Бекітемін:
«Нұр Қасым 2» ясли балабақшасы
Меңгерушісі:__________________Ф.Әлиева
5 наурыз 2024ж

Тобы: «Қарлығаш» мектеп алды
Тәрбиеші: Жақбар С
Қош келдің, Наурыз!
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ай: Мен Аймын!
Түнгі аспанда дамылдаған
Күн:Мен күнмін!
Саған сыңар жалындаған!
Ай: Уа, Күнім, сәулеңді төк жер бетіне.
Күн: Жарық ай, нұрыңды құй келбетіңе.
Ай: Бұл елге Қыдыр қонып, бақ дарыған
Күн: Бұл елден мәңгі бақыт тапқан адам.
Ай: Кең байтақ даласы бар, тарихы бар
Күн: Мың тәуба өткен қиын шақтарыма!
Ай: Алтын күн, көгертші сен көсегесін!
Кең жайып керегесін, өсе берсін!
Күн: Бұл елден нұр сәулені аямайық!
Алмасып жерұйығын саялайық!
Ай: Осынау бақыт қонған еркін елді,
Ай мен Күн (бірге): Екеуміз мәңгі сүйіп аялайық!
(Сахнаның төріне екі жағына барып тұрады. Гүлдермен отырған қыздар бимен жалғастырып кетеді. Қолдарындағы гүлдерін жинап аламын)
Би: «Қызғалдақ».
Орындаушылар:Айлин,Керім,Рәбия,Адина,Е.Раяна,Шынар,Айбибі,Аяулым
(Би біткен соң сахнаның екі жағына барып тұрады)
Шыңдаәулет сахнаға шығады:
Күн мен түн теңелген,
Жер шуаққа кенелген,
Наурыз келді еліме!
Наурыз келді жеріме!
Уа, ағайын
халайық,
Мұнда назар
салайық!
Мерекесі
халықтың,
Наурыз тойын
бастайық!
Нұрәли:
Армысыздар, халайық!
Әркез аман болайық.
Наурыз тойын қуанып,
Бірге қарсы алайық!
Құрметті қонақтар, «Қарлығаш» тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сахна төріне топ бүлдіршіндерін шақырамыз!
(Балалар бір қатармен жүріп отырып, орындарына тұрады)
Хор: «Дастархан»
Тәрбиеші:
Құтты болсын ұлыстың ұлы күні!
Шаттандырған елімді тәңір нұры,
Табиғатты түлеткен нұрландырып,
Құтты болсын Наурыздың жаңа күні!
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Мұстафа сахна төріне жүгіріп шығып:
-
Алақай! Алақай! Сүйінші! Сүйінші! Аттың дүбірі естілді. Қыдыр ата келе жатыр!
Рамазан:
Уа, ағайын,
туысқан,
Наурыз күн туды
шығыстан.
Сол тойға келдім
шақырып,
Ат терлетіп
алыстан.
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы
алайық
Билейік, жыр жырлайық, ән
салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп наурыз
келді
Арқаңды кеңге салшы, уа,
халайық!
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
(Қолында сандығы болады)
Тәрбиеші:
- Қыдыр ата, қош келдіңіз! Төрлетіңіз!
Бүгінгі тойдың қадірлі қонағы болып, балалардың өнерін
тамашалаңыз.
Қыдыр
ата:
- Балалар, мен құр келген жоқпын, сендерге сыйға толы сандығым
бар.
Тәрбиеші:
Қыдыр ата, балаларымыздың айтар тақпағы мен әндері бар. Төрге шығып, қонақ болыңыз. Жас бүлдіршіндерге ақ батаңызды беріңіз!
(Балалар орындарына отырады).
-Балалар сандықтың сыртындағы мақалдарды айтады. Сандық ашылып ойындарды реттілікпен көрсетеді.
«Кел, сақина, кел!», ойыны арқылы қыздар сахнаға шығады.
Тәрбиеші:
Құлақтан кіріп, бойды
алар
Жақсы ән мен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең, менше
сүй.
Ару қыздарымыздың орындауында «Бипыл» әні.
