Әз-Наурыз!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әз-Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас жеткіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлау; қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейірімділікке тәрбиелеу, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрімен, ұлттық құндылықтармен кеңірек таныстыру; әртүрлі ұлттық ойындар арқылы жас жеткіншектердің тұлғалық қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№118 Көкбұлақ жалры орта білім беретін мектебі»



«Келісемін» «Бекітемін» Мектеп директорының тәрбие Мектеп директорының у.м.а: жұмысы жөніндегі орынбасары ____________А.Т.Тугелов _____________Қ.Әбу







Орындағандар:

Пед ұйымдастырушы Г.Сахова

Аға тәлімгер: М.Агназова



2023-2024 оқу жылы







Іс-шараның мақсаты:

Жас жеткіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлау; қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейірімділікке тәрбиелеу, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрімен, ұлттық құндылықтармен кеңірек таныстыру; әртүрлі ұлттық ойындар арқылы жас жеткіншектердің тұлғалық қабілетін дамыту.

(Мерекелік іс-шараның ашылуын білдіретін музыка үні қойылады)

Фанфар: «Наурыз» биі

1-жүргізуші:

Арма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз. Көгілдір көктемнің хабарын жеткізген, Самарханның көк тасы еріп, күллі дүниеге жан бітірген Наурыз мерекесіне орай «Әз-наурыз!» тақырыбымен өткізіліп отырған мерекелік іс-шарамызға қош келіпсіздер!


2- жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

І-жүргізуші:

Жылғалардан су ағып, көктем келді еліме, Алтын түсті алтын күн нұрын шашты төгіле. Құстар сайрап, ән салып, шартарапта ұшады, Бәйшешектер бүр жарып, нұр ойнайды көгімде.

ІІ-жүргізуші: Алауыртқан қыстан соң, көктем келді қуантып, Көк желекке оранып, құлпырар гүлдер бүр жарып. Аспан шайдай ашылып, көкке орнады нұрлы күн, Әсем көктем келеді, қырларымнан ән салып.

І-жүргізуші:

Ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды насихаттау мақсатында өткізіліп отырған мерекелік іс-шараның шымылдығын мерекелік құттықтаумен ашу үшін мектебіміздің көшбасшысы Тугелов Аділ ағайды және директордың тәрбие ісі жөніндегі оырнбасары Әбу Қалмұрат ағаймызды сахна төріне шақырамыз.

(-------------- мерекелік құттықтау айтады)

ІІ-жүргізуші:

Көкпеңбек дала, туымдай асқақ көгілдір, Көк кілем төсеп, көк көйлек киген өңір дүр. Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп, Жадырап қалған көңілді күндей өңір бұл.

Сахна төріне «Қызғалдақ» би тобының «Жетіген» биін қабыл алыңыздар!

Сатымбек Айзере, Оңғарбай Айгерім,Әбдішүкір Нұрсая орындауында «Наурыз көктем» әнін қарсы алыңыздар!

І-жүргізуші:

Наурыз құтты болсын ағаларға, Наурыз құтты болсын аналарға. Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи, Наурыз құтты болсын баршамызға!

1 «а» сынып Бақытжан Елнұр «Біздің елде туған ұлдар» әнін қарсы алыңыздар

4- сынып қыздары «Бипыл» биін қарсы алыңыздар

ІІ-жүргізуші:

Көктем келсе табиғат құлпырады, Жүректерге ғажайып сыр тұнады. Гүлге толып айнала күн жарқырап Жанарларда қуаныш нұр тұрады.

«Наурыз » әнімен сахына төріне Баратбек Аиданы шақырамыз.

5-сынып оқушыларының «Үнді биі» қыздардың орындауында тамашалаңыздар!

І-жүргізуші:

Көктемді күткен сағынып, Қыр жатыр күнге табынып. Арнадан асқан бұлақ та Әнінен қалған жаңылып. Жас өнерпаздың мерекелік тарту-таралғысын қабыл алыңыздар!

«До-ре-ми» биін қарсы алыңыздар

ІІ-жүргізуші:

Әнім де саған,биім де, Құт қонақ өзің үйімде. Қуаныш сыйлап еліме Күлімде наурыз күлімде.

Ержан Раянаның «Жақсы көрем» әнімен қарсы алыңыздар.

7ә-сынып Ортада қыздардың орындауында «Қамажай» биін тамашалаңыздар

І-жүргізуші:

Мектебіміздің мың бұралған биші қыздарымыз «Көк ту» биін қошеметпен тамашалайық. 5ә- сынып

ІІ-жүргізуші:

Түзел Мерейдің орындауында «Ләйлім» әнін қарсы алыңыздар

ІІ-жүргізуші:

Келді көктем, жайраң қақты таң күліп, Жап-жасыл болып жайнайды әлем паң күліп. Жақсылықтардың жаршысы болған наурызым, Сен өмірімнің көктеміндейсің мәңгілік.

3- сынып «Қамажай» биін қарсы алыңыздар

Ән.Қалдыбек Аружанның орындауында «Алақай наурыз келді!» Қарсы алыңыздар

І-жүргізуші:

5б- сынып ұлдарының «Қара жорға» биін қарсы алыңыздар.

ІІ-жүргізуші:

Көктемгі көңіл күйді әнмен әуелетіп, бимен бағындырайық деген ниетпен ортаға «Полат Баубектің орындауында «Наурыз» әнімен ортаға шақырамыз.

І-жүргізуші:

Бейбіт күніміз, бейбітшілігіміз мәңгілік болсын! Осымен бүгінгі мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз! Күніміз нұрлы, аспанымыз әрдайым ашық болсын! Сау-саламатта болыңыздар!

Shape1 Shape2



.













































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі