400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Азот оксиді

Материал туралы қысқаша түсінік
Азот оксиді тақырыбында колледж студенттеріне сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»

«Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Zhansugurov College»






Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 6 сәуірдегі

130 бұйрығына

8-қосымша

Оқу сабақтарының жоспары №

Сабақтың тақырыбы:

Азот окиді

Модуль /пән атауы:

Химия

Педагог:

Бигалымова Дана Канатовна

Күні:





Курс, топ





Сабақтың түрі:

Лекциялық сабақ

Сабақ мақсаты:


- азот оксидтері, нитраттар және күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;

- қоршаған ортадағы ластанудың химиялық және экологиялық салдарын талқылау;

- экологиялық мәселелерге қатысты жауапкершілікті дамыту

Міндеттері:

- азот оксидтері, нитраттар және күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді;

- қоршаған ортадағы ластанудың химиялық және экологиялық салдарын талқылайды;

- экологиялық мәселелерге қатысты жауапкершілікті дамытады

Құндылықтарды дамыту:

Тақырыпты әртүрлі әдіс-тәсілдері қолдана отырып оқыту арқылы студенттердің танымдық белсенділіктері мен ой-өрістерін дамыту. Өз беттерімен тапсырма орындауға, ізденімпаздыққа, пәнге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер:

- азот оксидтері, нитраттар және күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді;

- қоршаған ортадағы ластанудың химиялық және экологиялық салдарын талқылайды;

- экологиялық мәселелерге қатысты жауапкершілікті дамытады

Қажетті ресурстар:

Тақта, периодтық кесте, ғаламтор желісі


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдер

Оқытушының әрекеті

Студент

әрекеті

Бағалау

Сабақтың басы

Білу


Ұйымдастыру кезеңі

Оқытушының әрекеті:
– Сәлемдесу
– Студенттерді түгендеу
– Сабақ мақсатын хабарлау


сабаққа дайындалады
– назар аударады

өз пікірлерін білдіреді

Ауызша мадақтау



Сабақ ортасы

Түсіну



Атмосфералық ластанудың қазіргі жағдайы. Азот оксидтері, нитраттар және күкірт диоксидінің негізгі көздері:

Өнеркәсіптік өндіріс.

Автокөлік газдары.

Ауыл шаруашылық тыңайтқыштары

Азот оксидтерінің түзілуі:

Азот оксидтері жоғары температурада азот пен оттегінің әрекеттесуі арқылы түзіледі:

N2+O2=2NO

2NO+O2=2NO2

Қоршаған ортаға әсері:

Қышқыл жаңбырдың түзілуі:

Азот диоксиді сумен әрекеттесіп азотты қышқыл (HNO2) ТҮЗЕДІ:

2NO2+H2O=HNO2+HNO3

Фотохимиялық тұман (смог):

Азот оксидтері күн сәулесімен әрекеттесіп озон мен басқа улы қосылыстар түзеді.

Өсімдіктер мен жануарларға зиян:

Жапырақтардың зақымдануы, топырақтың қышқылдануы.

Нитраттар (NH3-):

Нитраттардың негізгі көзі:

Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды артық қолдану.

Қоршаған ортаға әсері:

Судың ластануы:

Нитраттар жер асты суларына түседі, бұл адам денсаулығына зиян келтіреді (метгемоглобинемия).

Эфтрофикация:

Нитраттар су экожүйесінде балдырлардың шамадан тыс қсуіне әкеледі, бұл оттектің азаюына және балықтардың қырылуына себеп болады.

Күкірт диоксиді (SO2):

Күкірт диоксидінің түзілуі:

Күкіртті отындарды (көмір, мұнай) жағу кезінде:

S+O2=SO2

Қоршаған ортаға әсері:

Қышқыл жаңбыр:

SO2 атмосфераға көтеріліп, сумен әрекеттеседі:

SO2+H2O=S2SO3 (күкіртті қышқыл)

2SO2+O2+2H2O=H2SO4 (күкірт қышқылы)

Өсімдіктер мен жануарларға зиян:

Өсімдіктердің жапырақ бетіне зақым келтіреді, топырақты қышқылдандырады.

Адам денсаулығына әсері:

Тыныс алу жүйесінің аурулары (астма, бронхит)

Жеке жұмыс дәптері

Презентация

Қолдану

«WordWall» платформасын пайдалану

Сұрақтарға жауап береді


Халькогендер тобын анықтайды


Физикалық қасиеттерін сипаттайды

Жұмыс дәптері

Талдау

Сұрақтар:

  1. Азот оксидтері атмосфераға қалай түседі?

  2. Қышқыл жаңбырдың түзілуі механизмі қандай?

  3. Нитраттардың суды ластау салдары қандай?

  4. Күкірт диоксидінің өсімдіктерге әсері қандай?

Тапсырма:

  1. Азот оксидтері мен күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсерін салыстырыңыз.

  2. Қышқыл жаңбырдың әсерінен табиғатта қандай өзгерістер болатынын сипаттаңыз.

Кестені толтырады


Азот оксидтері және диоксидінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді


Жұмыс дәптерлері

Жинақтау

Сабақтың негізгі мазмқнын қайталау:

Азот оксидтері, нитраттар және күкірт диоксидінің ерекшеліктері.

Олардың қоршаған ортаға және адамға әсері.


Экологиялық мәселелерді шешу бойынша пікірталас:

Ластануды азайту жолдары: сүзгілер қолдану, жасыл энергетикаға көшу, тыңайтқыштарды бақылау.

Талқылау сұрақтарына жауап береді

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Бағалау


Үйге тапсырма.

Азот оксидтері, нитраттар және күкірт диоксидінің әсері туралы эссе жазу.

Қышқыл жаңбырдың салдарын зерттеп, мысалдар келтіру.

«Бір минуттық рефлексия» әдісі

1. Осы сабақтағы мен үшін ең маңызды ақпарат __________

2. Әлі де маған мына жайттар түсініксіз __________

3. Бүгінгі сабақтан түйгенім __________

Сұрақтарға жауап береді

Мысал келтіреді

Жұмыс дәптері



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.06.2026
7
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі