Материалдар / Азан шақырыып ат қою

Азан шақырыып ат қою

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұмыт қалған салт - дәстүрлерін қайта жаңғыртып, жастар санасына сіңіру. Азан шақырып, ат қою көрінісі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2024
89
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Азан шақырып ат қою, бесікке салу.


Жүргізуші автор: Азан шақырып ат қою (Азан шақырып, қазанның құлағын қағып aт қою) - мұсылмандықты қатаң ұстанатын ортада нәрестеге ат қоюды рәсімдейтін ғұрыптың ерекше түрі. Ата-ананың біреуі (көбінесе әкесі) баланы басын құбылаға қаратып, қолын ұстайды. Ат қоятын молда намазын өтеп, Азан шақырып, баланың оң құлағына ата-анасы таңдап қойған есімді айтады.

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуынжол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі  ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. 

 Үлкен ене: -Келін, молда атаңа немереңді әкел, құлағына азан шақырып, ат қойып берсін. (әкесі баланы басын құбылаға қаратып, қолына ұстайды. Ат қоятын молда намазын өтеп, Азан шақырып, баланың оң құлағына ата-анасы таңдап қойған есімді айтады.)

Үлкен ене: - Ал шөберемнің аты қойылды, енді бесіке салуды бастайық.

Келгендер: — Сәбидің бауы берік болсын!

Үйдегілер: — Төрлетіңдер, төрлетіңдер!

Үлкен ене: — Қой, баланы бесікке салайық. Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген, үбірлі-шүбірлі қадірмен әйелге тапсырылатын ырым бар. Ендеше, Жамал апа және Марал келін, сіздер көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді өнегелі жансыздар. Бесікке сіздер салыңыздар. Сіздердің жолдарыңызды берсін мына отырған жас қыз-келіншектерге.

Жамал апа: — Қане, бесікті әкел. Бесік – өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы, мұны білген абзал.

Марал апа: Алдымен тыштырма жасайық. /тыштырма ырымы — түбектің тесігінен» тышты ма» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіреді./ Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендік.

Жамал апа: Енді бесік кертпе деген бар. Бесік кертпе – отқа табыну дәуірінен қалған ырым. / шымшуырды отқа қыздырып, сонымен бесіктің басын, арқалығын қарып кетеді. Оттан жын-шайтан, дерт-дербезе қашады-мыс. Бұл алаумен аластаудың бір түрі./

Бесікті аластау 

 Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Ұйықтап дем алсын,
Қунап оянсын! (Осыдан  кейін баланы бөлейді.)

Ене: - Бесіктің басына үкі тағайын. Өйткені бала әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кезден бастап үйренуі керек. Бала бесікте көп жатады. Бесік — баланың жылы ұясы.

Жамал апа: - Бесік — баланың ұйқысын ғана күзетіп қоймайды, оны халық сенімі бойынша, жын-шайтаннан да қорғайды. Сол үшін де халқымыз бесікті 7 затпен жабдықтаған. Олар — көрпе, қамшы, жүген, шапан, тон, кебенек, шекпен. Баланы әруақтар қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды.

Бесікке бөлеу 

Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.

Балам жатсын бесікке,
Пәлесі қалсын есікте.

Үлкен ене: - Ал, Жамал, мынау сенің сыйың. /Жамал апаға және оның көмекшілеріне көйлек-жабдық сияқты сый тартылады.

Әжесі: бата береді:

Бата:

Көтерейік білекті,

Нұрға бөлеп жүректі.

Бөбекке бата берейік,

Ағынан айтып тілекті:

Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Өнер-білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшаңданып,

Өрен, өршіл, өркенді болсын!

Жақсы жолды таңдасын,

Жамандық тәлім алмасын!

Даналардың дәстүрін,

Жаңаласын, жалғасын,

Шұғылалы шуақты күн кешсін,

Басын сұр бұлт шалмасын,

Қос топшысы талмасын,

Қырандай биік самғасын!

Қыз-келіншектер: - Рахмет сіздерге. Бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.

Әжесі: - Әле қырқынан шығару рәсімінде бас қосамыз. Біз сіздерге үйретеміз, сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар. Сонда ата-бабамыздан қалған қазақтың әдет-ғұрпы, дәстүрі, мәдениеті, тілі өлмейді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!