400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Азаматтық құқықтың принциптері мен субъектілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Азаматтық құқық субъектілерін анықтап,Қазақстан Республикасының азаматтық құқығның қайнар көздерін түсіндіруге және Азаматтық құқық принциптерін нақты мысалдар арқылы түсіндіруге тапсырмалар берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

3 тоқсан


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары

Мұғалімнің толық аты-жөні:


Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны :

Сабақтың тақырыбы:

Азаматтық құқықтың принциптері мен субъектілері

Зерттеу сұрағы: Азаматтық құқықтың негізгі принциптері қандай және олар азаматтық құқық субъектілерінің құқықтарын қалай реттейді?

Оқу мақсаттары

10.3.1.1 - Қазақстан Республикасының азаматтық құқығыың қайнар көздерін түсіндіру (Азаматтық кодексі, заңдар, заңға тәуелді актілер, Азаматтық кодексін толықтыратын және нақтылайтын ережелер);

10.3.1.2 - азаматтық құқық принциптерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру;

10.3.1.3 - азаматтық құқық субъектілерін анықтау

Сабақтың мақсаттары

Азаматтық құқық субъектілерін анықтайды

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығның қайнар көздерін түсіндіреді

Азаматтық құқық принциптерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың әрекеттері

Критерий

бағалаулар

Ресурстар

Сабақтың
басы

8-12 минут аралығы

Оқушылармен амандасу , түгелдеу

Мұғалім оқущылардың қызығушылығын арттыру мақсатында Ширату жаттығуы ұсынады.
«Өмірден мысал» әдісі бойынша оқушыларға сұрақ
қояды:

  • «Дүкеннен зат сатып алу — бұл қандай құқықтық қатынас?»

  • «Келісімшарт жасау кезінде қандай заңдар орындалады?»

  • «Кәмелетке толмаған адамның қандай құқықтары бар?»

Мұғалім оқушыларға зерттеу сұрағына болжам жасауға тапсырма берелі

Зерттеу сұрағы: Азаматтық құқықтың негізгі принциптері қандай және олар азаматтық құқық субъектілерінің құқықтарын қалай реттейді?

Зерттеу сұрағына қатысты өз болжамдарыңызды дәптерге жазыныздар деп нұсқау айтады

Болжамдарыңыздың расталғаны мен расталмағанын анықтау үшін бүгін нормативтік құжаттармен жұмыс жасайтынын ескертеді


Сабаққа дайындалады



Оқушылар өз түсінік пайымы бойынша сұрақтарға жауап береді

Сатып алушы мен сатушы арасындағы қарым қатынасты жіне жұмыс беруші мен жұмысшы не қызметкер асындағы келісімшарттар не туралы болу керекгін ойланып ауызша жауап берелі.Сонымен бірге камелетке толмаған балалардың құқытарын еске түсіреді



Мұғалімнің жаңа сабақ бойынша айтқан түсіндірмесін тыңдайды.



Зерттеу сұрағына қатысты өз болжамдарын дәптерге жазады.





Кері байланыс ұсыну

Адам құқығы мен Құқықтық қатынастар және шарт жасасу кезіндегі сүйенетін заңнаманы жақсы еске түсірдіндер.





Интерактивті тақта










Сабақтың ортасы

25 мин

МТ Тақырып пен мақсатты түсіндіреді

Тапсырма: №1 «Ақпаратты тап» әдісі арқылы азамматтық құқық туралы мәтінді оқып, Қазақстан Республикасының азаматтық құқығыың қайнар көздерін сәйкестендіріп, түсіндір


Азаматтық құқықтың қайнар көздері


Анықтамасы

1

Конституция

а

Мемлекет басшысының шығарған құқықтық күші бар актілері

2

Қ.Р Азаматтық кодекс

ә

Қазақстандағы барлық құқықтық жүйенің негізін қалайтын негізгі заң

3

Заңға тәуелді актілер

б

Министрліктер, ведомстволар мен әкімдіктер шығаратын бұйрықтар, қаулылар.

4

Президент жарлықтары

в

ҚР Парламенті қабылдайтын заңдар мен кодекстердің бірі.

5

Халықаралық шарттар

г

Азаматтық кодексті толықтыратын және қолдануды нақтылайтын құқықтық түсіндірулер мен нұсқаулықтар

6

Нормативтік құқықтық актілердің толықтырушы және нақтылаушы ережелері

ғ

Халықаралық ұйымдармен жасалған келісімдер, ратификацияланған шарттар.


Глосариймен жұмыс

азаматтық құқықтың қайнар көздері;

азаматтық кодекс

азаматтық құқық қағидаттары;

жеке тұлғалар,

заңды тұлғалар,

құқық қабілеті,

әрекетке қабілеттілік

Жеке оқушыларға мәтінмен жұмыс



2 тапсырма әдісі арқылы

Азаматтық құқық субъектілерін анықтаныздар


Кез келген азаматтық-құқықтық қатынасқа азаматтық құқық­тың субъектілері деп аталатын құқықтары мен міндеттері бар ке­мінде екі қатысушы кіреді. Азаматтық кодекске сәйкес Қазақстан Республикасында азаматтық құқықтың субъектілеріне жеке тұл­ғалар, заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бірлік­тер жатады.


