Әзірлеме Елімнің бақытын тербеткен – ТӘУЕЛСІЗДІК

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әзірлеме Елімнің бақытын тербеткен – ТӘУЕЛСІЗДІК

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандар іс-шарасы. Әзірлеме. Тәуелсіздікке байланысты жас мамандарға арналған мерекелік концерттің әзірлемесі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Елімнің бақытын тербеткен ТӘУЕЛСІЗДІК


Шымылдық ашылады


ОРКЕСТР

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН/АШЫЛУ СӘТІ

1-жүргізуші:

Арысын ардақтап ұлық еткен,

Намысын бойына ту еткен.

Ұлысын ұлықтаған,

Бабалар жолын ұмытпаған, Қазақ елі армысыздар


2-жүргізуші:

Алтын ұям Отан қымбат,

Құт берекем атам қымбат.

Кіндік қан тамған жерім қымбат,

Туып өскен елім қымбат деп ұрандаған бары елім бармысыздар.


1-жүргізуші: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін 1991 жылы 16-желтоқсан күні алды. 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының ең басты мерекесі болып саналады.


2-жүргізуші: Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татқан, мәңгілік ел тәуелсіздік күні құтты болсын.


1-жүргізуші: Тура 30 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіздігін бүкіл әлем мойындады.


2-жүргізуші: Қазақтың көгінде азаттық туы желбіреді.


1-жүргізуші: Барлығымыздың киелі атамекеніміз бар. Ол қазақтың ұлы даласы Тәуелсіз Қазақстан. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық, өршіл рухты, азат ойлым жасампаз халық бар. Ол ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар.


2-жүргізуші: Ол Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекеттен, мәңгілік ел жасау. Тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгілік елге айналсын. Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз солардың жалғасымыз. Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып 30 жыл бұрын Жаңа Қазақстан дүниеге келді.


1-жүргізуші:

Шарықта, шарла көкті көк байрағым

Арманым, азаттығым көкке айғағым

Мен сенің салтанатты сағатына

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Қалықта елтаңбасы, шаңырағым

Шарықта әлем кезіп Әнұраным.


ӘНҰРАН/ГИМН


2-жүргізуші: Бүгінгі ел тәуелсіздігіне 30 жыл толуына арналған «Елімнің жүрегін тербеткен – ТӘУЕЛСІЗДІК» атты салтанатты жиынымызды ашу үшін сөз /Аудан әкімі Канат Сарсенұлы Карисовқа/ Аудандан әкімнің орынбасары Қинаятолла Хайроллаұлы Талиповке/ беріледі.


/МАРАПАТТАУ кезені/


1-жүргізуші:

Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің

30 жасын құтты болсын нұр елім

30 жылда шықтың талай белеске

Қазақстан жасай берші гүл елім



МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ


ҚАЗАҚ БИІ

2-жүргізуші: 30 жыл ішінде Қазақстан досы сүйінетін, дұшпаны күйінетін алпауыт елге айналды. Біздің тәуелсіз елімізге қызыға да, қазғана да қарайтындар баршылық.


1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің тұрақтылығы татулықта, бірлікте. Біздегі бірліктің көзі елбасының салиқалы саясаты.


2-жүргізуші: Ерім деген ел болған соң, елім деген ер болар. Осындай елбасымыз барда біз бақыттымыз.

Елбасымыздай Баянауыл ауданының мәртебісін көтеріп жүрген Тәуелсіздік құрдастары бүгінгі салтанатты жиынымызға қатысып отыр. Қошеметпен ортаға шақырамыз. /ФАНФАРЫ/


МӘНЕРЛЕП ОҚУ/ НҰРДОС Кеңес «Мен Қазақпын»

ӘН/ НҰРДОС Кеңес «Мен Қазақпын»


2-жүргізуші: _____Сен білесің бе? Елімізге келген шет елдіктерден «қазақ» деген қандай хадық деп сұрағанда, олар ең лдымен қонақжай халық дейді екен.

1-жүргізуші: Сонымен қоса ешкімді жат көрмеген, жадынан бөліп берген бауырмал халық деп әңгімелейді.

2-жүргізуші: Тарихын ұмытпайтын, қазіргісін қадірлейтін, болашағынан үмітті дархан халық деп үлгі етеді екен.

1-жүргізуші: Бесіктен батыр шығатын, екінін бірі жау жүрек туатын халық екен деп сескеніп кетіпті біреуі.

2-жүргізуші: Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп салт дәстүрін дәріптеген дана халықпен таныстым деп қуанысады олар.

1-жүргізуші: Тарихын, ертенін сараптап, қадамын анықтап басатын ұлы халық дейді екен.

2-жүргізуші: Ия, олар жаңылмапты, расында қазақ елі осындай.



ФОН/МУЗЫКА/БАР ДАУЫСТА

Маржан Арапбаеваның «Қазақ елі осындай» әнінің қайырмасы орындалады



2-жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Халқыма аян алтын бесік екенің.

Елім, жерім, Отаным бақ дәулетім,

Болашағым, өнер білім, өркенім.

Қазақстаным, қастерлім мәңгі дастаным,

Парақтап сені, кең дұға бастадым.

Сен менің арым, сен менің бағым, барымсың,

Халқыма әр күн бейбіт болғай аспаның.


ӘН/ МЕРХАТ Жұматай

ӘН/ АМАН Тойлат

НОМЕР/ Музыкальная школа

ӘН/ ДИАНА Қабылқайыр «Нұр Астана»

ӘН/ КӨРКЕМ Мардан, АДИНА Адамбекова

ХОР/ БІР ҮЙДІҢ БАЛАСЫНДАЙ


1-жүргізуші: Құрметті көрермендер Тәуелсіздігіміздің 30 жыл толған мерейлі мерекесі баршамызға құтты болсын. Біз Баянауыл ауданының жастары бабамыздан қалған аманатты сақтап, халқымыздың артқан сенімін әрқашанда ақтау үшін барлық күш жігерімізді жұмсап, еліміздің асқақ абыройы жолында аянбай еңбек ететін боламыз. Еліміз ғұмырлы, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын ағайын.

2-жүргізуші: Елдігің ақтан, Мәңгілік мақтан, Жасай бер Қазақстан.

1-жүргізуші: Егеменді еліміздің еңсесі биік болсын.



КЕЛЕСІ КЕЗДЕСКЕНШЕ ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2021
477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі