400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Азаматтық борышты өтеу - басты парыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық

мектеп -интернаты

«Азаматтық борышты өтеу – басты парыз»

(Дөңгелек үстел)

10 Б класс

Класс кураторы: Нугманова К.К.

2019ж

«Азаматтық борышты өтеу – басты парыз»

Жастарымыздың аға ұрпақтың жауынгерлік, ерлік және еңбек дәстүрлеріне адалдықтары жайлы Ақтөбе қаласы №30238 әскери бөлімшенің тәрбие ісі меңгерушісі , майор Тәжмағамбетов Бақытжан Мұхтарұлы әңгімелейді

– Әңгімемізді бүгінгі қазақ әскерінің жай-күйінен, Отан алдында азаматтық парыздарын өтеп жүрген жастардың тыныс-тіршілігінен бастасақ…
– Тәуелсіз әскер құрған уақыттан бергі арада өткен жылдарды еске алсақ, Қазақстан Қарулы Күштері жыл өткен сайын өз қуаттылығын дамытып, жаңа заманға сай жетілдірілген құрылымға айналды.

Әңгіме барысында 10 б класс оқушылары көптеген сұрақтар қойды

Орда Нұрғасыр: -Әскери мамандықты таңдау үшін қандай болу керек және қандай оқу орындары бар?

Әскери мамандарды даярлау жағы да елімізде жүйелі жолға қойылған. «Арыстан» әскери мектебі, Бурабайдағы кадет корпусы, Б.Момышұлы атындағы әскери мектеп, Құрлық әскерлері институты, басқа да әскери оқу орындары қазіргі заманға сай кадр даярлау үстінде. Әскердің дәмін татып, ыстық-суығына төзген өрендеріміз ес жиып есейіп, шыныққан сайын шымырлана түседі. Ең бастысы әрбір сарбаздың өзі туып-өскен жеріне, Отанға деген мөлдір махаббаты, патриоттық сезімі күшейді. Бауыр еті баласы үшін ет жүрегі елжіреп, тақымдарын қысып отырған ата-анасының қадір-қасиетін жете ұғады. Мен ең алдымен, әскерді – тәрбие мектебі, өмір мектебі деп айтар едім.

Аманбаев Дарын: Әскерге бару үшін не істеу керек?

-Жалпы, елімізде көктемгі әскерге шақыру комиссиясы өз жұмысын бастағаны белгілі.– Әскерге шақыру комиссиясының жұмысы сәуірде басталды. Ақтөбе қаласы бойынша 200-ге жуық ер азамат әскерге шақыртылып отыр. Медициналық тексеру мен түрлі сынақтан сүрінбей өткен жігіттердің алдыңғы легі Отан алдындағы парызын өтеу үшін әскерге аттанады. Әскер қатарына нағыз шыныққан, денсаулығы мықты, жан-жақты сауатты, спортпен шұғылданған жігіттер іріктеледі. 18 бен 27 жас аралығындағы жастарды жылына екі рет шақырамыз.

Ерғалиев Мансур:– Азаматтарды әскерге іріктеу қалай жүзеге асырылады? Науқан кезінде оларға қандай талап қойылады?






– Әскери бөлімдерге жөнелтілетін шақырылушылардың саны көп емес.
Бірақ әскери борышын өтеуге талпынатындар жетіп артылады. Әскерге шақыру комиссиясы олардың кәсіби біліктілігі мен мамандығына назар аударып, денсаулық жағдайын ескереді. Республикалық Ұланды жасақтау үшін дене дайындығы, кемінде жалпы орта білімі бар жастар таңдалады. Жоғары білімі бар әскерге шақырылушылар оқу-жаттығу бөлімдеріне біліміне сәйкес мамандықтар бойынша жіберілетінін де айтуымыз керек. Тек әскерден денсаулығы жарамсыз, отбасын құрып, балалы болғандар босатылады. Қандай да бір аурумен ауыратын жастар әскерге алынбайды. Соның ішінде, ерлердің арасында майтабандық, артық салмақ және салмақтың аздығы жиі кездеседі. Жігіттер осындай олқылықтарға жол бермеу үшін спортпен ұдайы айналысып, темекі мен алкогольді ішімдіктерден бойларын аулақ ұстаулары шарт. Медициналық тексеру кезінде денсаулығында ақауы бар жігіттер келесі әскерге шақыру маусымына дейін емделеді. Әскер қатарына алынған сарбаздар шекара қызметі мен Қорғаныс министрлігіне, ішкі әскерге қабылданады. Ал, әскери әуе күштеріне бойы 170 сантиметрден жоғары, денсаулығы мықты жігіттер ғана алынады.