Дәптерге мәтіннен 3 құқықтық субьектіні анықтап жаз


Мұғалім оқушыларға Азаматтық құқық принциптерін нақты мысалдар арқылы түсінуі үшін қолдану деңгейіндегі тапсырма ұсынады

Азаматтық құқықтың негізгі принциптерін түсіндіреді:
1. Құқықтық теңдік
2. Еркіндік пен дербестік
3. Меншікке қол сұқпау
4. Міндеттемелерді адал орындау
5. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау

3 тапсырма

Азаматтық құқықтың негізгі принциптеріне өмірден мысал келтіріндер.

Мақсатқа жетуге бағытталған жағдаятық тапсырмалар ұсынады.

4 тапсырма

1-Топ

1.Марат пен Айдана бір пәтер жалдауға келісті. Бірақ Айдана келісімшартсыз тұра беруді ұсынды. Бірнеше айдан соң Марат пәтерді босатуды сұрағанда, Айдана бас тартты.

  • Сұрақ: Бұл жағдайда қай азаматтық құқық принциптері бұзылып отыр?

  • Шешім: Құқықтық теңдік пен шарттық еркіндік бұзылған. Бұл дауда келісімшарттың болмауы да жауапкершілікке әсер етеді.

2-топ

1.Жеке кәсіпкер Әлия клиенттің алдын ала төлеміне қарамастан, қызметті уақытында көрсетпеді.

  • Сұрақ: Қандай принцип бұзылған?

  • Шешім: Міндеттемелерді адал орындау принципі бұзылған.

3-топ

1.Ермек өзіне тиесілі жер теліміне қоршау қойған. Бірақ көршісі бұл жердің бір бөлігін өз ауласына қосып алған.

  • Сұрақ: Бұл жерде қандай принциптер маңызды?

  • Жауап: Меншікке қол сұқпау және құқықтарды сот арқылы қорғау принциптері.






Оқушылар мәтіннен ақпаратты табады,тапсырманы жеке орындап, жеке жауап береді, жауап беру барысында бір -бірінің жауаптарын толықтырады.







.

























Оқулықтағы мәтінді оқып, ҚР Азаматтық кодексінің 14 бабынан өзіңе қажетті мәліметті тауып, жазбаша жауап береді





















Тыңдайды, сұрақ қояды, өз білгенін айтады.








Принциптерді дәптерге жазады, мысал келтіреді, мұғаліммен бірге талдайды









Топта жағдаятты оқиды, кімнің қандай құқығы бұзылғанын анықтайды, қандай принцип бұзылғанын атайды, шешім ұсынады.


Өз пікірін айтып, не үйренгенін тұжырымдайды











Мұғалім оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, кері байланыс жасайды .


Дескриптор:

    1. Азамматтық құқықтың қайнар көздерін анықтамасымен сәйкестендіреді.














































Дескриптор:

1.Ұғымдарды анықтамаларымен дәптерге жазады









Дескриптор:

3 құқықтық субьектіні анықтап жазады.












Дескриптор:

1.Азаматтық құқықтың 1 принципіне өмірден мысал келтіреді.














Дескриптор:

1. Жағдаятық тапсырмаларды оқып, сұрақтарға жауап береді.





















https://clck.ru/3MizmK


Азамматтық құқық

Оқулықтың

141 б


https://www.y outube.com/watch?v=frumK5UGz_Q



https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_

ҚР Азаматтық кодексі














:

Қазақстан Республикасының Конституциясы



Сабақтың
соңы Кері байланыс

7 мин.



Бекіту сұрақтары (сабақ соңында қоюға арналған):

  1. Азаматтық құқық дегеніміз не?

  2. Азаматтық құқықтың негізгі принциптерін ата.

  3. Құқықтық теңдік принципі нені білдіреді?

  4. Азаматтық құқық субъектілеріне кімдер жатады?

  5. Жеке және заңды тұлға ұғымдарына анықтама бер.

  6. Азаматтық құқық субъектісінің құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі дегеніміз не?

  7. Азаматтық құқықтарды қалай қорғауға болады?

  8. Мысал келтір: Қай кезде меншік құқығы бұзылады?




.сұрақты оқиды жеке жауап береді

Оқушы білімдерін дескриптор арқылы баллмен бағалау


Үй жұмысы

Жазбаша тапсырма (міндетті):

«Азаматтық құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттері» тақырыбында 5-7 сөйлемдік шағын эссе жазу.

Бағалау критерийі:

  • Тақырыпты ашу (1 балл)

  • Дұрыс термин қолдану (1 балл)

  • Мысал келтіру (1 балл)

  • Тиянақтылық, сауаттылық (1 балл)

  • Қорытынды жасау (1 балл)





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
18.11.2025
75
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі