Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Азот қышқылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Азот қышқылының физикалық, химиялық қасиеттері. Азоттың алынуы 2 жолмен, Қолданылуы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:



17(VI), 16(VIA), 15 (VA), 14(IVA) топ элементтері және олардың қосылыстары


Мектеп: 138 жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жансеитова Д.А

СЫНЫП: 9 «А», «Ә»-сынып

Қатысқандар: 12

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Азот қышқылы. №13 зертханалық тәжірибе

«Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.7 -азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру;

9.2.1.18-азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру

9.2.1.19-азот қышқылының басқа қышқылдармен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Азот қышқылының молекулалық формулаларын біледі. Көпшілік оқушылар үшін:

Азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін анықтайды

Кейбір оқушылар үшін:

Азот қышқылының басқа қышқылдармен жалпы ортақ қасиеттерін зерттейді.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Бағалау критерийлері

- Азот қышқылының қасиеттерін және қолданылу аймағын ажырата алады.

-Азот қышқылының физикалық және химиялық қасиеттерін ажырата отырып, тұжырым жасай алады.

-Азот қышқылы және оның қосылыстарына реакция теңдеулерін құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қышқылдар, қышқыл қалдығы, индикаторлар,

Құндылықтарға баулу

Біздің ұлттық құндылығымыз «Зайырлы Ел және Руханиет» пен байланыстыра отырып адамгершілік, сыйластық құндылықтарын дамыту.

Алдыңғы білім

Азот қосылыстары, Аммиак

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар


Сабақтың басы

7 мин



  1. Ұйымдастыру.

  2. Сәлемдесу. Түгелдеу.

  3. Сыныпты 3-топқа бөлеміз.

I – Азот тобы

II – Фосфор тобы

III – Оттегі тобы

  1. Үй тапсырамасын тексеру.

1 Химиялық диктант


Интерактивті тақта

Презентация


Слайд 4,5








Слайд 6


https://bilimlad.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/azot-qyshqyly-nitrattar?mid=f5f35d90-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

« Азот қышқылының алынуы»






Дескриптор

-Азот қосылыстары бойынша білімдерін пайдалана отырып, тақырыпқа байланысты сұрақ қоя алады.

-Азот оксидтері және олардың физикалық қасиеттерін сипаттай алады.

-Аммиактың химиялық қасиеттеріне тұжырым жасай алады.

Қ.Б Топқа берілген сұрақтардың дұрыс немесе бұрыс болуына байланысты оқушылар бір-бірін «қол шапалақтау» арқылы бағалайды.





Сабақтың ортасы

20- минут


Жаңа сабақ

І. «Миға шабуыл»

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға «Азот қышқылы» тақырыбына видео ролик көрсетіліп, «Азот қышқылы» ребусы беріледі, осылай жаңа сабақ тақырыбын анықтаймыз. /видео/

Жана тақырыпқа байланысты ребус шешу.

Жаңа сабақ түсіндіріледі

Азот қышқылының формуласы HNO3. Азот қышқылында азоттың валенттілігі +5 -ке тең.

Физикалық қасиеті: тұншықтырғыш иісті, түссіз сұйықтық. Ылғалды өте жақсы сіңіреді, буы ауадағы су тамшыларымен қлсылып тұман түзетіндіктен, ауада түтінденеді. Сумен кез келген қатынаста араласады. -41,6 ℃-та кристалдық күйге көшеді, -82,6 ℃ -та қайнайды.

Азот қышқылына қысқаша анықтама

Алынуы: зертханада азот қышқылын калий немесе натрий нитратына концентрлі күкірт қышқылымен әсер етіп алады:

NaNO3+H2SO4(конц) = NaHSO4+HNO3

Өндірісте азот қышқылын амиакты ауадағы оттекпен өршіткі қатысында тотықтырып алады.

1.Амиак пен ауа қоспасын 800℃-та платина өршіткісі арқылы тотықтырып алады.

4NH3+5O2=4NO+6H2O

2.Салқындатқанда Noәрі қарай NO2-ге дейін тотығады.

2NO+O2=2NO2

3.Түзілген азот (Ⅳ) оксиді артық мөлшерде суда еріп, HNO3 түзіледі.

4NO2+2H2O+O2 =4HNO3

Химиялық қасиеті:

1. Азот қышқылының судағы ерітіндісі күшті электрлит. Индикаторлардың түсін өзгертеді:

HNO3 = H++NO3-



Лакмус-қызыл, метилоранж-күлгін, фенолфталеин- түссіз болады.

2. Азот қышқылы концентрлі және сұйылтылған болып бөлінеді.

Сұйылтылған азот қышқылымен металдар әрекеттескен кезде сутек бөлініп шықпайды. Бұл азот қышқылының басқа қышқылдардан ерекшелігі.

Мысалы: 3Cu+8HNO3=3Cu(NO3)2+4H2O+2NO↑


Концентрлі азот қышқылымен Fe, Cr, Al металдары әрекеттеспейді.


3.Негіздік және екідайлы оксидтермен әрекеттеседі:

2HNO3+CaO = Ca(NO3)2+H2O

4.Негіздермен әрекеттеседі:

Al(OH)3 +3HNO3=Al(NO)3+3H2O

5.Әлсіз және ұшқыш қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі:

Na2CO3+2HNO3 =2NaNO3+H2O+CO2↑


Қолданылуы:

Азот қышқылынан алынатын селитралар минералды тыңайтқыштар ретінде,бояулар алуда, дәрі-дәрмек, оқ-дәрі алу үшін қолданылады.

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Презентация

Слайд 1, 2







Дескриптор

- Азот қышқылының қолданылу аймағын және оның физикалық қасиеттерін түсінеді.

-Азот қышқылының физикалық қасиеттерін біледі

-Азот қышқылының химиялық қасиеттерін біледі

Қ.Б. «Бағдаршам» әдісі



1-топ оқушылардың алдына тізбекті реакциялар беріледі, сол реакция бойынша олар реакцияны жалғастыру керек.



2-ТОП Оқушыларға карта таратып алдына таратылған картадағы сұрақты оқып, жүру керек ал екінші оқушы жауабын екінші картадан тауып басу керек.



3-топ Бір оқушы шығып жерде жатқан табан іздеріне аяғын қойып сол табан ізіндегі формуланы оқып, сол формуланың атауын айту керек.


Слайд -5-6

8-мин.

ІІІ. «Жасап көрсет және әңгімеле» әдісі.

Зертханалық жұмыс орындау.

Реактивтер: cy, ас тұзы, ас содасы

Құрал-жабдықтар: пробиркалар, әмбебап индикатор қағазы.   Қауіпсіздік ережесі. Оқушыларға қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат беріледі.

Жұмыстың барысы:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
966
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12