Жұмағұл Нұртілеу: -Әскерге шақыру пункттеріне келмейтіндерге шара қолданыла ма?

– Еңбек ету қабілетінен айырылуы, науқастануы немесе жарақаттануы дәлелді себептерге жатады. Сонымен қатар басқа адамның көмегіне мұқтаж болса, толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрмаған, Қазақстан Республикасының аумағында олармен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе заң бойынша отбасы мүшелерін асырауға міндетті басқа да адамдар болмаған кезде ол да дәлелді себепке жатады. Азаматтың жеке өзінің келу мүмкіндігінен айырған табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар да қарастырылады. Алайда, келмей қалу себептері құжат түрінде міндетті түрде расталуға тиіс. Отан алдындағы борышын өтеуден бас тартқандар әкімшілік жауапқа тартылады. Осы тұста айта кетерлік бір жағдай – 22 мен 27 жас аралығындағы жастарға Щучинск әскери техникалық мектебінде ақылы оқу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жерде азамат қырық күн білім алып, әскери техниканың қыр-сырын меңгереді. Сөйтіп, әскерден босатылады. Оқу ақысы – 263 мың теңге. Бұл отбасылы немесе өзге бір себепке байланысты әскерге бармайтындарға жақсы мүмкіндік деуге негіз бар.






Махмутов Ислам:– Арнайы әскери мектепте оқуды армандайтын жас өрендерге қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?


– «Ұлан» әскери мектеп-интернатына оқуға түсу үшін балалардың сабақ үлгерімі, физикалық тұрғыдан мықты болулары шарт.
Сондай-ақ, балалардың қағылездігі, өзін-өзі еркін ұстауы, өз ойын іркілмей жеткізе алуы, дене тәрбиесі жоғары көрсеткішке ие болуы талап етіледі. Әскери-техникалық мектептер Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Шучинск қалаларында бар. Оны аяқтағаннан кейін түлектер жоғары әскери оқу орындарында білімін жалғастырады. Жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектер әскери бөлімдерде, мекемелерде жұмыспен қамтылады. Жыл сайын жастардың талпыныстарына қарай сұраныс артып отыр. Биыл Көкшетау қаласынан әскери мектепте оқуға 34 бала ниет білдіріп отыр. Жоғары әскери оқу орындарына барғысы келетіндер де көп. Олармен сұхбаттасамыз, қабілеті қандай, мектептегі үлгерімі қандай соның бәрін сүзгіден өткіземіз. Ұландарымыздың өз өмірлері мен тағдырларын әскери өмірмен байланыстырғылары келетін ұмтылыстарын көріп, біз нағыз Отан қорғаушыларын тәрбиелеудеміз деп нық сеніммен айта аламыз.


Класс кураторы: -10 б класс оқушыларына айтар тілегіңіз?

– Ер жігіт үшін ең қымбат сезім – Отан қорғау жауапкершілігі. Тепсе темір үзетін кез келген ер-азамат әскери борышын өтеуге асығады деп ойлаймын. Қай кезде де Отанға деген ыстық сезім баршамыздың қанымызда тулап жатуы тиіс. Барлық ер азаматтарға әскери борыштарын абыроймен атқаруға ниеттестігімді білдіремін. Тәуелсіз еліміздің тұғыры қашанда биік болғай!

Қорытынды. Класс кураторы: -Арнайы келіп алтын уақытыңызды бөліп, бізге ақыл-кеңесіңізбен бөліскеніңіз үшін Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының және 10б- классының атынан үлкен алғысымызды білдіреміз!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
621
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі