400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауызша журнал "Мемлекеттік тіл- мәртебем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара орыс сыныптардындағы оқушыларға қазақ тілі пәні бойынша өткізілді. Қазақ тіліндегі сөздік қорларын байытуға, қызығушылықтарын арттыруға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мемлекеттік тіл- мәртебем» ауызша журнал

Сыныбы: 4 «А,Б, К, Г»
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.


1-жүргізуші (Қабыш Жігер):

Армысыздар,осы кештің қонақтары,
Халқымның ашық болсын атар таңы.

«Мемлекеттік тіл- мәртебем» кешімізде
Беделін көтерейік тарихтағы.

2-жүргізуші (Тілеубекқызы Алина):

Сәлем бердік кешіміздің көрермені,
Қазақтың ол анық қой,өнер кені.
Тілге арналған кешімізге қош келдіңіз,
Алдарыңда болашақтың өрендері.

«Мемлекеттік тіл- мәртебем» атты ауызша журналымызға қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.


2-жүргізуші: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.


Ән: «Ана тілі» 4 «Г» сынып оқушылары


1-жүргізуші:Тіл- ұлттың белгісі, халықтың мұрасы, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген сөзді жадымыздан шығармайық.


2-жүргізуші:Тіл халық тарихы,тіл ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.


1-жүргізуші:Бүгінгі күні «Ел тағдыры-тіл тағдыры» деген сөздің мәнін терең пайымдасақ, мемлекетімізге тәңір сыйлаған тәуелсіздігіміздің тірегі тіл екендігін жүрегімізбен сезіндік.


2-жүргізуші:Сол еліміздің тірегіне айналған «Тіл туралы Заңның» тарихына назар аударайық. «Тарихқа шолу» айдары

(Интерактивті тақта арқылы әр жылға тоқталып,мемлекеттік тіліміздің қалыптасуын оқушылар таныстырып шығады.)


1-оқушы (Сухов Роман):1989 жыл 22-қыркүйек. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң қабылданып, қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді.


2-оқушы (Черкасов Кирилл):1993 жыл 28-қаңтар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданып, онда қазақ тілі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» болып бекітілді.


3-оқушы (Скулкина Мария):1995 жыл 30-тамыз.Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Конституцияның 7-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі-қазақ тілі» делінген.


4-оқушы (Минеева Яна):1997 жыл 11-шілде. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң Парламентке қайтадан талқыланып,ол Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілді.Бұл Заң бойынша қазақ тілі- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі деген. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады.


6-бап (Одинцов Кирилл): Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолданылуына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар.


17-бап (Каримова Вероника):Мәдени шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі.


1-жүргізуші:Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20-қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді.


РезниковаЕлизаветта: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.


Южанинова Анастасия: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!


Мұхатов Дамир:Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анамтілі-өз тілім.

Туған тілім- далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.


Ермаков Рахат: Ана тілім

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын.

Ана тілім егер сені білмесем.


Кобыланов Рамиль:Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…
Мұқағали Мақатаев


Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Сұлтанмахмұт Торайғыров


Ертаева Жаннұр:Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Жел өтінде қалып қойған ақ гүлім.
Тұғыр қылып туған елдің төрінде,
Асқақтатам ана тілдің ақ туын.
Елбасы айтқан «ана тілі» құнды ұғым,
Төле, Әйтеке, Қазыбек елдің бірлігін.
Қасиет тұтып қастерлеген халықпыз,
Биігіңнен бәсеңдемей тұр бүгін.

Тілеубекқызы Алина: Ана тілі ұлттың тілі аяулым
Тілсіз жерде көш соңында жаяумын
Тіл болмаса тірліктің де мәні жоқ
Тілім болса мен тірімін, ояумын.
Туған тілім тал бесіктен тербеткен,
Ұлағатын бойға жинап ер жеткен
Тіл рухын тіл тарқатып тарихтан
Сүрелі сөз озық ойды өрлеткен.

Қабыш Жігер:Баршамызда арман асқақ, тілек бір
Жүрегі нұр, жайсаң елміз тілі өткір
Қалқып алған қара сөздің қаймағын
Тіл татулық тұғырымды тіреп тұр.

Тіл тамыры терең тартқан жайсаң ел,
Аласармас алдымызда арқа бел
Болашаққа биік болып барынша
Азат елдің ана тілі арта бер.


