«Жыл басы
Наурыз!»
Жүргізуші: Армысыздар
! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,
ата-аналар, балалар!
Жер жүзіндегі халықтардың
бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше
мейрамдарының бірі – Наурыз.
Жүргізуші:
Наурыз келді, жайраң
қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті
дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған
Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің
мәңгілік!
Дәстүрімізге айналған
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен
бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып,
Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл
келеді.
Ән «Наурыз »
1.Нұрай
Наурыз тойың, наурыз
тойың,
Құтты болсын, халайық!
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
2.
Димаш
Әленұр
Ақ қар кетіп қыс
өтіп,
Шырайлы шуақ жаз
жетіп.
Шаруаның ұлы
кенелген
Күн мейрамы
ежелден-
Құтты болсың бұл
наурыз.
3.Рамиль:
Наурыз келсе, құт келгені,
Халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.
4.
Махмут
Наурыз тойым, наурыз
тойым
Құтты болсын
халайық.
Қане, достар, қане
достар
5.Асылхан
Жаңғырған дәстүр салтымыз,
Төгілген бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, Наурыз – жыл басы.
6.Демеу
7.Гульайым
Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел наурызды тойлайды.
8.Думан
Би
«Қара
жорға» Ұлдар
тобы.
Ойын «Алша, асық
ойыны»
Жүргізуші:
"Қаз-қаз, балам, қаз балам..."
Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуден өткен соң, аяғын қаз-қаз
баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із
түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң-тамаша болады. Бұл кішкентай
бөбектің ең алғашқы талпынысы. Осындайда дана қазақ баланың
келешегіне ақ жол тілеп, «балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен
«тұсаукесер» тойын жасайды. Халықтық түсінік бойынша, тұсауы
кесілмеген бала сүріншек болады. қимылы ширақ, іске епті
қасиеттерімен көзге түсетін қағылез, пысық адам таңдалып алынып,
нәрестенің тұсаукесерін соған тапсырады. Бұдан соң, «Жүйрік бол!»,
«Шауып кет!» т.б.
рәсім «Тысау
кесер»
Міне, осыдан бастап шынашақтай
қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимақтайды, қиындығы
мен қызығы мол жаңа өмірі басталады. «Тұсаукесер» – баланың осы
өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған
ырымы,
Ән
«Қошақаным»
соңы:
Дастарханы халқымның тола
берсін,
Бақыт құсы қолыңа қона берсін.
Ұлы тойдың төресі – наурыз тойы,
Жылдан-жылға құт тойы бола берсін!
Ендеше, қонақтарымызбен
қоштаса отырып,той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы
мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!-
демекпіз.і
қайту