Орындаушылар: Ақмарал, Абат Раяна, Назерке
Тәрбиеші:
Халқымыздың ұлттық
өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар
айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен
жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе
жатқан бұл төл өнері, бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда.
Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп
түсінген кішкентай
айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы
алайық:
Ортада: Мансұр мен ________________
Ұл:
Халықтық мейрам
тойында
Кім айтысар
менімен
Айтыс айтыс
болады
Айтысқанда
теңіңмен
Қыз:
Айтыс айтыс
болады,
Шықса ақын
теңімен
Шешен болсаң
көрейін
Айтысып көр
менімен
Ұл:
Бес нәрседен қашық
бол
Бес нәрсеге асық
бол
Қос алдың ба мән
беріп
Қанша болды санап
көр
Қыз:
Бірге төрт бес
болады,
Оны бәрі
білетін
Сен дейсіңбе
саусағын
Санай алмай
жүретін
Ұл:
Санамақты санауды
Балабақшадан үйрендік,
Біліммен бәйгеге түсуді
Сабақ уақытында көрерміз.
Қоштасайық халықпен
Ақындарын пір тұтқан
Сөз өнерін шөлдегенде
Рахаттана бір жұтқан
Қыз бен ұл: Наурыз тойы
салтымыз
Аман болсын
халқымыз
Барлығы
бірге:
Ұлыс оң болсын, ақ мол
болсын
Наурыз құтты
болсын!
Тәрбиеші:
Құлақтан кіріп, бойды
алар
Жақсы ән мен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең, менше
сүй.
Ән: «Домбырасыз ән
қайда?»
Тәрбиеші:
Біздің халық салт-дәстүрге бай халық. Сол дәстүріміздің бірі бесікке салу рәсімін көрсетейін. Бұл бесік, көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады. Осыларды дайындап алып бесікті отпен аластаймыз.
Алас алас алас
Бар пәледен алас
Ағынды сумен кетсін
Алас, алас, алас
Енді сәбиді жатқызамыз.
Сәби тыныш ұйықтасын деп бесік жырын айтамыз.
Барлығы бірге:
Әлди әлди ақ бөпем,
Сендей сәби жоқ көкем.
Анам, әжем дейсің бе,
Тілің сенің тәтті екен
Әлди, әлди, әлди
Тәрбиеші:
«Қыз қуу» ойыны арқылы сахнаға балалар шығады.
Наурыз тойын
бастайық,
Ән мен жырым
төгілсін.
Жаңғырып ата -
салтымыз,
Ақ тілектер өрілсін - деп ортамызға кішкентай
бүлдіршіндерді шақырамыз:
1.Рәбия
Бата беріп
атамыз,
Бата беріп
апамыз,
Тәтті болып
жасалған,
Наурыз дәмін
татамыз.
2.Айбар
Көктем келді
бүгін,
Күнім төкті
нұрын
Сайрап барлық
құстар,
Ән салуға
құштар.
3.Айбибі
Наурызбен
құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
4.Аян
Наурыз шаттық
әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
5.Е.Раяна
Жылдың
басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
6.Әлихан
Наурыз
келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
7.Адина
Жыл басы
– Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
8.
Жылдың
басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
9.
Елім менен
жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
10.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.
«Қол күрес» ойыны арқылы Жанәли мен Мұстафа шығады.
Ән: «Қасиетті домбыра»
Тәрбиеші:
Ұлыс күні қазан
толса,
Ол жылы ақ мол
болар.
Ұлы кісіден бата
алсаң,
Сонда олжалы жол
болар!
- Қыдыр атадан бата
сұрайық. (Қыдыр ата бата
береді)
Қыдыр
ата:
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын!
Төрт-түлік ақты болсын!
Бәле –жәле жерге енсін!
Тәрбиеші:
Ән қосылсын
әніңе
Сән қосылсын
сәніңе
Ырысты боп осы
жыл
Бақ дарысын
бәріңе
Ой қосылып
ойыңа
Бой қосылып
бойыңа
Аман-есен
жетейік
Келесі Наурыз тойына!- дей келе ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Топ жігіттерін ұлттық ойынымыз «Арқан тартыс» ойнауға шақырамын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әз-Наурыз

шағым қалдыра аласыз