Кенжебекұлы Әділ:Күш кеміді, айбынды ту құлады, 
Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

Қыран құстың кос қанаты қырқылды, 
Күндей күшті күркіреген ел тынды. 
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, 
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды! 


Шаухар Мадина: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нұрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! 

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, 
Таралған түрік балаларын бауырыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!


Ән «Туған жер» 4 «Г» сынып оқушылары


2- жүргізуші:«Ұлылардан қалған ұлы сөздер» айдарына кезек берейік.

Богданова Динара:

Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисымын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр. Ғашықпын қазақ тіліне!
Нұртас Оңдасынов


Қайрат Әнель:

Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.
Шерхан Мұртаза


Смирнова Карина: Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев


Яковина Валерия: Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті… Біздің қазақ жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
Ахмет Жұбанов


2-жүргізуші:Келесі кезекті тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болған тіл туралы мақал-мәтелдерге береміз«Мақал сөздің мәйегі» айдары
1.Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.
2.Сүңгі жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
3. Өнер алды-қызыл тіл.
4. Өз тілің-бірлік үшін,
Өзге тіл-тірлік үшін.
5 .Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,
Тілімнен сүріндірмесін.
6. Тіл- қылыштан да өткір.
7. Тіл – тас жарады,тас жармаса да бас жарады.
8. Тіл сүйексіз болса да,өзі сүйектен өтеді.
9. Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ.
10.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл.
11.Қаһарлы сөз қамал бұзар.
12.Айтылған сөз, атылған оқпен тең.
13.Тауды,тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар.
14.Жақсы сөз жарым ырыс.
15.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
16.Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың.


1-жүргізуші:«Бұл қызық!» айдарына назар салайық.
Талгатова Дильназ: Қай тіл көп тараған?
Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде, біреулер ағылшын тілі десе, енді біреулер қытай тілі деп жауап береді. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс? Бірінші орынды, сөз жоқ, ағылшын тілі болып табылады. Ал егер бір тілде сөйлеушілердің саны бойынша анықтасақ, ағылшын тілі екінші орында тұрады. Сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған тіл қытай тілі екен. Бұл тілде- 844млн адам сөйлейді. Ағылшын тілінде- 434 млн, үнді тілінде-338 млн, испан тілінде-331 млн адам сөйлейді.


2-жүргізуші:Қазақ тілі- ұлы Абай, Шоқан, Мұхтар, Сәбит аталарымыздың тілі. Менің тілім!Мен осынау ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма, ана тілімде ойымды жеткізіп отырғаныма қуанам!

1- жүргізуші:Ақын атамыз Ә.Тәжібаев: «Болдым,толдым деме, ізден. Іздегендердің бәрі мұрат-мақсатқа қол жеткізген. Ана тіліңді қастерле! Пір тұт. Сонда ғана ел сүйетін, ел қастерлейтін нағыз қазақтың өнерлі азаматы бола аласың»,-деген екен. Ендеше, мен ана тілімді дәріптеп, құрметтеймін! Ана тілімнің болашағы зор болатынына сенемін.


2- жүргізуші:
Ана тілде ата-баба сыры бар,
Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсең де,
Ана тілсіз оның қандай құны бар,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай бүгінгі ұрпаққа саналы тәрбие беріп,ана тілімізді оқытып жүрген ұстаздардың да пікірін тыңдағымыз келіп «Қазақстан» телеарнасынан тілші шақырғанбыз. Енді сол тілші сөзіне құлақ түрсек. (бір оқушы тілші болып шығып, амандасып, мұғалімдерге төмендегідей сұрақтар қояды)
1.Қазіргі таңда тіл мәртебесі қай деңгейде деп ойлайсыз?
2.Мектебімізде, қаламызда мемлекеттік тілге байланысты қандай шаралар атқарылуда?
3.Қазақ тілі биік дәрежеге көтерілу үшін мемлекетіміз қандай жұмыстар атқару қажет деп ойлайсыз?


Ән: «Ортақ мекен жер шары» хор

1-жүргізуші:Ана тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін бойымызға сіңіре білейік. Құрметті  ұстаздар,оқушылар мерекелеріңіз құтты болғай! «Мемлекеттік тіл- мәртебем» ауызша журналын жабық деп жариялаймыз! Ел аман, жұрт тынышта кездескенше!

 

2-жүргізуші:Келгендеріңізге,көргендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.05.2019
922
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі