400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар.

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №86 ЖОМ

Су және органикалық заттар Мұғалімнің аты жөні:

Күні: Алиева Жанерке Сериковна

Сыныбы: 7в Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты:

7.4.1.3 - азық – түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар екендігін дәлелдеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Азық-түліктерде органикалық заттар (нәруыздар, май, көмірсулар) бар екендігін анықтайды;

Көптеген оқушылар: Азық-түліктердегі органикалық заттардың бар екендігіне эксперименттер жасайды;

Кейбір оқушылар: органикалық заттардың құрамын, қасиеттерін анықтап, ажыратып талдап қорытындылайды.

Бағалау критерийлері:

1.Азық-түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар май,көмірсулар жайлы түсінік береді;

2. Азық-түліктердегі органикалық заттардың бар екендігін дәлелдей алады;

3. Оқушылар органикалық заттардың құрамын, қасиеттерін анықтап ажыратып, талдап қорытындылай алады.


Дағдылар

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты тілдік қор мен терминдер: органикалық заттар, көмірсу, май, нәруыздар т.б.


Құндылықтарға

баулу

Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы қарым – қатынасты нығайту, шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау құндылықтарға баулу арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс.

Дүниетану, Жаратылыстану, Химия

Алдыңғы білім:

Биолгия 6 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

І. Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

1.Сергіту сәті. Сыныпта жағымда ахуал орнату мақсатында «Арқадағы жазулар» әдісі.Оқушылар екі қатарға бір-бірінің арқасына қолмен әріп немесе сан жазады,алдында тұрған оқушы келесі оқушының арқасына жазады, ойын ары қарай жалғаса береді.

2.Топқа біріктіру. «Адасқан әріптер» әдісі арқылы оқушыларды 3 топқа біріктіремін.

1- топ нәруыз

2 -топ майлар

3 -топ көмірсу

3. Өткен сабақтан алынған білімдерін еске түсіру мақсатында макро және микроэлементтердің маңызын анықтау үшін «Веер» әдісін қолдану (желпуішке жазылған сұрақтарға оқушылар жауап жазады).

1. Жасушаның құрамында қанша химиялық элемент бар?

2. Макро мен микроэлементтер дегеніміз не?

3. Микроэлементтерге қандай элементтер жатады?

4. Макроэлементтерді ата.

5. Макро және микроэелементтердің маңызы.


Сабақтың ортасы

15 мин.





























15мин.









ІІ.Негізгі бөлім

Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында АКТ ны қолдана отырып оқушыларға видеоролик көрсетемін.

а) Видеороликте көргенін топпен талқылайды;

в)1.топ азық –түліктегі нәруыздың құрамы және маңыздылығы жайында;

2. топ азық –түліктегі майлардың құрамы және маңыздылығы жайында;

3.топ азық –түліктегі көмірсудың құрамы және маңыздылығы жайында постер дайындайды; (топтық жұмыс)

с) «Автобус аялдамасы» әдісін қолданып әр топтан бір өкіл басқа топқа барып түсіндіреді.



2. Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «Ыстық орындық» әдісін қолданамын (ортаға орындық қойылады, бір оқушы орындыққа отырып жаңа тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді)

Азық- түліктер құрамындағы органикалық заттар?

1гр. көмірсу ыдырағанда қанша мөлшерде энергия бөлінеді?

1гр. май ыдырағанда қанша мөлшерде энергия бөлінеді?

Тапсырмалар

1- тапсырма (жеке жұмыс)

(а) Берілген тізімнен органикалық заттарды анықтаңыз.

A Су

B Нәруыз

C Көміртек

D Май

E Оттек

F Көмірсу


2 -тапсырма

Төменде берілген азық – түлік құрамында көп мөлшерде кезігетін органикалық

заттарды анықтаңыз.


3. тапсырма Лабораториялық жұмыс

(топтық жұмыс) «Тамақ өнімдерінің құрамында көмірсулар, нәруыздар және майларды зерттеу»

Жұмыс барысы:

Әрбір азық-түлік өнімдерінің құрамындағы заттарды анықтау:

  • крахмал – йодтың 1-2 тамшысын кесілген картоп пен күріш үстіне тамызамыз да, бақылаймыз. Нәтижесінде не пайда болғанын көріңіздер.

  • липид (майлы заттар )– 2мл этил спиртіне күнбағыстың дәндерін ұсатып, салыңыздар. Қисайтып тұрып, шайқау. Алынған қоспаны ішінде 2 мл суы бар сынауыққа құйып, араластырыңыздар. Нәтижесінде не пайда болғанын көріңіздер.

  • нәруыз – 2 мл құстың жұмыртқасының ерітіндісіне 1 мл Биурет ерітіндісін құйыңыздар. Енді бақылаңыз.


Жұмыс нәтижесі:

Крахмал- қара-көк түс пайда болады.

Липид- лайлы сұйықтық көрінсе, липидтердің бар екендігін дәлелдейді.

Нәруыз - ерітіндінің сия- көк түске айналуы байқалады.

Қорытынды жасаңыздар ___________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор.

- нәруыз, май, көмірсу терминдеріне түсінік береді;

- азық-түлік құрамында кезігетін органикалық заттарды анықтайды;

- органикалық заттарды анықтауға жүргізілетін сапалық реакция

нәтижесін сипаттап, қорытынды жасай алады.

АКТ,Флипчарт, маркер,

стикерлер





























Тапсырмалар жинағы,үлестірме қағаздар,кестелер





















Йод ерітіндісі,этил спирті,күнбағыс дәндері















Биурет ерітіндісі



















Сабақтың соңы

5 мин.

ІІІ.Қорытынды

Кері байланыс. Сабақ мақсаты мен критерийлеріне оралып, кері байланыс жүргізу.

«Төрт себеп» әдісі арқылы кері байланыс аламын.

Мен түсіндім, себебі_______________________

Мен түсінбедім, себебі_____________________

Мен тәжірибемде қолданамын, себебі___________________________________

Мен тәжірибемде қолданбаймын, себебі___________________________________

Кері байланыс парағы.



Қосымша ақпарат


Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақта барлық оқушыларға қолдау көрсету, тапсырмалар жеңілінен күрделіге қарай ауысып отырады.

Оқушылардың мүмкіндіктерімен қабілеттерін ескере отырып,саралау тапсырмалары құрастырылды.

Қабілетті оқушыларға қосымша ақпаратты пайдалана отырып тереңдетілген тапсырмаларды ұсыну жоспарланды.

Өзін – өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы.


Тәсілдердің түрлілігі және шаршауды басу үшін оқушылардың бір-бірімен әңгімелесуі.

Дене сымбаты бойынша нұсқаулықтар.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
1967
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі