Әз наурыз!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әз наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне арналған тәрбие іс-шарасы. Наурызға арналған сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Наурыз»!

Жүргізуші:Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып,әнші құстарды сайратып,Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келді.Ендеше,той құтты болсын!Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!Ұлы мерекеге сіздерге тек жақсылық әкелсін.!

Наурыз келді,жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Құрметті қонақтар, « Балдаурен» тобының ауылындағы өткізіліп жатқан Наурыз думан тойына қош келдіңіздер!

Жүргізіуші:

Алқа-жұртым,той думан

Ортамызды ашайық

Ән мен күйді төгіп біз,

Інжу маржан шашайық деп «Әз Науырыз» әнін шырқайық!

Жүргізуші:

-Бүгін-Ұлыстың ұлы күні!

-Бүгін-Самарқанның көк тасы еріген күн!

-Бүгін-Жаңғыру мейрамы!

-Бүгін Күн мен Түннің теңелуі!

-Бүгін Қыдыр Атаны қарсы алатын күн

Қыдыр ата кіреді

Қыдыр ата мен әже кіреді :Амансыңдарма Балалар

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын

Ұлыс бақыт болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Жүргізуші: Қош келдіңіздер ата әже төрлетіңіздер.

Думандатып би билеп

Ән мен күйді төгіп біз,

Інжу маржан шашайық

Жиналған жұрт таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық дей келе жігітеріміздің «Адай» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Осы көктемнің мерекесіне арналған балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Нартай

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

Ислам

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойы бастайық!

Диляра
Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.

Бақнар

Наурыз тойым наурыз тойым

құтты болосын халайық

Қәне достар қане достар

шырқап әнге салайық

Аяна:Жылдың басы наурыз

Жердіңғ басы наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз

Ойын Қыздар

Жүргізуші:

Бата берсе аталар,

Алға келген астарға

Көже жайлы апалар

Атып берер жастарға

ӘЖЕ: (Қолында тостаған, наурыз көже)
- Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!
- Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ
- Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?
- 7 түрлі
- Қане атап беріңдерші?
- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз
- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды,
құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.
- Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар.

(ата – аналар алдына үстел қою, Наурыз көже құятын тостағандар қойып, құйып береді)



Жүргізуші:Туылғанан қырық күн толғнда қырқынан шығарады.Қырық қасық суға түсіріп ит көйлегіне тәттіні түйіп оны иттің мройына байлап жібереді.Балалар иттті қуып жетіп тәттіні бөліп жейді.Ит көйлек нәрестенің алғаншқы көйлегі.

Наурыз әже:осы ойынды біздің балаларымыз ойнап берсін.

Балдаурен тобының Мың бұралған биші қыздарымызды ортаға шақырайық. «Шабыт»биі

Қазақша күреске кезек берсек.

Жүргізуші:-Ата, жаңбыр менен жер көгерер,бата менен ел көгерер демекші мына елге бата беріңіз!

Қыдыр ата:

-Әрине,бата бер десең,бата берейін

Сұрасаң бата берейін,
 Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!

Мына ұлыстың ұлы күні әр-бір отбасына қуаныш,бақыт әкелсін.

Қыдыр ата әже кетеді

Балалар,біз енді жүрейік,ел-елдерді аралап,жақсылық тілеп,бата беруім керек.

Аман-сау болыңдар!

Жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн – көктем.
Жарығымен, шуағымен күн – ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем
Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты.
Жылда осылай келе берсін жасарып,,
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты-дей келе

Құрметті қонақтар бүгінгі Аққу тобының дайындаған «Төрлет Наурыз» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды еліміз аман жұртымыз тыныш наурыздан наурызға аман есен жете берейік.Сау болыңыздар!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2025
247
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі