Материалдар / Әз Науырыз 2-сынып

Әз Науырыз 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің,іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының салт-дәстүрлерін,мерекенің тарихи маңызын түсіндіру.Оқушыларды елін ,жерін сүюге, еңбекке ,адамгершілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
511
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қош келдің , мерейлі НАУРЫЗ !Мақсаты :Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің,іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының салт-дәстүрлерін,мерекенің тарихи маңызын түсіндіру.Оқушыларды елін ,жерін сүюге, еңбекке ,адамгершілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі:ұлттық киіз үй, көрме, нақыл сөздер , слайд.Әдісі:Сахналық көрініс,әдеби-монтаж, сұхбат.Оқушы: Наурыз келді,жыл келді, Жылмен бірге жыр келді. Жер бусанып,құс келіп, Жеріме әсем нұр берді.(сахнаға «Наурыз ару» билеп шығады .)Наурыз ару: Мен көктем мезгілінің алғашқы айымын.Өзім сол үшін мақтанамын ,шаттанамын.Неге десеңіздер, жер бетінде барша мұсылман қауымының асыға күтетін мерекесі – жыл басы Наурыз да, менімен бірге келеді емес пе? Ендеше, достығы мен бірлігі ,ынтымағы жарасқан еліме Наурыз тойы құтты болсын демекпін.!( Наурыз аруы сахнаға көктем гүлінен шашу шашып төрден орын алады.)Оқушы: Бүгін ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы,Наурыз салтанат.«Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ ( Слайд көрсетіледі.«Нау» –жаңа, «рыз» –күн деген ұғымды білдіреді. Наурыздың Қазығұрт тауымен байланысы туралы слайд көрсетіледі.)Нұх Пайғамбардыңкемесі Қазығұртқакеліп тоқтауы , күн мен түннің теңескен сәтіне тең келеді. Осы күн ұлан-асыр той жасалып,ұлы салтанатқа адам мен аң- құс ,жәндік пен өсімдік секілді тіршілік иелері қатысып өз өнерлерін көрсеткен.Осылай Қазығұрт тауында жаңа күнді ұлықтап, бұл күн жаңа ұлыстың ұлы күні ретінде мирас болып қалған.(Слайд : ауыл көктемінен көрініс, орман іші, өзеннің тасуы ауылға келген көктемді жолдан оқушылар тосып алып ,мектептегі мерекеге әкеледі.Алдын –ала видеоға түсіру керек)Оқушы :Армысың,көктем, Аман ба,жасыл әлемің? Қош келдің, елге Күтуде бүгін кең өлке.!Көктем:Тербесе жанды сиқырлы сазды құс әні, Самал желменен қиялың қырға ұшады. Ғаламның барлық ғажайыптарын жинаған, Даламның, Пай-пай, Недеген кең құшағы! (Көктем қыз ән орындайды. «Көктем келді»Әні,сөзі: Б Бейсенова.)Осы кезде сахнаға Батпақ келеді.Мен Батпақпын-Батпақпын,Осылай жайылып жатпақпын.Қара дейді , лас дейді ,Ал өзімше әппақпын.Шіркін елдің етігін ,Батпақпенен майлаймын. Маған ұқсап балалар,Лас- қожалақ, кір болсын.Күнге қарсы күресте,Менімен әр кез бір болсын.Оқушы: әу, әпендім,мына жүрісің не,тым болмаса мына халқыңа аман-сәлемің қайда?Батпақ: Менде көңіл –күй жоқ ,білесің бе, себебін?Оқушы:Әрине,білемін.Көктем келді. Наурыз келді, олай болса,Күннің шуағы қоса келді ғой.?Батпақ:Мен сол Наурызға да,Күнге де тосқауыл боламын . Мен бұл қуанышқа қарсымын...... Жо-жоқ бола қоймас .(қара киімді батпақ кейпіндегі ұлдар биіхалықтыңшырқынбұзады.)Оқушы :Батпақ ,сенің ойың бола қоймас, біздің қуанышымызды бөлісуге күн жолға шығыпты. (Слайд .күннің шапағаты. Осы кезде Батпақ жыбырлап қаша бастайды.)Қазақтардың астрономиялық түсінігі бойынша жаңа жылда Күннің көзі көрінген уақыттан кейінгі екі сағат «Күн сәті» деп аталады.Егер кімде- кім Ұлыс күнін «Күн сәтінде» күн шұғыласын маңдайымен тосып қарсы алса, оған « Наурыздың құты дариды »- деген дәстүрлі ұғымға сай Жаңа күнді қарсы алу салты қалыптасқан. (Ортаға күлімдеп, күн бейнесіндегі қыз шығады.)Күн: Сәлем ана, ұстаздар! Айналайын ,балалар! Күн мен түн тең келді, Күнде ұзарам мен енді,,. Гүл мен жерді жайнатып, Гүлден ,Наурыз, сен енді!Оқушы: Ұлыстың ұлы күні ,Наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні даланы Қызыр баба аралайды екен. Жақсылықтың жаршысы Қыдыр бабаны қарсы алайық. (Сахнаға ақ сақалды ,аса таяқты , Қызыр баба шығады.)Қызыр баба: Ақыл ойды асырып, Ата салтын сақтаңдар, Дұрыс сөзге тоқтаңдар. Ұлыс күні ұлыстың, Өкпе - назды тастаңдар. Айналайын ел – жұртым. Орындалсын арманың , Жайқала берсін орманың . Әумин!Ал, балалар ,ата салтын ұмытпай , ұлыс күнін тойлап жатыр екенсіңдер? Мен риза болып тұрмын.Оқушы: Қызыр баба, Сізге арнаған өнеріміз де даяр.(М. Омаровтың «Қазақы дастарқаным» әні орындалады)(Слайд «Игілік көзін ашу» рәсімін көрсетіледі)Қызыр баба: Осы дәстүрдің мән - мағынасы қандай ?(Көрермен оқушы жауап береді.)Наурызда жігіттер бастаулардың көзін ашып ,айнала төңіректі тазартады.Қариялар тал егеді ,аналар бұлаққа май құяып, өсімдіктерге ақ бүркеді. Осылайша табиғат Ананың гүлденуіне жағдай жасайды.Қызыр баба: Рахмет, балам! Көсегең көгерсін, айналайын! « Атаның сөзі Ақылдың көзі» дегенді ұмытпаңдар!(Би « Қара жорға»)(Слайд видео . Наурыз көже пісіріп жатқан аспаздар бәрін Наурыз көжеге шақырады. )Қызыр баба: Уа ,халайық! Менімен ілесе келген жылды жақсылап қарсы алыңдар.Кел, төрлет, қасиетті Жаңа жылым!Жұртыңмен ризашылықпен қауыш! Төрлет,Мешін жылы.!(музыка ойнап ,Т. Сарыбаевтың , «Наурыз-думан» әні орындалады.)Қорытынды:(Ақ әже бір шара көжесімен сахнаға шығады.)Ішілетін ,жейтіннің ,Бұл көжеде бәрі бар.Ошақта шоқ көп әлі,Астың ауыр обалы.Астан үлкен ешкім жоқ,Қазан аузы жоғары.Ал, отырыңыздар наурыз көжеге,-деп наурыз көжеге шақырады.(Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі орындалады. )

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