Әзілдер
-
Сен бәліш жедің бе?
-
Жоқ, ол мен емес.
-
Тағы жегің келе ме?
-
Ия.
Мейрамханаға
қоян, қасқыр және түлкі келеді. Даяшы
қояннан сұрайды:
-
Не тапсырыс бересіз?
-
Сәбіз.
Қасқырдан:
-
Менің қарным ашса, екеуі мұнда отырмас
еді.
Мұғалім
оқушыдан сұрайды:
-
Адамның қай тісі соңында шығады:
-
Жасанды тістер.
Баласы
әкесінен сұрайды:
-
Әке, неге сіздің көлігіңіз жоқ?
-
Балам, көлікке ақшам жоқ. Міне, сен
ерінбе, жақсы оқы.Сонда жақсы маман
боласын, өзіңе көлік сатып аласың.
-
Әке, ал неге сіз мектепте еріндіңіз?
Ағасы
тоқаш жеп отыр.Қасына інісі келіп:
-
Аға, тоқашыңнан бір тістейінші?
-
Бұл тоқаш емес... бұл самса!
-
Самсаңнан бір тістетші.
-
Бұл самса емес... бұл бәліш!
-
Бәлішіңнен бір тістетші.
-
Мазамды алмашы, сен не жегің келіп
тұрғанын өзін білмейсің!
Екі
қасқыр отыр. Сұр қасқыр қарасына
айтады:
- Мен жазуды үйрендім!
Қара
қасқыр айтады:
- Сөйтіп, не
жаздың?
Сұр қасқыр біраз ойланып,
былай дейді:
- Білмеймін. Оқуды
әлі үйренген жоқпын!
Сатушы
кішкентай Айдардан сұрайды:
- Балақай,
сені 3 килограмм конфет пен 200 грамм
картоп сатып әкелу үшін жібергенге
сенімдісің бе?
-
Әже, әр жамандыққа жақсылықпен жауап
беру керек деген, рас па? – деп, немересі
сұрайды.
-
Рас, балам, рас.
-
Онда маған 50 теңге беріңізші, мен сіздің
көзәйнегіңізді сындырдым.
Баласы
сұрайды:
-
Апа, түтікте қанша тіс пастасы бар?
-
Білмеймін.
-
Ал мен білемін: диваннан есікке дейін!
Әжесі
немересін оятып:
-
Балам, ерте тұрсаң ырысың артар.
Немересі
оянбайды.
-
Құлыным, мысалы, көшеге шықсаң толы
әмиян тауып аласың.
-
Оданда ерте тұрған адам сол әмиянды
жоғалтты ғой, әже.