15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әзірлеме "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына 5-сынып оқушыларын қабылдау
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына
5-сынып оқушыларын қабылдау рәсімі
Өтетін орны: Акт залы
Өтетін уақыты: 05.05.2018 жыл сағат 12.00
Өтетін орындар алдын -ала әзірленіп,баннерлер, билбордтар ілініп, көрмелер даярланады.
ІІ –бөлім
Фанфар.Ортаға жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты ұстаздар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті достар!
1-жүргізуші: Қарағанды облысының барлық Жасұландары мен оқушыларының мерекесі екінші «Жасұландар күніне» қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Белсенді Жасұландар мен Жас қырандардың басын біріктірген облыстық «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы әсіресе, болашақтың құралы білімге деген сана сезімді қалыптастыру, еліміздің бас қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты «Асқақтаған – Астанам!» деген сөзі Бізге белсенді Елімнің ертеңі Жасұландарға бағытталған деп білеміз!
1-жүргізуші: «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі». Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана- жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі.
2 – жүргізуші
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалды.
1 – жүргізуші
Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек. Біз – осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біз. Ендеше Астана туралы, бүгін жырлап, мақтан етейік!
2 – жүргізуші
Бас қаламыз Астананың 20 жылдық мерей тойымен құттықтаймыз.
1-жүргізуші: Мектеп түзел! Тік тұр! Салтанатты алаңға Қазақстан Республикасының Туы мен Республикалық «Жас Ұлан» ұйымының тулары енгізілсін!
(Тулар енгізіліп, белгіленген орындарға орналасады)
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Гимні!
1-жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жас көшбасшылары!
Ұйымымыз: Жасұлан
Ұранымыз: Қазақстан – Нұрсұлтан - Жасұлан
Біз «Жас Ұлан» - болашақтың жастары, (бірге).
Біз «Жас Ұлан» — ашық әркез аспаны.
Біз «Жас Ұлан» - еліміздің ұланы,
Біз «Жас Ұлан» — болашақтың бастауы.
2-жүргізуші:Құрметті жас ұландар! Бүгінгідей салтанатта өздеріңе арналған құттықтау сөз мектебіміздің оқу-іс жөніндегі орынбасары Алмагүл Болатовнаға беріледі.
1-жүргізуші:Жасұландардың бүгінгі мерекесін бөлісуге келген қонақтары
(лауазымдары мен аты жөндері жарияланады).
2- жүргізуші:
Бізді қолдайтын ұстаздарымыз барда!
Алға бастайтын тәлімгерлеріміз барда!
Бағыт беретін мектебіміз барда!
«Жас Ұлан» қанатын жаяды! (бірге)
Жасұландықтар мерекелеріңіз кұтты болсын!!!!!!!!!! (бірге)
Келесі сөз кезегі тәлімгеріміз Гүлнара Ажибаева беріледі.
1- жүргізуші:
Ән: Ибрахимова Жаннаның орындауында «Астана» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Биыл облыстық «Жас Ұлан» ұйымы 6 жылдығын атап өтуде. Жасампаздық таныта бастаған ұйымның Жасұландары мен Жас қырандарының жетістігін көрсету, дәріптеу бағытында оқу жылының бір күнін бізге сыйлау ұсынысын білім саласының қолдауы екінші мерейтойға сыйлық және құрмет.
(шапалақ)
2-жүргізуші:
Жас Ұланбыз – тәуелсіз ел қыраны,
Патриотпыз! Білім, бірлік – ұраны.
Жас Қыранға үлгі болар әрқашан,
Біз – Теректінің болашақ ел ұланы!
Ән: Алдарыңызда әнші қыздарыңыз Бекенова Әлия «Сарыжайлау» әнімен қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: — Армандаған!
2-жүргізуші: — Білім қуған!
1-жүргізуші: — Достықпенен
2-жүргізуші: — Жалындаған!
1-жүргізуші: — Ғылым іздеп,
2-жүргізуші: — Алға ұмтылған
Бәрі бірге: — Сәлем саған, Жас Ұлан!
1-жүргізуші: — Бүгінгі мерекеде өз өнерімізді,
2-жүргізуші: — Білімімізді,
1-жүргізуші: — Ізгі істерімізді тамашалаңыздар!
2-жүргізуші: — Армысыз, білімді ұрпақ!
1-жүргізуші: — Сәлем, Жас Ұлан!
2-жүргізуші: — Мереке құтты болсын!
Ән:Кіріс Аяланы «Қазақ елі» әнімен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:«Нұр Отан» нұрлы жол- айбарым
Мектебім –мерейім,қайнарым
Алға Жас Ұлан, самға Жас қыран
Көтерген көк туын –байрағын!
