Тақырып бойынша 28 материал табылды

Әз-Наурыз құтты болсын

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне шара барысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Тақырыбы: «Наурыз-жыл басы!»

Сынып: 4”Ә”

Күні: 18.03.2022

Мақсаты:«Наурыз мейрамы» туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу

Барысы:

Әуен қосылып тұрады, қыздар гүл теріп жүреді


Амина: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,

Қыс та ұзап барады жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.


Салтанат: Наурызым қайта оралды аты аңыз,

Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.

Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,

Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!


Нұрай:

Қашанда Құт - береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу – салты елімнің.

Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.


Анель:

Шашу, шашу көп шашайық шашуды

Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат жинап ал несібеңді,

Ризығың бола берсін көл - көсір! Әже кіреді.ШАШУ ШАШЫЛАДЫ. Оқушылар шашу теріп болғаннан кейін, фанфар қосылады, ортаға жүргізушілер шығады.


Әділбек: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Олай болса, бүгінгі «Наурыз-жыл басы!» атты мерекелік шарамызды бастаймыз.


Аманбек: Алқа - жұртым, той - думан,

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді төгіп біз,

Інжу маржан шашайық!

Ән орындалады.




Әділбек: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.


Аманбек: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,

Қастерледік қадіріңді білдік те.

Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!


Әділбек : Ана жақтан аттың дыбыры естіледі, кім екен келе жатқан?

Әуен ойналып тұрады. Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала шығады.

Алдар-Аңсаған:

- Уа, халайық! Тойға келіңдер, тойға!

Қожанасыр-Альтаир:

- Нұрлы Наурыз тойына келіңдер!

Тазша бала-Дархан:

- Уа, балалар! Барыс жылының айтулы тойы, біздің мектептің Наруыз мерекесіне келіңдер!

Алдар көсе-Аңсаған:

- Әй, ағайын, ағайын!

Той деп жар салайын,

Наурыз тойға келіңдер,

Мен де бірге барайын!

Қожанасыр-Альтаир:

- Ағайын тойға келіңдер,

Мерекені көріңдер.

Барыс жылы келді еліме,

Той көрімдік беріңдер!

Тазша бала-Дархан:

- Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?

Алдар көсе-Аңсаған:

- Биыл барыс жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?

Қожанасыр-Альтаир:

- Тотыша тақылдаған мұның кім?

Алдар көсе-Аңсаған:

- Қожеке, танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала ғой.

Қожанасыр-Альтаир:

- Тазша баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма қысайын.

Екеуі құшақтасып, Наурыз мерекесімен құттықтайды.

- Наурыз құтты болсын! Барыс жылы елімізге бақ - береке әкелсін!

Халқымыз ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды.

Қожанасыр-Альтаир: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген?

Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Ардақты Наурыз тойлы салтты елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!


Туа сала атандым Қожанасыр,

Мендей аңқау болмас - ау басқа сірә.

Наурыз тойы мектепте болады деп,

Көк есекті желдірттім мен жетектеп.


Алдар көсе-Аңсаған : Мен Алдармын, Алдармын?

Досымын адал жандардың.

Жақсыларға серік боп,

Жаманды талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын иеді. )


Аманбек : Барыс жылы кел төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын ырыс, құт,

Болсын елде тыныштық. Қонақтар келіңіздер, ақ дастархан басыңа жайғасыңыздар.(Аңсаған, Альтаир, Дархан үшеуі отырады)


Әділбек: Наурызда әндер шырқайық,

Өнер жасқа лайық.

Өлеңдеткен жастардың,

Әсем әнін тыңдайық!

Ән: «»


Аманбек : Әр күніміз жақсы болсын,

Достығымыз берік болсын!

Білім - өнер серік болсын,

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Осындай атаулы мерекемізде қазақтың ұлттық ойындарын ойнамадық па?

Әділбек: Шын айтасың, қуанышты күнде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін еске түсірейік.

(Сұрақ-жауап салт-дәстүрге байланысты)


Аманбек: Жай далаға алаша,

Наурыз келді тамаша.

Ағайлар мен апайлар,

Қуанып жүр балаша




Әділбек : Күй де шертіп, ән салып,

Наурыз тойды қарсы алып.

Болсын дейміз шаттық мол,

………….. әжей ән салып – дей келе келесі әнді әжемізден сұрайық( әжеге қолқа салып ән айтқызу)


Аманбек: - Мол, мол болсын ырыс құт,

Жасай берсін туыстық.

Дейді атам,- салтанат,

Құра берсін тыныштық.


Әділбек: Қонақтарымыз ағылсын,

Ортамыздан табылсын.

Барлық тілек құдайдың,

Құлағына шалынсын!- деп келесі кезекті қонақтарымызға береміз. Біздерге арналған ақ лебіздерімен, батасын берсе дейміз.


Ахметияр:

Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямай өнерпаздар ән мен жырын.

Тойлайық халық тойын Наурызымның,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін.


Аслан:

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

Билейік, жыр жырлайық ән салайық.

ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,

Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!


Бекжан:

Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,

Қосылып жасқа жасың, басқа басың.

Барайық келер жылға төрт көз түгел,

Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.


Аманбек:

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар-деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.


Алдар көсе-Аңсаған

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыстың ұлы күніңде,

Ұлын оңға қонсын,

Менің берген бұл батам,

Алланың құлағына шалынсын!

Әумин!


Әділбек:

Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.


Аманбек:

Ата салтын бабамның,

Алып келді Ұлыс күн.

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай.

Бір аспанның астында,

Бір дастарқан басында.

Береке - бірлік болсын деп,

Көп көжеден дәм татып,

Күшейтейік бірлікті.



Әділбек: Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12