келе жатып, әңгіме айтып, күлгеніңді естімейтін болайын.Төренің қызы көшеде сөйлесіп тұрғаны несі? Ендігі әңгімеңді мектепте бітіріп кел,тағы да көшеде әңгіме айтып тұрғаныңды көрсем,жақсы болмайды!
Анасының сол сөзін кейін Аягүл Төреқызы кейінірек оқушыларына да айтатын болған. Қазақи тәрбие, қызға қырық үйден тыю деген осы болар.
Сіздердің назарларыңызға Толғанай ән-шашу ұсынады.
-
жүрг . Сендерге үлкен рахмет, Аягүл Төреқызының балалық шағынан керемет мәлімет бердіңіздер.
1-жүрг. Аягүл Төреқызының ұстаздыққа келу жолын баяндау үшін 2- топты ортаға шақырамыз.
2 топ :Атақты педагог- ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі де,қызықты, шым -шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар. Ал халқымыз: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!” – деп тегін айтпаған ғой. Орынды айтылған жылы сөз адамның жігерін жаниды, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Міне, осындай еліне белгілі, Алтын Жұлдыз орденінің алғашқы иегері Аягүл Төреқызының ұстаз болуына не себеп болғанын бізбен бірге тамашалаңыздар.
Аягүл Төреқызы 1966 жылы 11 сыныпты бітіреді. Дәл сол жылы мемлекеттік мектептер 10 жылдыққа көшіп, 10 сыныптар да метеп бітіреді. Яғни түлектер саны екі есе артты.Және де ол кісі армандаған медициналық университетке тек қана 20% қыздарды қабылдайтын. Емтихан тапсырғанда химия пәнінен 4 деген баға алған Аягүл Төреқызы оқуға түсе алмай қалады. Өзімен бірге барған сыныптастарының жолы болып, жоғары оқу орнына түсіп, ауылдарына қуанышты оралады.
-
Оқуға түсе алмай қалған Аягүл Төреқызы 2-3 ай қайғырып, үйден шықпайды. Оқуға түсе алмағанын бәрінен көреді,тіпті ұстаздары дұрыс білім бермегендей болады.Сол кезде тарих сабағынан берген мұғалімі, кейін мектеп директоры Сайлаухан Ісләмханұлы Аягүлге үйде отырмай, балабақшаға барып тәрбиеші болуға кеңес береді.Өз ісіне асқан жауап кершілікпен қарайтын Аягүлден жақсы тәрбиеші шығады және балалармен жұмыс жасау да ұнап қалады. Әкесі де алысқа бармай-ақ Жамбыл дағы педагогикалық институтқа баруға кеңес береді.Әкесі мен ұстазының айтқанын екі етпей Жамбылға барып, педагогикалық институттың математика факультетіне түсіп кетеді. 1972 жылы Жамбыл педагогикалық иниститутының математика факультетін бітірген.
Дидардың күйі
2-жүрг . Сендерге үлкен рахмет, Аягүл Төреқызының ұстаздыққа қалай келгенін керемет айтып бердіңдер.
1-жүрг.
«Ұстаз» атты ұлы есім қашанда кісілік келбеті жоғары сан мыңдаған шәкірттерге үлгі — өнеге, білім — тәрбие беретін, ізгілік нәрін төгетін ерен еңбектің иелері. Қай қоғамда да ұстаз құрметті орындардың төрінен табылады. Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген Аягүл Төреқызының отбасына арналған бетті таныстыруға 3-топты ортаға шақырамыз.
3 топ . Әйелдің бақыты -отбасы
деп айтылғандай, Аягүл Төреқызы тек ардақты
ұстаз емес, асыл жар , аяулы ана.Жолдасы Жұмабай Байнатұлы
Қазақстан республикасының және Ресей Федерациясының техника
ғылымдарының докторы.
Аягүл Төреқызы мен Жұмабай Байнатұлының 1 ұлы, 2 қызы бар,
Үлкен ұлы Өркен Наурызбай ауданының көші-қон полициясының бастығы.
Одан 2 немересі бар.Райхан мен Назгүл атты қыздарынан да немерелері бар.
Сынып қыздары «Қазақ қыздары» әнімен.
Ұстаз сөзі:Қымбатты, оқушылар, әрине бүгінгі сабаққа дайындық барысында, кездесу кезінде, осы сабақтың өтілу барысында Аягүл Төреқызы туралы көптеген мәліметтермен таныс болдыңдар деп ойлаймын.Қане сабақты қорытындылау үшін бірнеше сұрақ қояйын, зымыран сұрақтарға жауап бере қойыңдар. Әр топқа 3 сұрақтан.
-
Аягүл Төреқызының мектеп кезіндегі ең сүйікті пәні (әдебиет)
-
Қанша жыл ұстаздық қызметте?(50)
-
Анасының ұлты(қарашай-балқар)
-
Қанша інілері бар?(5)
-
Сүйікті ұстазы кім еді?(Сайлаухан Ісләмханұлы)
-
Қай мектептің директоры болды?(№159)
-
Қай пәннен сабақ берді? (математика)
-
Аяш деп кім еркелететін? (әкесі)
-
Қай орденнің тұңғыш иегері?(Алтын жұлдыз)
Ұстаз сөзі: Құрметті оқушылар, шығармашыл топтар сендерге рақмет, қолдарыңнан келгенше дайындалдыңдар.қазақта «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген сөз бар. Кәне кездесу барысында Аягүл Төреқызының сынып оқушыларына берген батасына назар аударайық.
Құрметті әріптестер, осы сынып сағатына дайындық барысында мен оқушыларыма «Кімнің амұғалім болғысы келеді?» деген сұрағыма 11 оқушы мұғалім болғысы келетінін айтқан болатын.Ал енді осы сынып сағатынан кейін неше оқушы мұғалім болғысы келетінін білгім келеді.Егер оқушы ойы өзгерсе неге екенін айтады.
Құрметті қонақтар, келгендеріңізге рақмет.
Оқушылардың әні: «Ұстазым» (хормен)

Журналымыздың кезекші редакторлары Қамал Темірлан және Жаппарберген Жанерке

Аягүл Төреқызының балалық шағына арналған бетке саяхат жасаған 1-топ

Аягүл Төреқызының ұстаздыққа келу жолын баяндаған 2- топ

Аягүл Төреқызының тек ардақты ұстаз емес, асыл жар , аяулы ана екенін баяндаған 3-топ

Сынып оқушылары «зымыран сұрақтарға» жауап беруде

Өнерлі Толғанай

Мектеп директоры Б.М.Әшімбаеваның жылы лебізі.

Тәрбие ісінің меңгерушісі М.Ғ. Джабуллаев оқушыларға тілегі

Сынып оқушылары
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ауызша журнал «Алтын Жұлдызды ұстаз»

шағым қалдыра аласыз