2-жүргізуші:Ендігі кезекте Жас қырандық оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
1-оқушы: Әлібек
Ал, достарым, сөзімді құлақ сала тыңдаңдар!
Алдарыңда ел ертеңі – болашақ Жас Ұландар!
Бал-бұл жанған гүл шағыңда, біз Отанның Ұланымыз!
Тәуелсіз ел ертеңіміз, білім, бірлік – ұранымыз!
2-оқушы: Арнұр
Намыс туын биік ұстар қазағымның ұланы,
Шырқа мәңгі ынтымақ пен білімділік жыр-әні.
Асқақтасын әрқашанда «Жас Ұланның» ақ туы,
Биіктерде шарлай берсін көк аспанда қыраны!
3-оқушы: Әлия
Мен – Жас Ұланмын!
Болашаққа сәлемін жолдайтұғын,
Қырандай қос қанатын қомдайтұғын.
Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын,
Тұғырын саф алтыннан сомдайтұғын!
4-оқушы: Гүлсая
Мен – Жас Ұланмын!
Бабалардың намысымын,
Байтақ елдің білім мен табысымын,
2030 мәресін әйгілейтін –
Азияның айбарлы барысымын.
5-оқушы: Мадина
Жанымыз қаламайды аласаны,
Жас Ұлан алда талай бел асады.
Әлемге туған елді танытатын,
Біз, Жас Ұлан – Қазақстан болашағы
6-оқушы:Кәусәр
Қазақстан – байтақ елім,
Кіндік қаным тамған жерім,
Ұланың боп өсіп келем,
Келешегім ол да менің!
Өнегелі ұстаздардан
Білім алып кемелденем,
Жақсылыққа жетелеген
«Жас Ұланым» мерекеңмен!
7-оқушы: Мөлдір
Біздің текті қазақтың ұрпақтарын
Парасатты білімді балаларын,
Отансүйгіш, рухты етіп тәрбиелеген
Мерейтойы «Жас Ұланның»!
Ұйымы балалар мен өспірімдер
Алға дамып, жыл сайын көркейе бер.
Перзенттері еліне адал етіп,
Баулыған «Жас Ұланым» өркендей бер!
8-оқушы:Балжан
Жас ұланның достары,
Өркендеп дәуір үнімен!
Құттықтаймыз сіздерді
Мерейлі туған күніңмен!
Біз қыранбыз
Өнерлі де талантты.
Игі жолда ерінбей
Орындаймыз талапты
1-жүргізуші.
Ендігі кезекте «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жас қыран» қатарына 2-сынып оқушыларын қабылдаймыз.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жас қыран» қатарына қабылдау үшін ортаға ауылымыздың әкімі Абзал Тойбекұлы мен мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары м.а Уақасова Мариямды ортаға шақырамыз.
/ балалар ант беріп қабылданады /
2-жүргізуші.
Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін оқушылар, әкімшілік өкілдері, ұстаздар, ата-аналар Республикамыздың қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.
1-жүргізуші.
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері – әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуметін жүзеге асыру болып табылады
2-жүргізуші.
Хор: Жасұландар гимні
1-жүргізуші: Құрметті Жас Ұландықтар! Берген Уәделеріңе, болаттай берік болып, әрқашан Тәуелсіз еліміздің туын көкте желбірете Елбасы айтқандай әрқайсыңыз еңбектеніп Туған жерге туларыңызды тігеді деп сенеміз!
Жас ұлан! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар! Тулар шығарылсын!
2-жүргізуші: Жас Қырандықтарды құттықтай отырып, Қанатова Балнұрды «Астана» атты ән шашуымен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Астананың 20-жылдық мерейтойына орай «Менің қиялымдағы Астаманам» атты суреттер көрмесіне қатысқан және мектепшілік іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларды марапаттау үшін мектебіміздің оқу-іс жөніндегі орынбасары Алмагүл Болатовна мен тәрбие жөніндегі орынбасарының м.а Мариям Әбілқайырқызын ортаға шақырамыз.
/Суреттер көрмесі мен мектепкетің іс-шараларына белсене қатысқан оқушылар марапатталады/.
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар және Жасұландар! Еліміздің ертеңі Жасұландардың екінші мерейтойымен және «Жасұландар күнімен» тағы да құттықтаймыз.
1-жүргізуші:Оқушылар арасында осы күн асыға күтетін мерекеге айналады деген оймен бүгінгі күннен естелік ретінде суретке түсуге шақырамыз.
«Бекітемін»
Тәрбие жұмысының
орынбасарының м.а
_______М.Уақасова
« __» ____ 2018 жыл
Мектеп тәлімгері: Ажибаева Г.С.
2017-2018 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген